206
сұрақтар қамтамасыз етіледі. Бұндай ақпаратты алу ұйымның іс-
әрекетін жақсартуға және сапа саласындағы мақсаттарға жетуде
жұмысшылардың қызығушылығын артыруға көмектеседі. Басшылар
кері байланысты жаңғыртып және ұйым жұмысшыларынан қажетті
ақпараттарды алуы тиіс.
Ақпарат алмасу келесілерден тұрады:
.
Жұмыс аумағында басшылар жүргізген іс-әрекеттерді ақпарат-
тандыру;
.
Топты брифингтер және басқа да жиналыстар – мысалы,
қойылған мақсатқа жету туралы;
.
Ішкі үдерістегі хабарламаларды қолдану;
.
Электронды құралдар.
6.5.3. Жоспарлау
Стратегиялық жоспарлау және сапа саласындағы саясат ұйымға
сапа саласындағы мақсаттардың негізін қалауды қамтамасыз етеді. Бас-
шылар ұйым жұмысын жақсартуға арналған мақсаттарды өңдеуі тиіс.
Басшылар жүргізген талдаудың тиімділі мен нәтижесін анықтау үшін
мақсаттарды өлшеп отыру керек.
Осы мақсаттарды жасау барысында келесілерді ескерген жөн:
.
Ұйымның келешектегі және қазіргі кездегі қажеттіліктерін және
нарықтағы қызметін;
.
Басшылар жағынан сәйкес талдауларды;
.
Өнімнің нақты мінездемесін және көрсеткіштерін;
.
Қызығушылық танытқан жақтардың қанағаттандыру деңгейі;
.
Өзін-өзі бағалау нәтижесі;
Достарыңызбен бөлісу: