–
105
–
Есеналиева Жанар
функциялық жағынан біртектес, ал формалық жағынан әртектес
болып келетін элементтердің (тұлғалардың) жиынтығы, тобы.
Олар тік (вертикаль) бағытта байланысқа түседі. Мысалы,
фонемалар
парадигмасы,
морфемалар парадигмасы, т.б.
Бір-бірімен синтагматикалық байланысқа келе алатын
элементтердің барлығы да парадигматикалық топ құрай алады.
Ал өзара синтагматикалық қатынасқа келе алмайтын әртектес
элементтер бір парадигматикалық топ құра алмайды. Мысалы,
тілдегі барлық сөздер (лексика) қосымшаларымен (морфология)
бірігіп бір парадигма құрамына ене алмайды. Мұндай әртектес
элементтер иерархиялық қатынасқа түсе алады.
Ендеше иерархиялық қатынас деп – парадигматикалық
топтың (мысалы, дыбыс, морфема) өзінен гөрі ірірек,
күрделірек парадигматикалық топтың (мысалы, сөз, сөйлем)
құрамына енуін айтамыз. Мәселен, дыбыстар морфемалар
құрамына, морфемалар сөз құрамына, сөз сөйлем құрамына
енеді. Бұлардың әрқайсысы - өз алдарына бөлек-бөлек, бірінен-
бір жоғарғы топтар. Иерархиялық қатынасқа мүше болатындар
да осылар. Олар - әртектес элементтер. Сондықтан оларды
кейде тілдік қабаттар немесе деңгейлер болмаса, құрылымдық
элементтер деп атауға болады /Б.Қалиев , 2004. /.
Парадигматикалық және синтагматикалық фонемалар
арасында байланыс бар екенін атап өткен жөн. Фонемалар
тіркесуінің шектелуі фонемалар парадигмасына тікелей әсер
етеді. Олардың қарама-қайшылықтарының мүмкіндіктері
мен шектеулерін анықтайды. В.В.Ивановтың: «Синтагматика
порождает парадигматику», - деген ой қорытындысы
жоғарыдағы пікірді растайды /В.Иванов, 1972./.
Кейбір
ғалымдар
синтагматикалық
талдау
парадигматикалықтан бірінші келеді деп тұжырымдайды
/В.А.Шаброва, 1976./. Алайда, зерттеуші тілді сипаттап,
зерттегенде синтагматикалық әрі парадигматикалық талдауды
бірге қарастыру керектігін атап өту қажет. Осыған орай
мынадай сұрақ туындайды: Зерттеуді неден бастаған дұрыс,
синтагматикадан ба, әлде парадигматикадан ба? Бұл мәселе әр
–
106
–
Салғастырмалы тіл білімі
кез әртүрлі шешіліп келген. Оның себебі зертеудің мақсатымен
ғана емес, тілдің зерттелуі мен меңгерілуі дәрежесіне де
байланысты болды.
Тілдік жүйе тілдің синхронды жағдайға сай өзгермейді.
Қандай да болмасын тілдің бір синхронды бөлшегінде /срез
/ әрдайым бір ғана тілдік жүйе болады. Ал типологияда ол
өзгеше. Тілдік бірлік пен ереже бір-біріне сай келмесе тілдік
жүйе сараланады: егер берілген тілдің мәтінінде бір жүйеге
сыймайтын тілдік бірліктер мен ережелер кездессе, ол тілде екі
немесе одан да көп тілдік жүйе болуы ықтимал. Жапонияның
кей жерлерінде g және b фонемалары жіктеледі. Мысалы
сингу -
«төсек орын жабдықтары» деген ұғымды, ал
сингуру
-
«пиджак» ұғымын береді. Ал басқаларында ол фонемалар
жіктелмейді, екі сөз де бір дыбыс арқылы айтылады.
Тілдік жүйе негізінен өзгермейді, бірақ тілдік жүйе
өмір сүретін тіл өзгеруі мүмкін. Тілдің өзгеруі дегеніміз -
тілдік жүйенің бір вариантының сол тілдік жүйенің екінші
вариантымен ауысуы.
Тілдік жүйенің үлгі-қалпы бойынша пайда болған жаңа
сөздер, кірме сөздер тілдік жүйені тек қана сан жағынан
көбейтсе, онда ол осы тілдік жүйенің бір варианты болып
саналады. Ал тілде сөзжасам моделі өзгерсе немесе кірме
сөздердің көптігінен жаңа фонема пайда болса, онда ол тілде
жаңа тілдік жүйенің пайда болғаны.
Типология барлық табиғи тілдерді қамтып, ол тілдердің
Достарыңызбен бөлісу: