205
.
Өнімнің өмірлік циклы және өнімнің өнімділігі барлық қойылған
талаптарға сай болу талаптары.
Бұндай жоспарлаудың нәтижесі кәсіпорынның практикасының фор-
масына сай болуы тиіс.
Құжаттарға қойылатын талаптар
Құжаттар жасалған іс-әрекеттің нәтижесін көрсетеді. Оның
қолданылуы келесілермен көрінеді:
.
Тұтынушының талаптарына сәйкес болу және сапаны жақ-
сарту;
.
Кадрларды дайындаудағы
қажеттіліктерді қанағаттандыру;
.
Қайталану және дағдылану;
.
Объективті
куәліктерді қамсыздандыру;
.
Тиімділікті бағалау және сапа менеджмент жүйесіне тәуелділік.
Құжаттарды дайындау іс-әрекетке көмек ретінде болуы керек. Сапа
менеджмент жүйесінде келесі құжаттарды қолданады:
.
Сапа менеджмент жүйесін таныстыратын құжат;
.
Сапа менеджмент жүйесінің белгілі бір өнімге қолданылуы ту-
ралы құжат;
.
Талап
қоятын құжаттар;
.
Ұсыныстар мен әдістемелер жазылатын құжаттар;
.
Үдерістің орындалғаны
туралы хабар беретін құжаттар;
Әр кәсіпорын өз құжаттарын өздері тағайындайды. Ол кәсіпорынның
түрі мен аумағына байланысты.
6.5.2. Жауапкершілік, уәкілеттілік және ақпарат алмасу
Басшыларға сапа жүйесінің тиімділігі мен жұмысының нәтижелі-
лігін енгізу үшін жұмысшыларға жауапкершілік пен уәкілеттілікті
қамтамасыз етуі тиіс. Жұмысшы уәкілетті бола отырып сапа саласындағы
мақсаттарға жетуде,
сонымен бірге, өзіне жүктелген шешімдерге
жауапкершілікпен қарауға міндетті. Берілген жауапкершіліктерден
бөлек, басқа да іс-әрекеттерге жауапты басшылардан өкіл тағайындалады.
Оған келесі міндеттер жүктеледі:
Достарыңызбен бөлісу: