226
АВО – қан топтарының жүйесін 1900 жылы Ландштейнер
ашқан. 1911 жылы Ван Дунгерн жəне Гришфельд қан топтарының
тұқым қуалайтынын нақтылай түсті. Бұл деректер Мендель
заңдарын адамға, адамдағы белгілердің тұқым қуалайтындығына
қолдануға болатындығын дəлеледеді. 1924 жылы Бренштейн АВО
қан топтарының жүйесі адамдағы бір локуста орналасқан көптеген
аллельдер арқылы бақыланатынын анықтады.
Генотипі І
О
І
О
болып келетін адамның қаны бірінші топқа,
генотиптері І
А
І
А
немесе І
А
І
О
екінші, І
В
І
В
немесе І
В
І
О
үшінші, І
А
І
В
төртінші топқа жатады.
I топ генотипі жағынан О гені бойынша рецессивті гомозигота,
ІІ ші топ генотипі жағынан А жəне О гендері бойьшша гетеро
немесе гомозиготалы,
ІІІ топ генотипі жағынан В жəне О гендері бойынша гетеро не-
месе гомозигота,
IV А жəне В гендері бойынша домиантты гетерозигота.
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін
адамды – донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды
– реципиент (латынша «recepiens» – қабылдаушы) дейді. Қаны I топқа
жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-
300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II жəне IV топқа
береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін
тек IV топқа құюға болады. Егер қан топтары сəйкес келмесе, эритро-
циттер желімденіп қалады да, аяғы сəтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде
қан құюда тек өз тобына сəйкес қан құйылады.
Қан топтарының тұқым қуалауын білудің үлкен тəжірибелік
маңызы бар. Мысалы, қан құю мəселесінде бірінші топқа жата-
тын қанды барлық адамдарға құюға болады, қанның екінші тобын
тек екінші жəне төртінші топқа, үшінші топқа жататын қанды тек
үшінші жəне төртінші топқа, ал төртінші топқа жататын қанды, тек
төртінші топтағы қаны бар адамға құюға болады (10-cурет).
Достарыңызбен бөлісу: