Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысудың жаңа формасы, біздің тəжірибеге 1990 жылы енгізілген
Àóäàðóøû (ò¼ëåóøi)
Áåíåôèèöàð
Áåíåôèöèàð áàíêi
Àóäàðóøûíû»
áàíêi
57
болатын. Мұнда төлем талабы жəне төлем тапсырмасының элементтері қатар
қамтылған.
Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет
көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар
жəне көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары
негізінде төлеу талабы.
Төлем
талап-тапсырмасын
берефициар
толтырады
да,
оны
коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді.
Аударушының банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал
аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы
банкке келісімін беруге тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі
аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады.
Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында N 1
картотекаға орналастырылуы мүмкін.
Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны
осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы
жөнелту құжаттарымен жəне төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен
бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша
есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі (3- сурет):
1
2
6 3 4
5
3-сурет. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат
айналымы
1- тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2- төлем талап-
тапсырмасын аударушының банкіне жібер; 3 – есеп айырысу құжаттары
аударушыға келісім беруі үшін беріледі; 4 – төлеуге келісім берген есеп
айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып
алушының шотынан шегеріледі; 5- бенефициардың банкіне қаражат
аударылып, онда бенефициардың шотына есепке алынады; 6 –
бенефициардың шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды.
Төлем
талап-тапсырмасымен
есеп
айырысудың
мынадай
артықшылықтары бар: келісім-шарт тəртібінің нығаюына мүмкіндік береді
жəне құжат айналымын жылдамдатады.
Àóäàðóøû
Áåíåôèöèàð
Áåíåôèöèàðäû» áàíêi
Àóäàðóøûíû»
áàíêi
58
Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны
жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін
пайдаланылытын төлем құжаты.
Инкассалық өкім салық жəне кеден органдарына төленбеген төлемдерді,
сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету
жағдайында қолданылады. Мұндағы салық жəне кеден органдарының
инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы,
қарары жəне қаулысы бойынша берілетін орандау парағымен берге жүреді.
Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының
банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық
актіге сілтеме көрсетіледі.
Салық жəне кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы
аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат
көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне “жартылай
төленді” деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне
қарай төленеді. Тек қана соттың шешімен келетін инкассалық өкімдер шотта
қаражат соамсы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол
шоттағы қаражат қозғалысына тиым саланды. Мұндай төлем құжаттары
басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.
Чекпен есеп айырысу. ×екті есеп айырысу барысында төлем құралы
ретінде заңды жəне жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп
айырысудың қолайлылығы мынада:
• егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал
жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
• сатушы белгісіз болған жағдайда.
Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР
Ұлттық банкі Басқармасының бекіткен N 266 қаулыға сəйкес жүзеге асады.
Аталған ережеге сəйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:
• Кепілденген чек - чек берушінің банкіндегі шотыныдағы
қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге
қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.
• Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі
көрсетілмеген чек;
• Қамтамасыз етілген чек – банкке алдын ала салған депозитпен
қамтамасыз етілген чек;
• Қамтамасыз етілмеген чек – депозитпен қамтамасыз етілген чек.
Ережеге сəйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке,
өзара жасалға келісім-шарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті
ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.
Чектің өзіне тəн төмендегідей көрсеткіштері болады:
1) “чек” деген атауы;
2) чек номері мен сериясы;
3) чектің қызмет ету мерзімі;
59
4) чек берушінің аты-жөні;
5) чек берушінің СТТН-і;
6) Санмен жəне жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы,
чек берген жері жəне чек берушінің қолы мен мөрі;
7) чек ұстаушының аты-жөні;
8) чек ұстаушының СТТН-і;
9) чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;
10) чек беруші банктің жеке банктік коды;
11) “Бұйрық бойынша төлеңіз” кестесі;
12) “Төлемнің тағайындалу” кестесі;
13) Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі
соғатын орыны;
Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру жəне қолма-қол ақшал
алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айрысу тек қана ұлттық
валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің
түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген
формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер
өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық
банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. ×екті пайдалану банктен
алатын чектік кітапша негізінде іске асады. ×ек алу үшін шот иесі банкке
чектік кітапша алуға өтінішін жасайды.
Чектің қызмет ету мерзімі тотырылған күнді есептемегенде он күнді
құрайды.
Чек бойынша бір банкте есеп айырысудың тəртібі сызбамен берілген (4-
сурет).
3
4
5 1 2
4- сурет. Чекпен есеп айырысу сызбасы.
1- төлеуші банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған
қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша береді
жəне төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 –
бенефициар тауарын жөнелтеді немесе қызмет көрсетеді; 4 – тауарлар
мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5- бенефициар чекті банкке
Ò¼ëåóøi
Áåíåôèöèàð
ÁÀÍÊ
60
көрсетеді, ал банк сатып алушының шотынан чектегі соманы шегеріп оны
бенефициар шотына түсіреді.
• Вексельде қолма-қолсыз есеп айырысу бір формасының жатады.
Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. Есеп айырысу
барысында пайдаланылатын вексельдің түрлеріне І тақырыпта тоқталғанбыз.
Енді жай жəне аудармалы вексельдің айналысы процесіне мəн берелік.
Ол көрініс 5-шы жəне 6-ші суретте берілген.
1
2
3
4
5-сурет. Жай вексельдің айналыс процесі
1 - сатып алушы (вексель беруші) вексельді тауарды (қызметті)
сатушыға ұсынады; 2 - сатушы (вексель ұстаушы) сатып алушыға
(тапсырыс берушіге) тауарын, өнімін жөнелтеді, жұмысын атқарады,
қызметін көрсетеді; 3 – сатушы вексельде көрсетілген, яғни төлейтін
мерзім жеткенде вексельдегі қарызды төлеуге төлеушіге ұсынады; 4 –
сатып алушы (төлеуші) вексельді төлейді.
1
2
3 5
4
6-сурет. Аудармалы вексельдің айналыс процесі
1- вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) тауарын жəне
оған қоса аудармалы вексельді (траттаны) жөнелтеді; 2 – төлеуші
(трассант) акцептелген вексельді вексель берушіге (трассантқа)
қайтарады; 3 – вексель беруші (трассант) акцептелген вексельді
ремитентке (аудармалы вексель бойынша қаражатты алушыға) жібереді;
4- вексельде келісілген төлем мерзімінде ремитент вексельді трассатқа
Âåêñåëü áåðóøi
(ñàòûï àëóøû,
ò¼ëåóøi)
Âåêñåëü ½ñòàóøû
(ñàòóøû, ò¼ëåìäi
àëóøû)
Òðàññàò
(ò¼ëåóøi)
Ðåìèòåíò
(ºàðàæàò àëóøû)
Òðàññàíò
(âåêñåëü áåðóøi)
61
төлеуге ұсынады; 5 – трассат вексельді төлейді жəне сонымен бірге
вексельдің келесі бетінде төлегені туралы белгісін салады.
3.4. Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі
Шаруашылықтағы
өнімді
жабдықтаушылар
мен
тұтынушылар
арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы
барысында банктер арасында өзара есеп айырысулар туындайды.
Банкаралық есеп айырысулар, егерде төлеуші мен қаражатты алушы əр
түрлі банкте қызмет көрсетілген жағдайда туындайды. Мұндай есеп
айырысулар бүгінгі күні корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге
асырылады.
Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес
коммерциялық банктердің құрылып, жұмыс жасауына байланысты
банкаралық есеп айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс
банктер арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге əкелді.
Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп
айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі варианты бар:
І варианты – орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктердің
бір-бірімен корреспонденттік қатынас орнатуы негізіндегі;
ІІ варианты – орталықтандырылған, яғни комерциялық банктер
арасындағы есеп айырысулар Ұлттық банктегі, яғни Қазақстан Банкаралық
есеп айрысу орталығында ашылған корреспонденттік шоттары негізінде
жүргізіледі.
Корреспонденттік шот – бұл коммерциялық банктердің өзара есеп
айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде жəне банктердің
бір-бірінде ашатын шоты.
Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары жəне оның
клиенттерінің несиелік, есеп айырысу жəне кассалық қызмет көрсетуіне
байланысты операциялары көрсетіледі. Мұндай операцияларға:
•
банк клиентерінің ақшалай қаражаттарына аудару жəне есептеу;
•
банк клиентерінің бюджетпен, зейнетақы қорларымен жəне басқа
ұйымдармен есеп айырысулар;
•
клиенттерге қолма-қол ақша беру жəне қабылдау;
•
банкаралық займдар жəне депозиттер, бағалы қағаздар;
•
ҰБ-пен кассалық операциялар;
•
берілген несиелер үшін алынған пайыздар жəне басқа табыстар;
•
депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу;
•
банктің өзінің бюджетке төлемдері (салық);
•
банктің басқару апаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар т.б.
жатады.
62
Корреспонденттік шотты ашу үшін банктер мынадай құжаттарды
Ұлттық банкке табыс етеді:
•
корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;
•
банк жарғысының көшірмесі;
•
Банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның
көшірмесі;
•
қолдары мен мөрінің үлгісі бар карточка (нотариуспен
куəландырылған).
Бақылау сұрақтары:
1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидаларын ата
?
2. Қолма қолсыз есеп айырысу құжаттарына нелер жатады
?
3. Банктік шот ашу тəртібі қандай
?
4. Төлемдердің
тағайындалуының
бірдей
классификаторының
құрылымы неден тұрады
?
5. Экономика секторларының кодын ата
?
6. Төлемнің тағайындалу кодын қалай түсінесіз
?
7. Банкаралық есеп айырысу деген нені білдіреді
?
8. Корреспонденттік шотты ашу үшін не қажет
?
Ұсынылатын əдебиеттер
1. “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңы 29.06.1998 ж.
2. “Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану
жəне қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге
асыру ережесі” ҚР Ұлттық банк Басқармасының N 179 қаулысы.
25.04.2000ж.
3. “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік
шоттарын ашу, жүргізу жəне жабу тəртібі туралы нұсқаулық” ҚР
Ұлттық банк Басқармасының N 266 қаулысы 02.06.2000ж.
4. “Қазақстан Республикасыныңың Мемлекеттік классификаторы -
төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалу
ережесі ” ҚР Ұлттық банктің Басқармасының N388 қаулысы.
15.11.1999 ж.
5. Банковское дело Под ред. Г.С. Сейткасымова. Алматы “Қаржы-
қаражат” 1998.
6. Деньги, кредит, банки Под ред. О.И. Лаврушина. Москва “Финансы и
стататистика” 1999.
4-тақырып. Несие
63
4.1. Несие мəні жəне қажеттігі
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субъектілерімен
қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір
қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас
кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған
деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне
ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің əртүрлі ұғымды
білдіріп, əртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз
емес, несие – бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берілуін жəне уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы –
сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация,
субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу жəне қайтару шартында уақытша
пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік
қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды жəне жеке тұлғалардың
уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде
жинақтала отырып, уақытша жəне ақылы негізде пайдалануға берілетін
ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл
банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың əр түрлі формаларының болуын жəне сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда –
бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кəсіпорындар, ұйымдар жəне
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру жəне оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мəміле бойынша несиелік
қатынастар субъектісіне қарыз беруші жəне қарыз алушы жатады.
64
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып
табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет,
шарушылық субъектілері жəне халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы жəне оны қайтаруға міндетті,
несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор жəне қарыз алушы бір бірімен
жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері əртүрлі. Мысалға,
кəсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға
т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да
несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық
қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды.
Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа
деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші жəне қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының
элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше
бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
4.2. Несиенің қызметтері
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде
төмендегідей қызметтерді атқарады:
• қайта бөлу;
• айналыс шығындарын үнемдеу;
• айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• капиталдың шоғырлануын жеделдету
• ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі əкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар
мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық
механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы
несиенің экономикалық мəнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі
ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын
алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті
туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың
барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің
орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын
қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік
жасайды.
65
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың
орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай
орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде
тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша
орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл
қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар
көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша
айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жəне
төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты
дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді
шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда
алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету қызметі ғылыми-
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.
Сондықтан
да,
несиенің
көмегінсіз
көптеген
ғылыми-зерттеу
орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары)
жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми
технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады.
Себебі, ондай шығындар бастапқыда кəсіпорынның қаражатымен, оның
ішінде
орта
жəне
ұзақ
мерзімді
банктің
несиелері
есебінен
қаржыландырылады.
4.3. Несиенің формалары, олардың жіктелуі
Несиенің формалары, оның құрылымымен жəне белгілі бір дəрежеде
несиелік қатынастардың мəнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің яғни, əр алуан сыртқы жəне ішкі өзгерістер
барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы жəне ақшалай. Мұндағы тауар
түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені –
банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі формасыың тəжірибеде қолдануынан
туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға
берген тауарын білдіреді.
66
Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің
бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету,
сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да жəне оны берушілер ретінде кəсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды.
Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген
соманы уақытында төлейтіндігін куəландыратын арнайы қарыздық
міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
• қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• қарыз капиталы өнеркəсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мəміленің заңи
түрде рəсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының
құнына қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк жəне арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кəсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық жəне банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне əр түрлі несиелер береді.
Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркəсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
67
• кооперативтерге;
• жеке кəсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3 –5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалуы жəне пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дəрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
• кепіл-хатпен,
• кепілдемемен;
• кепілдікпен
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік)несиесі.
V. Қайтарылу дəрежесіне қарай:
1) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмəн жоқ несиелер;
2) Күмəнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған жəне банк үшін тəуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне
9
сəйкес, күмəнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-
санатты күмəнді, 2-санатты күмəнді, 3-санатты күмəнді, 4-санатты күмəнді,
5-санатты күмəнді.
Достарыңызбен бөлісу: |