155
Бұрылыс радиусы кіші тұста еңкіштік шектік шаманы жеңіл-
детеді, яғни азайтады. Темір жолдарда бұл еңкіштікті жеңілдету
мыңдық есесі формуламен есептеледі
Δi =
R
700
. (128)
Мысалы,
басқарушы еңкіштігі кезінде
i
р
= 20‰, бұрылыстағы
ең үлкен шектік еңкіштік
R
= 700 м, сонда
Δi =
i
р
- Δi = 20 -
700
700
= 19 ‰.
Станциялар, разъездер жəне үлкен
жол парктері салынатын
алаңдар қатаң ереже ретінде тегіс, жазық жерлерден таңдап алы-
нады, тек қана қиын, мүмкіндігі шектеулі тұстарда ғана жоғарыда
айтылған құрылымдарды салу үшін еңкіштігі 2,5 ‰ аспайтын, бір
жаққа бағытталған, бұрылу радиусы магистральды жолдар үшін
1000 метрден, ал жергілікті жолдарда 600 м кем емес алаңдар
таңдап алынады.
Ізденіс кезінде атқарылатын жұмыстар
. Ізденіс жұмыста-
рын жүргізу кезінде екі негізгі тапсырмаларды орындауы керек:
1. Жол бойын салу жəне
пайдалану кездерінде ыңғайлы, соны-
мен бірге оны салуда, пайдалануда ең аз шығын шығара отырып,
тиімді трасса баламасын таңдау;
2. Трассаның жəне жол бойында салынатын оның барлық
құрылымдарының жобасын жасау үшін керекті топографты-
геодезиялық, инженерлі-геологиялық, гидрогеологиялық жəне
бас қа да материалдарды, берілімдерді жинау.
Трассаның жобасын жасаудың сатыларына байланысты,
ізденіс жұмыстары
алдын ала
жəне
соңғы ізденіс жұмыстары
бо-
лып екіге бөлінеді.
Алдын ала ізденіс жұмыстары, камеральды жолмен, яғни қол-
да бар топографиялық жəне геологиялық карта немесе пландар-
ды, аэрофототүсіріс материалдарын жəне де осы маңда бұрын
істел
ген ізденіс жұмыстарының нəтижелерін пайдаланып іске
асады. Бұл ізденіс жұмыстарының негізінде, болашақ трассаның
принцпальды бағыты жəне оның негізгі техникалық өлшемде-
рі, сонымен трассаның таңдап алынған
баламасы бойынша
жуықталған жобалық шешімдері қабылданады.
156
Соңғы ізденіс жұмыстары – негізінен далалық ізденіс жұ-
мыстары, мұнда атқарылатын істер негізінде бекітілген бағыт
бойынша, үрдісті ізденіс партияларының ұжымдары жүргізеді.
Ізденіс жұмыстарының бұл сатысында істелетін жұмыстар:
1) жол бойындағы барлық жобаланбақшы құрылымдардың бір
геодезиялық жүйе бекеттеріне байланыстырылған трассаның жер
бетінде нақтылы, бекітілген орынын анықтау;
2) керекті, нақтылы материалдар мен берілімдерді жинау:
топографты-геодезиялық, инженерлі-геологиялық, гидро
геоло-
гиялық жəне де басқа материалдар.
Дайындық ізденіс жұмыстары
кезінде, алдын ала далалық
жұмыстарға шықпас бұрын осы жұмыстарға
керекті материалдар-
ды тиянақты қарап шығады. Осы материалдар негізінде болашақ
трассаның тəсімін бекеттік нүктелерінің орналасуын, тіке
жүргізілетін трасса бағытын, геодезиялық қосындар негіздерінің
орналасу жағдайларын жасайды; бұрылу тұстары төбелерінің ко-
ординаталарын жер бетіне түсіру үшін аналитикалық есептейді.
Тиянақты түрде барлық гидрометрлік, геодезиялық аспаптарды
жəне жабдықтарды тексеріп, ретке келтіріп алады.
Далалық жұмыстар
кезінде, трассаның жобасы жəне тия-
нақты жер бетін шолу арқылы бұрылыстардағы бұрыш төбе-
лерінің орналасуларын анықтайды жəне трасса бағытын сала-
ды: трасса бағытын салу, жүрістің бұрыштарын, қабырғалар
ұзындықтарын, ұзынбойлық жəне көлденең бекеттік нүктелерді
қадалау, нивелирлеу, трассаны бекіту, сонымен бірге ірі масштаб-
та жол қиылыстарын, өту жолдарын, түйісу маңдарын, күрделі
бедерлі тұстарын жəне де басқа керекті құрылымдарды түсіру.
Тиянақты далалық жұмыстар
негізінде трассаның жобасын
жасайды, бұл жоба барлық құрылымдардардың жұмыс сызбала-
ры, негіздемелері есептеулер, көлемдік жұмыс журналдары, келісу
құжаттары, геодезиялық жəне де басқа берілімдері көрсетілген
түсініктеме мəтінінен тұрады.
Трассаны бекіту
. Құрылыс салу алдында тез жəне жеңіл та-
уып алу үшін, трасса жер бетінде сенімді бекітілуі керек. Бекеттер
жəне плюстік нүктелерді қазықшалармен айналасын жыра оты-
рып, топырақпен үйіп бекітеді де,
жанына қарауыл белгі қағады
(қарауылда бекеттің реттік номері, кейбір берілімдері жазылады).
Бұрылыс бұрыштарының төбелері жəне қатар нүктелер, көлденең
157
ірі асулардың нүктелері қосымша ағаш немесе темірбетонды ба-
ғаналармен бекітіледі, сонымен бірге оларды жергілікті заттармен
байланысы көрсетілген сұлбасы жасалады.
Көпірлік өтулерді бір немесе екі ағаш бағаналармен ось бойы-
мен əр жағада бекітеді. Ағаш бағаналардың ұшар басына көпір
осін теодолитпен берілген бағытын көрсететін шеге қағып қояды.
Бұрылу бұрыштарындағы ағаш бағаналарды ішкі жағына биссек-
триса бағытымен бекітілген төбесінен 1 м жерге орнатады.
Белгілерге майлы бояумен реттік номерін,
кейбір берілімдерін
жазып қояды. Бұрыштық бағаналарға оның бұрыш төбесі жағына,
ал қатар нүктелерге олардың бекеті аз жағына жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: