Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Сілтілі жəне қышқыл топырақтарды жақсарту жолдары Топырақ



бет73/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Сілтілі жəне қышқыл топырақтарды жақсарту жолдары Топырақ реакциясы топырақтың қышқылдығы немесе

сілтілігі. Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның құрамындағы сутек
+) жəне гидроксил (ОН-) иондарының арақатынасына байланысты. Ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын рН символымен өрнектеп, олардың концентрациясының теріс логарифмін белгілейді. Топырақ реакциясы. Құрамында түрлі қышқыл басым болуына байланысты топырақ реакциясы қышқылды не сілтілі болып келеді. Өте қышқылды не сілтілі топырақтарда өсімдіктер жақсы өспейді, тіпті, өліп қалады. Өсімдік дұрыс өніп-өсуі үшін топырақ реакция- сы орташа болуы керек. Топырақ реакциясы оның қандай заттар- ды көбірек сіңіргендігіне байланысты болады. Əдетте, қышқыл топырақтарда сіңірілген сутегі жəне алюминий көп болады. Топырақ реакциясы бейтарап болуы үшін онда кальций элементінің тұздары
көп болуы шарт.
Табиғи жағдайда топырақ реакциясы 3-тен 9-ға дейін құбылады, ол рН- деп белгіленеді. Ол төмендегідей:
РН 3- 4 өте қышқыл;
РН 4-5 қышқыл;
РН 5- 6 азғана қышқыл;
РН 6-7 бейтарап; РН 7-8 сəл сілтілі; РН 8-9 сілтілі.
Топырақ ерітіндісінің қышқылдылығына ондағы бос органикалық қышқылдар немесе олардың тұздары себеп болады. Топырақ қышқылдығы актуалдық жəне потенциалдық болып екіге бөлінеді. Оның бірінші түрі топырақтағы бос сутегі (ІІ) ионының концентра- циясына, ал екінші топырақтың коллоид бөлімі сіңірген берік сутегі
иондарына байланысты болады. Реакциясы өте қышқылды, не өте сілтілі болып келетін топырақтарда егілетін дақылдардан мол өнім алу үшін түрлі өңдеу (мелиорациялау) жұмыстарын жүргізеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

      1. Топырақтың табиғи радиоактивтігі көбінесе, ауыр металдардың реттік нөмірі немен байланысты болады?

      2. Антропогендік жағдайдан пайда болған радиоактивтік ядролы жарылыстар.

      3. Топырақтағы радиоактивтік элементтердің мөлшеріне əсер ететін жағдайлар.

      4. Топырақ түзуші тау жыныстарындағы радиоизотоптардың мөлшерлері.

      5. Топырақтың сіңіру қасиеттерін қалыптастыруда негізгі орын алатын не?

      6. Топырақтың сіңіру қасиеті дегеніміз не?

      7. Академик К. К. Гедройцтың тұжырымдамасында топырақтың сіңіру қасиеті деп нені айтты?

      8. 1933 жылы К. К. Гедройц топырақты сіңіру қасиетіне қарай неше түрге бөлді?

      9. Топырақтың механикалық сіңіру қасиеті дегеніміз не?

      10. Топырақтың физикалық-химиялық сіңіру қасиеті дегеніміз не?

      11. Топырақтың химиялық сіңіру қасиеті дегеніміз не?

      12. Топырақтың биологиялық сіңіруі қасиеті дегеніміз не?

      13. Топырақтың сіңіру қасиетінің құрамына əсері?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет