228
анасы арқылы өткен антигендер көбейе бастайды. Бұл табиғи іш
тастауға, өлі тууға, тірі туылған жағдайда баланың ой-өрісі кем
болуға əкеледі. Баланы аман сақтап қалу үшін стерильді жағдайда
кіндік артериясы арқылы баланың денесіндегі қанды алып, ал кіндік
венасы арқылы донорлық қан құяды.
Сонымен генетиканың тұқым қуалау заңдарын білу, мұндай
мəселенің алдын ала жоспарлауға жəне (rһ-) анадан туған (RҺ+)
баланың қанын толық ауыстыруға жағдай жасауға мүмкіндік туды-
рады.
Ландштейнер мен Янскийдің 1900 жылғы зерттеулері арқылы
адам қанының эритроциттерінде аглютиногендер, яғни «желім деу-
ші» деп аталатын заттар болатыны анықталды.
Аглютиногендерді латын əріптерімен А,В деп белгілейді.
Аглютининдерді гректің α,β əріптерімен белгілейді. А аглютиногені
α аглютининмен жеткілікті мөлшердегі концентрацияда кездессе
болды эритроциттер желімденеді (25-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: