182
Объективті құрастырылған іріктеме
бас жиынды толық си-
паттайды деп саналады. Алайда іріктемелік көрсеткіштердің
бас жиынның сипаттамаларына толық сəйкес келмеуін тұрақты
қағида ретінде түсіну керек. Осыған орай арифметикалық ортаның
жəне т.б. шамаларының мəнінде тұрақты
статистикалық қателік
байқалады, сондықтан оның дəрежесін есептеу қажеттілігі туа-
ды.
Статистикалық қате
(s
x
) деп іріктемені бас жиыннан
құрастырғанда пайда болатын қатені түсінеді, мұндай қате əр кезде
байқалады өйткені іріктеме көлемі бойынша бас жиыннан əр кез-
де аз болады. Статистикалық қате жоғарылаған
жағдайда көрсеткіш
мəні сенімсіз болуы мүмкін. Осыған байланысты қателіктің салыс-
тырмалы мөлшерін білу үшін жəне сол арқылы арифметикалық
орта көрсеткішінің сенімділігін бағалау үшін сенімділік өлшемін
есептейді. Есептелген сенімділік өлшемінің мəні
өзінің кестелік
мəнімен салыстырылады (22-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: