Калиймен натрий дала шпаттарының ортоклаз, микроклин, альбит құрамында бұзылу нəтижесінде минералды қышқылдардың тұздарын құрайды. Бұл тұздар суда жақсы ериді. Калий – өсімдіктердің қоректік элемменттерінің бірі. Оның топырақтағы мөлшері 2 – 3%. Na2O мөлшері 1 – 3%. Натрийдің жылжымалы түрі топырақта жоғары болса, ол физикалық жəне химиялық жағынан қолайсыз қасиеттер туғызады.
Титанкөбінесе алғашқыда үгілуге аз берілетін минералдың құрамына жатады (ильменит, рутид, сфен) TiO2 мөлшері топырақта көп болмайды.
Марганецтің топырақтағы мөлшері өте аз. Пиролюзит, баунит, оливин сияқты микроэлементтер өсімдіктердің өсуі мен сапалы да- муына өте қажет. Бұл тақырыпқа əріректе тоқталмақпыз.
Күкірт өсімдіктердің немесе жануарлардың қалдықтарынан түзілген органикалық заттардың құрамында болады. Пирит ми-
нерал түрінде кездеседі: Fe2S. Топырақта SiO3 мөлшері пайыздың 1/10 бөлігінен аспайды. Кейбір сульфатты тұздар топырақта көп болуы мүскін. Егерде күкірттің топырақта жылжымалы түрі мол болса, оның себебін осы төңіректе ластаушы өндіріс орындарынан іздестірген жөн.