13
-
табиғи орта – табиғи бейбиотикалық (табиғаттың барлық
тірі организмдерге немесе тірі организнің қатысуымен
нысандарға қатысты барлық күштері, құбылыстары, оның
заттары және кеңістігі) және биотикалық (биогендік-
биологиялық және биотикалық орталардың жиынтығы) себепкер
шарттардың өсімдіктерге, жануарларға және басқа организмдерге
қатысты және адаммен байланысына тәуелсіз жиынтығы;
-
антропогендік орта – адам өзгерткен табиғи орта, ал оған
«квазитабиғи
орта»
(өңделген
ландшафттар,
агро-
қауымдастықтар және ортаны өздігінен қолдауға қабілетсіз
кейбір басқа нысандар) және «артетабиғи орта» (табиғи
элементтермен – топырақпен, өсімдіктермен, ауамен және
басқалармен қосылған жасанды құрылыстар ) кіреді;
-
адамның қоршаған ортасы – «квазитабиғи ортамен» және
«артетабиғи ортамен» қосылған бейбиотикалық, биотикалық
және әлеуметтік себепкер
шарттардың жиынтығы;
-
өмір сүру ортасы – табиғи ортаның тірі организмдерді
қоршап жатқан және олардың әрекеттесетін бөлігі;
-
өмір сүру жағдайлары – ортаның организмдерге қажетті,
олар ажырамас бірлікте болатын және оларсыз өмір сүре
алмайтын элементтерінің жиынтығы.
Организмдердің ортаға ыңғайланулары бейімделу деп
аталады. Бейімделуге қабілеттілік – организмдердің өмір сүру,
тірі қалу және көбею мүмкіндігін қамтамасыз ететін негізгі
қасиеттерінің бірі. Бейімделу жасушалардың биохимиясы мен
жекелеген организмдердің жүріс-тұрысынан бастап биологиялық
қауымдастықтар мен экологиялық жүйелердің құрылуы мен өмір
сүруіне дейінгі әртүрлі деңгейлерде көрінеді. Организмдердің
әртүрлі жағдайларда өмір сүруге бейімделуі миллиондаған
жылдар бойы жүрді. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың
әр географиялық белдемдерге тән топтары қалыптасты.
Ортаның организмдерге әсер ететін жекелеген қасиеттері
немесе элементтері экологиялық себепкер шарттар деп аталады
(1-
кесте).
Сан-алуан экологиялық себепкер шарттар
бейбиотикалық
және биотикалық
топтарға бөлінеді.
Бейбиотикалық себепкер шарттар
–
бейорганикалық
ортаның организмдерге әсерлерінің кешені.
14
Биотикалық себепкер шарттардың
–
бір организмдердің
өмірінің басқа организмдерге әсерлерінің жиынтығы. Кейбір
жағдайларда антропогендік себепкер шарттарды олардың ерекше
әсеріне мән бере отырып, дербес топқа бөліп қарастырады.
1-
кесте.
Достарыңызбен бөлісу: