Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет24/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
Акмеология


238
239
тамаларды жəне шығармашылық іс-əрекет қабілеттерін айқындауға 
бағытталады  (Д.  Б.  Богоявленская,  Д.  Н.  Завалишина,  А.  Ю.  Ко-
зырева, И.М. Розет жəне т.б.).
Шығармашылық психологиясында креативтілік мəселесін терең 
зерттеумен қатар, бұл кəсіби акмеология саласындағы жетістіктер-
дің  салыстырмалы  түрде  қарапайым  болатынын  атап  өту  қажет. 
Сонымен бірге, бұл зерттеулер эксперименттік мəліметтермен жəне 
оларды  жалпылаумен  жеткілікті  бекітілмеген,  оларсыз  маманның 
шығармашылық  кемелдігін  қалыптастырудың  психологиялық 
механизмдерін жəне ерекшеліктерін тану мүмкін емес. 
Креативті  акмеологияның  инновациялық  жүйесіндегі  ересек 
тұлғаның  шығармашылық  дамуы,  маманның  шығармашылық 
кемелдігін  қалыптастыру  мақсатында,  шығармашылық  əлеуеттің 
деңгейін  жəне  сапасын,  тұлғалық  өсудің  перспективасын  тану 
үдерісінде,  психологиялық  болжауды  қоса,  тұлғалық  резервтерді 
жобалық детерминациялауға негізделген. 
Креативтілік  акмеологияның  интеграциялық,  көпдеңгейлі 
тұлғалық  категориясы  оның  құрамдастарының  диалектикалық  үш 
шамалығымен  сипатталады:  процессуалды,  нəтижелі  жəне  тұлға-
лық, ол маманның өзін-өзі маңызды ету үдерісінде шығармашылық 
кемелденуінің қайта құрушы қайнар көзі болып табылады. 
Креативтілікті  дамыту,  тұлғаның  жасампаздық  сипаттамасына 
да, білім беру, педагогикалық жəне ұйымдастырушылық жүйелердің 
тиімді  модельдеріне  де  қатысты  болады,  аталған  жүйелерде  оған 
қатысушылардың  шығармашылық  ізденіс  жəне  ынтымақтастық 
ортасы  құрылады.  Мұндай  рухани  ахуал  маманның  аса  күрделі, 
кешенді  біліктерін  қалыптастыруға  жəне  интеграциялық  біліммен 
жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, ақпаратты талдау жəне біріктірудің 
ұтымды  тəсілдерін,  кəсіби  міндеттерді  шешуде  қатысушылардың 
ойлауының  дара  тəсілдерінің  өзара  байытылуын  қамтитын 
үдерістердің коммуникативті жағын күшейту есебінен туындайды.  
Креативтілікті  дамыту,  тұлғаның  өзін-өзі  маңызды  ету  жəне 
тұлғалық,  кəсіби  жəне  рухани  шыңдарға  (акме)  жету  үдерісінде, 
маманның шығармашылық кемелдігінің қалыптасуына ықпал етеді. 
Креативті  тұлғаның  өзін-өзі  маңызды  етуінің  жоғары  деңгейінде, 
маманның  шығармашылық  кемелденуі  өмірлік  болмыстағы  аса 
тұрақты, тиімді жəне ұзақ болып табылады. 
Кəсіби акмеологияның жəне шығармашылық психологиясының 
шынайы өзара байланысы негізінде, зерттеудің негізгі пəні ретінде, 
креативті  тұлға  алынады,  психологиялық  білімнің  жаңа  саласын – 
«креативті  акмеологияны»  құрудың  перспективасы  ашылады. 
Акмеологиялық тəжірибеде рефлексивті-креативті тұрғыда шы-
ғармашылық үдерісті жанама басқару жүйесі оңтайлы болып сана-
лады.
Жоғары оқу орнында кəсіби даярлау үдерісі, кəсіби іс-əрекеттің 
дара  стилін  меңгерген,  барлық  қажетті  сапаларды  (құзыреттілік, 
креативтілік, ұтқырлық, рефлексияға дайындық жəне т.б.) меңгерген 
түлектерге  бағдарлануы  қажет.  Кəсіби  дайындықтың  акмеология-
лық  бағдары,  маманның  шығармашылық  даралығын  дамытуға 
жағдай жасауға, оның тұлғалық жəне кəсіби өсуінің перспективасын 
құруға мүмкіндік береді. 
Тұлғалық-əрекеттік  технология  үш  негізгі  өзара  байланысты 
құрылымдық  компоненттен  құралады:  білім  беру  маршруты,  білім 
беру траекториясы, жеке білім беру траекториясы. 
•  Білім  беру  маршруты  студенттің  кəсіби  дайындық  үдерісінде 
өтуі қажет жолды анықтайды. 
•  Білім  беру  траекториясы  кəсіби  құзырлылықтарды  меңгеру 
арқылы,  кəсіби-тұлғалық  даму  бағытында  осы  маршрут  бойынша 
студенттердің даму ерекшеліктерін қамтиды. 
•  Жеке  білім  беру  траекториясы,  маманның  кəсіби  қалыптасу 
үдерісін  дараландыруға,  оған  қолайлы  əлеуметтік  жəне  кəсіби 
бейімделуді  қамтамасыз  етуге,  тұлғалық  жəне  кəсіби  дамуды 
жобалауға мүмкіндік береді. 
Тұлғалық-əрекеттік технологияның икемділігі, вариативті құры-
лымдық  компоненттердің  жəне  олардың  тиімді  өзара  əрекетінің 
есебінен жүзеге асырылады. 
Акмеологияның  пəні  ретінде  кəсібиліктің  шыңдарына  жетуге,  
мамандардың шығармашылық ұзақтығына, сонымен бірге болашақ 
мамандардың  кəсібилігін  оқытудың  заңдылықтарына,  олардың  іс-
əрекетін  жетілдіруге  жəне  түзетуге  ықпал  ететін  субъективті  жəне 
объективті  факторлар  саналады.  Объективті  факторларға  алынған 
білімнің  сапасын  жатқызады.  Акмеология  адамның  кəсібиліктің 
шыңына өзі жететініне сүйенеді. 
Акмеологияның 
зерттейтін 
мəселелерінің 
бірі 
ретінде 
кəсібиліктің  жəне  шығармашылықтың  арақатынасы  алынады. 
Акмеология тұлғаның шығармашылық өркендеуінің шыңы туралы 

240
241
ғылым ретінде, келесі категорияларды айқындайды: шығармашылық 
даралық, өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі жетілдіру үдерісі, креативті 
тəжірибе өзін-өзі маңызды етудің нəтижесі ретінде. Акмеологияның 
бұл категориялары инновациялық педагогиканың базистік негіздерін 
құрайды. 
Оның негізгі категориялық бағыттарын қысқаша сипаттаймыз.
Болашақ  маманның  инновациялық  іс-əрекетін  тұлғалық  кате-
гория  ретінде,  қайта  жасаушы  үдеріс  жəне  шығармашылық  іс-
əрекеттің  нəтижесі  ретінде  түсіндіруге  болады.  Бұл  көзқарастар 
жүйесін  іс-əрекеттің  осы  түрін  акмеология  аясында  біртұтас 
зерттеуді құрылымдауға мүмкіндік береді. 
Инновациялық  іс-əрекет  креативті  парадигманың  тұлғалық, 
реттеуші-коммуникативті  жəне  нəтижелі  жүйелерін  талдауда  аса 
айқын жəне кəсіби тұрғыда ашылады. Осы тұрғыда Б. Ф. Ломов бы-
лай деп көрсетеді: «Психикалық құбылыстар жүйесі – көпдеңгейлі, 
ол иерархиялық тұрғыда құрылады. Ол алуан түрлі функционалды 
сапаларға  ие  болған  бірқатар  жүйелерді  қамтиды.  Тығыз  өзара 
байланысты,  үш  негізгі  жүйені  айқындауға  болады:  когнитивті, 
онда  таным  функциясы  жүзеге  асырылады;  реттеуші,  ол  іс-əрекет 
пен  мінез-құлықты  реттеуді  қамтамасыз  етеді;  коммуникативті,  ол 
адамның басқа адамдармен қарым-қатынас үдерісінде қалыптасады 
жəне жүзеге асырылады...». 
Жаңашыл-педагог  педагогикалық  іс-əрекетті  жүзеге  асыра 
отырып,  міндетті  түрде  креативті  үдеріске  енеді,  ол  креативті 
нəтижеде  өзекті  болады.  Бұл  нəтиже  тек  материалды  жəне  рухани 
құндылықтарда ғана емес, сонымен бірге, субъективті жəне объективті 
жаңа өнімді құру барысында, тұлғалық қайта құруда көрініс табады. 
Осыған  сүйеніп,  инновациялық  іс-əрекеттің  үшдеңгейлі  құрылым-
ды  құрайтынын  болжауға  болады,  онда  негіз  ретінде  рефлексия 
–  тұлғаның  өзіндік  ізденістік-шығармашылық  іс-əрекетін  ұғынуы; 
креативті-қайта құрушы іс-əрекет пен шығармашылық алынады. 
Инновациялық  іс-əрекеттің  құрылымын  рефлексиялау  үшін 
шығармашылықтың  жəне  кəсібиліктің  арақатынасын  қарастыру-
дың үлкен мəні болады. Кəсібиліктің жасырын қарама-қайшылығы 
болады. Бір жағынан, педагог кəсібін басқалардан айрықшалайтын 
дифференциалды  белгілер,  талаптар  жүйесіне  əкеледі,  оларды 
сақтамау  адамды  кəсібилік  имиджінен  айырады.  Екінші  жағынан, 
міндеттердің  күрделілік  деңгейі  жоғары  болған  сайын,  оның 
шеберліктің  акмеологиялық  сипаттамасына  жақын  болса,  онда 
инновациялық көрініс, нормаларды жеңуге деген ұмтылыс, «жалпы 
қабылданған»  нормалармен  сəйкес  емес,  жұмыстың  өнімдері  мен 
тəсілдерін  құру  жиі  болады.  Инновациялық  ұмтылыс  қалыпты 
нормаларға сыймайтын, шығармашылық өзін-өзі көрсетуге əкеледі. 
Жаңашыл-жасампаз педагогтің жетістіктерінің шыңы жақын болса, 
онда ол «нормаларды сақтамаудың» көп санын көрсетеді жəне осы 
«шеттетуге» басқа педагогтардың көпшілігін тартады. 
Қалыптасқан  таптаурындардың,  нормалар  мен  бағдарлардың 
шекарасынан шығу, білімгерлермен өзара əрекеттесу тəжірибесінде 
тəжірибеден өтеді. Жалпы қабылданған нормалардың шекарасынан 
тыс, «негізгі  бағыттан  ауытқуды»  қабылдаудың  өлшемі  ретінде, 
алдымен оқу-тəрбие үдерісінің нəтижелілігі алынады. 
Бастапқыда  салыстыру,  рефлексия  аталған  бейінге,  педа-
гогикалық  кəсіпке  тəн  өзгеше  өлшемдерге  сүйенеді.  Алайда,  аса 
жетілдірілген  өзін-өзі  реттеу,  кəсіптің  шекарасынан  шығады, 
маманның дара жəне тұлғалық сапаларымен қатар, интеллектуалды 
жəне  рухани-құндылықты  мəдени  өлшемдер  енгізілгенде,  жалпы 
мəдени құралдар мен тəсілдерді тартады. 
Педагогтің 
кəсіби 
іс-əрекеттегі 
даралығын 
көрсетудің 
формаларына  тоқталу  қажет.  Жас  ерекшелік  психикалық  даму, 
əдебиеттерде  көрсетілгендей,  адамның  ересектену  шамасына 
қарай дараландырумен сипатталады. Дараландыру дамудың өзгеше  
формасы  ретінде  талқыланады.  Педагогті  педагогикалық  еңбектегі 
дараландыру үдерісінің алуан түрлі көріністері болуы мүмкін: 
– дара айырмашылықтар кəсіби мінез-құлықта жəне іс-əрекетте 
ұқсас болмаудың үзінділі немесе эпизодты көріністері ретінде;
–  дара  стиль  кəсіби  іс-əрекетте  тұрақты,  ұзақ  уақыт  бойында 
сақталатын айырмашылықтар ретінде, кəсіби іс-əрекеттің тəсілдері 
мен міндеттерінің дара үйлесімі;
–  даралық  педагогтің  еңбектегі  тұлғасының  қайталанбастығы 
мен  бірегейлігінің  көрінісі  ретінде,  дара  кəсіби  дүниетаным,  кей-
де  тұлғаның  еңбектегі  кəсіби  типінің  дара  варианты.  Егер  дара 
айырмашылықтар тұлғаның саласын тұрақты қамтитын болса, онда 
бұл даралықтың болуын білдіреді. 
Дара  айырмашылықтар  педагогикалық  іс-əрекеттің  барлық 
компоненттерінде көрініс беруі мүмкін. Дара айырмашылықтардың 
қалыптасуы,  педагогтің  педагогикалық  ортаға  енуі,  интеграциясы 

242
243
барысында,  өзін  басқа  педагогтармен  салыстыруда  жүзеге  асады. 
Əрбір  педагог  бір-біріне  ұқсамайды,  олар  оқытудың  тəсілдерінің 
таңдауымен жəне жиынтығымен, білімгерлерге деген қатынасымен, 
қозғалыстың  динамикасы  мен  траекториясымен,  қалаулар  деңгейі-
мен,  қателіктер  мен  қиындықтың  сипатымен  айрықшаланады. 
Тұрақты  сипатқа  ие  болып,  дара  айырмашылықтар  кəсіби  іс-
əрекеттің дара стилін қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін. 
Дара  стиль  деп  адамның  табиғи  ерекшеліктерімен  негізделген 
іс-əрекеттің  тəсілдері  мен  тактикасының  тұрақты  жүйесі  ретінде 
түсіндіру  қабылданған,  ол  аталған  іс-əрекетті  аса  үздік  жүзеге 
асыруға  ұмтылатын  адамда  қалыптасады.  Кəсіби  іс-əрекеттің  дара 
стилі, адамның табиғи, туа біткен ерекшеліктерімен (ағзаның, жүйке 
жүйесінің, жоғары жүйке əрекетінің күйі), сонымен бірге адамның 
заттық  жəне  əлеуметтік  ортамен  өзара  əрекетінің  барысында 
туындайтын,  тұлғаның  өмірлік  қалыптасқан  сапаларымен  анық-
талады.  Кəсіби  іс-əрекеттің  дара  стилінің  қалыптасуының 
механизмдері  ретінде  алынатындар:  адаптация,  компенсация, 
коррекция (Е.А. Климов). Адаптация адамның іс-əрекетте жетістікке 
ықпал  ететін,  табиғи,  қолайлы  сапаларды  қолдануынан  (саналы 
немесе  бейсаналы)  құралады.  Компенсация  педагогтің  жағымсыз 
сапаларының көрінуіне жол бермейтін, еңбек жағдайларын таңдау-
дан  құралады.  Іс-əрекетті  оңтайлы  шекарада  орындау  қамтамасыз 
етілген жағдайда коррекция механизмі айқындалады. 
Жоғарыда  сипатталған  үдерістерде  (адаптация,  компенсация, 
коррекция), адамның мінез-құлқы кəсіби іс-əрекетінің логикасымен 
жəне  психикалық  дамуымен  анықталады.  Алайда,  кəсібиліктің 
жеткілікті  жоғары  деңгейінде,  педагог  кəсіптің  нормативті 
талаптарынан  шығуы  мүмкін,  сонда  ол  кəсіптің  талаптарынан 
озып, кəсіби іс-əрекетті қайта құрастыруды жүзеге асырады, кəсіпке 
шығармашылық үлес қосады, өзінің мүмкіндіктерінің шекарасынан 
шығады. Мұнда маманды дамыту үдерісінің адаптация, компенсация 
жəне коррекция механизмдерімен шектелмейтінін жəне іс-əрекеттің 
креативті-шығармашылық  стилінің  пайда  болуына  əкелетін,  жаңа, 
əлі аз зерттелген механизмдерді қамтитынын болжауға болады. 
Қазақстандық ғалымдар Бeйceнбaeвa A. A., Нaғымжaнoвa Қ.М, 
Ocпaнoвa  Б. A., Жұматаева  Е.  Ө.  пікірінше  креативтілік  ұғымы 
бірнеше  элементтердің  жиынтығынан  тұрады,  оның  ішіндегі 
негізгісі  идеяларды  жобалау  жəне  тудыру  мүмкіндігі,  мəселелерді 
қою жəне оларды өзінше шешу қабілеті.
Педагогикалық  іс-əрекетті  орындаудың  белгілі  сатысында, 
педагогтің кəсіби іс-əрекеттегі даралығы қалыптасады. Бұл ең кеш 
білім  беру  болып  табылады.  Даралықтың  бірнеше  белгілері  ажы-
ратылады:  тұтастық,  қайталанбастық,  салыстырмалы  жабықтық 
жəне  автономиялық,  сыртқы  орта  үшін  жабықтық,  өзіндік  жəне 
өзіндік  бейне,  белсенділік,  шығармашылық.  Соған  байланысты, 
«шығармашылық  даралық»  термині  пайда  болады.  Даралық  адам 
өмірінің  жағдайларының  бірегей,  дара,  қайталанбас  үйлесімі 
нəтижесінде  қалыптасады,  онда  адам  өзінің  мүмкіндіктерін  жəне 
қабілеттерін жүзеге асырады жəне дамытады. 
Даралықтың  қалыптасуы,  дара  өзін-өзі  дамытуға  қабілетті 
өзіндік анықтауды, басқалар үшін өзінің қабілеттерін өзіндік беруді 
білдіреді. Адам өзінің даралығын тікелей өзі үшін құрады, сонымен 
бірге басқалар үшін де құрады. Ол өзіне тұйықталу үшін емес, өзінің 
қоғамдағы  алатын  орнын  нығайту  үшін  дараланады.  Кəсіпқойдың 
даралығы,  тұтастығы,  олардың  жоғары  руханилықпен,  гуманистік 
бағыттылықпен үйлескен жағдайда аса айқын байқалады. 
Шығармашылық  даралық  кəсіби  шығармашылықтың  жоғары 
сипаттамасы  ретінде  көрініс  береді.  Ол  келесі  компоненттерді 
қамтитын тұлғалық категория болып табылады: 
• интеллектуалды-шығармашылық бастама;
• интеллектуалды қабілеттер, білімнің кеңдігі жəне тереңдігі;
• қарама-қайшылықтарға сезімталдық, шығармашылық күмəнға 
бейімділік, ішкі қайта құрушы күресті сынау қабілеті;
• ақпараттық аштық, проблемаға кəсібилікте жаңашылдық сезімі, 
танымға ұмтылыс;
Шығармашылық  даралықты  жүзеге  асырудың  негізгі  функция-
ларын келесі үлгіде анықтауға болады: 
•  қоғамдық  маңыздылық  өлшеммен  анықталатын  мəдениетті 
байыту;
• педагогикалық үдерісті жəне тұлғаны қайта құру;
• тиімділік жəне маңыздылық өлшемдері бойынша анықталатын 
жаңа технологияларды табу;
•  тұлғаның  өзін-өзі  анықтау,  өзін-өзі  көрсету  негізінде  өзін-өзі 
дамытуы;
•  тұлғаның  өзі  туралы  креативті  түсініктері  мен  ұғымдарының 
жиынтығы;
•  тұтастық  жəне  үйлесімділік,  дара  креативті  ерекшеліктердің 
ішкі бірлігі;

244
245
•  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуының  жəне  оның  жасампаз  ретінде 
қалыптасуының динамикасы жəне үздіксіздігі;
• тұлғаның өзін-өзі танытуы жəне өзіндік құзыреттілігін ұғынуы;
• жасампаздықты өзіндік жүзеге асыру жəне тұлғалық, əлеумет-
тік аспектілерде өзіндік маңыздылығын ұғыну. 
Педагогтің  шығармашылық  даралығын  қалыптастыру – бұл 
тұлғаның қайта құруының жəне өзін-өзі дамытуының динамикалық, 
инновациялық  үдерісі.  Шығармашылық  даралықтың  өзегі  ретінде, 
тұлғаның өзін басқалармен салыстыруда, өзінің қайталанбастығын 
ұғынуды білдіретін тиімді өзіндік сана алынады. 
Өзгерістер  мен  дамудың  ұзақ  жолында,  тұлғалық  механизмдер 
акмеологиялық маңызды кезең басталмастан бұрын пайда болады. 
Мұнда  адамның  болашаққа  жəне  қазіргіге  қатынасының,  оның 
зерттеу  белсенділігінің  маңызды  мəні  болады.  Көп  жағдайда  біз 
таңдау  алдында    боламыз:  бұрынғыдай  əрекет  етуді  жалғастыру 
немесе  қозғалыстың  траекториясын  өзгерту,  жаңа  мінез-құлықты 
құру.  Жаңаның  мəні,  адамның  өзінің  мінез-құлқының  бөлігінен 
оқшаулануда, оны өзгертуге келісім беруде ашылады. Жаңа логикада 
тұлғаның  өзімен-өзі  сəйкестік  үйлесімі  жəне  оны  жеңу  жетекші 
орын  алады.  Мінез-құлықтың  тұлғалық  типі,  субъектілі  мінез-
құлық  қабілетіне  сүйенеді  жəне  əрекеттегі  қиындықтарға  басқаша 
қатынаспен  байланысты,  одан  асып  түседі.  Егер  педагог  норманы 
қабылдауға,  оны  мұқият  түсінуге,  жүзеге  асыру  тəсілін  құруға, 
рефлексияны  мінез-құлықты  түзету  тəсілін  табу  үшін  қолдануға 
бейім  болса,  нормадан  ауытқу  пайда  болса,  онда  тұлғаның 
проблематизацияға,  іс-əрекеттің  аса  жетілдірілген  формалары 
мен  əдістерін  табуға,  мазмұнды  мұқият  түсінуге  бейім  болатынын 
болжауға  болады.  Басқаша  айтқанда,  педагог  əлеуметтік  маңызды 
тəжірибеге жəне педагогикалық мұраға қарама-қарсы қойылмайды, 
ол оған сүйенеді, алайда бұл тəжірибені аяқталмаған деп санайды. 
Сондықтан  инновациялық  мінез-құлықтың  негізінде,  педа-
гогикалық  тəжірибе  жағдайында  жүзеге  асырылатын  идеал  мен 
жетілдірудің  құндылықтары  болады.  Мұндай  мінез-құлық  қарым-
қатынаста,  оқытуда,  өзін-өзі  анықтауда,  рефлексивті  үдерістерде 
көрініс табады. 
Іс-əрекет  пен  норманың  өзгеруіне  бағдарлануда,  педагог  жаңа-
дағы шығармашылық қажеттілікке сүйенеді. Алайда, бұл қажеттілік 
тұрақсыз  инновациялықпен,  жаңа  мазмұнды  үнемі  енгізумен 
шектелуі мүмкін. 
Тұлғалық  тип  нормаларды,  əдістемелік  ұсыныстарды  түр-
лендіруден  басталады,  бұл  педагогтің  шығармашылық  қабі-
леттерін  талап  етеді.  Тұлға  нормаларды  жəне  өзінің  қабілеттерін 
алмастыру  нəтижесінде  ашылатын  жаңа  мүмкіндіктерді  көрсетуді 
бастайды.  Ол  жаңа  проблематизацияға,  инновациялық  үдерістегі 
жаңа  мүмкіндіктерге  жедел  өтеді.  Жаңа  мүмкіндіктердің  ашылуы, 
педагогтің 
алдына 
педагогикалық 
ортада 
жаңашылдықты 
қабылдауды қолжетімді ететін қажеттілікті қояды. Жаңашылдықты 
енгізудің  өзі  педагогикалық  тəжірибенің  жəне  педагогтің  өзін-өзі 
жүзеге  асыруын  ілгері  дамытудың  мүмкіндігін  құрайды.  Алайда, 
білімгерлерді дамыту үшін инновацияның салдарын есепке алмай, 
педагогтің өзін-өзі танытуы жалған-педагогикалық жаңашылдықтың 
көрінісі болуы мүмкін. 
Педагогтің  инновациялық  іс-əрекетінде,  жаңашылдыққа,  тəуе-
келге,  жұмыстың  аса  жетілдірілген  тəсілдеріне  деген  қажеттілік 
басым  болады.  Ізденіске  тірек  жасау,  қажеттіліктің  өзіндік  қоз-
ғалысымен, нəтижеге қанағаттанбаушылықпен анықталған. Тəуекел 
ізденіс аймағының белгісіздігі мен қауіптілігі дəрежесін алдын ала 
болжауға деген ізденістік бағыттылықты күшейтеді. 
Креативті  тұлғаның  мотивациясы,  біршама  дəрежеде  тұл-
ғаның  өзінің  шектеулі  мүмкіндіктеріне  жетуге  жəне  тексеруге, 
шығармашылық  даралықты  дамытуға  негізделген  тəуекел 
үрдістерінде көрініс табады. Кедергімен кездесуде жəне рефлексияға 
шығуда,  педагог  жағдаятты  қайта  құруға  бейім  болып  қоймайды, 
сонымен бірге жаңашылдыққа деген қажеттіліктің ынталандырушы 
əсерінде,  мүмкін  болар  өзгерістерді  қарастыруға  бейім  болады. 
Басқаша  айтқанда,  инновациялық  іс-əрекетті  əлеуметтік-мəдени 
тұрғыда  жүзеге  асыру  жағдайында,  тұлға  рефлексияның  жоғары 
формаларына  өтуді  жүзеге  асырып,  өзінің  рефлексиясын  барынша 
дамытады. Рефлексияның тұлғалық формасында, нормативті көрініс 
инновациялық  технологияны  жүргізуге  мүмкіндік  беретін  нақты 
(жүзеге асыру үшін) жəне абстрактілі (стратегия) бөлікке бөлінеді. 
Тұжырымдамалы  ұғымдар  стратегияны  құрудың  жəне  нор-
маның  ықтималды  жетілмеуін  анықтаудың  құралы  ретінде 
қарастырылатын  проблематизация,  аса  өзгеше  буын  болып 
табылады.  Жаңашылдыққа  бағдарланудың  өзі,  əлеуметтік-мəдени 
құндылықтардың болуы, білімгерлердің алдындағы жауапкершілік, 
сана мен өзіндік сананың барынша дамуын туындатады, бұл өзінің 
қолдануында проблематизация процедурасына шоғырланады. 

246
247
Ұғымдар  мен  категорияларды  дұрыс  операциялауға,  оларды 
арнайы  құрастыруға  негізделетін  ойлау  мəдениетін  тарту,  тұл-
ғаның  проблематизациядағы  барынша  интеллектуалды  қуатын 
қамтамасыз  етеді.  Тұлғаның  шектеулі  өзін-өзі  анықтау  құралы 
ретінде,  құндылықтар  жүйесін  өзінде  қалыптастыру,  оларды 
дұрыс  қолдану  шеберлігі,  тұлғаның  педагогикалық  болмысты 
проблематизациялаудағы нəтижені қамтамасыз етеді. 
Өзін-өзі  өзгерту  үдерісінде  өзін-өзі  ұйымдастырудың  жет-
кіліксіздігін  ұғыну,  тұрақты  өзіндік  білім  алудың  қажеттілігіне, 
біліктілікті  арттыруға  жəне  жаңашылдыққа  деген  қажеттілікке 
əкеледі.  Өзін-өзі  өзгерту  рефлексиясы  кездейсоқ  құбылыс  болудан 
қалады.  Егер  педагог  осы  рефлексияны  модельдейтін  жағдайға 
түссе,  ол  ұмтылыс  үлгілерін  модельдерге  ауыстырады,  олардың 
аясында өзін-өзі өзгертудің түйінді факторларын ұғыну жəне өзгерту 
шоғырланады. 
Педагогтің  іс-əрекетінде,  кəсіби  міндеттер  мен  мəселелерді 
шешудің  жаңа  деңгейіне  жетуге  қарапайым  тəсілдердің, 
процедуралардың əрдайым мүмкіндік бермейтін сəті болуы мүмкін. 
Бұл  жағдайда  ол  жаңа  тəсілдер  мен  тұғырларға  жүгінеді,  ықтимал 
салдарды  талдау,  болжау,  өзіндік  бағалау  жəне  т.б.  механизмдерін 
қосады. Талдау мен өзіндік бағалаудың объективтілігі, мəліметтерді 
қолданудағы  құзыреттілік  деңгейімен,  білімгерлердің  алдындағы 
жауапкершілікпен қамтамасыз етіледі. 
Нəтижеге  жетудің  табысты  болуы,  көп  жағдайда  тұлғалық 
сапалармен  анықталады:  ұйымшылдықпен,  жұмыс  істеу  қабілеті-
мен, мүмкін болар мазасыздануды шектеу білігімен, белгілі жағдайда 
келісімге  келу  шеберлігімен,  тікелей  тұжырымдарды  ұсынудағы 
сақтықпен,  кикілжіңнен  қашу  шеберлігімен,  инновациялық 
үдерістің  басқа  қатысушыларымен  белгілі  сəйкестікпен.  Бұл  жəне 
басқа  сапалар  жағдайдың  дұрыс  рефлексияланған  жағдайда  ғана 
пайдалы болуы мүмкін. 
Акмеологиялық  талдау  адамның  өмір  сүру  əрекетінің  жағ-
дайында жүзеге асырылады, бұл акмеге келуді негіздейтін, барлық 
өзгеше  факторлардың  рөлін  ашумен  тығыз  байланысты,  шынайы 
педагогтардың  шыңға  жетуінің  құбылыстарын  біртұтас  ашуға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  əсіресе,  инновациялық  іс-əрекетті  талдауда 
айқын  көрінеді,  онда  дара  шығармашылық  өзін-өзі  көрсету, 
əлеуметтік-мəдени ортаның өлшемдеріне енгізілген жəне бағынған. 
Акмеология ғылымының практикалық-маңызды интеграциялық 
сипаты, көптеген технологиялар мен зерттеу əдістемелерінің пайда 
болуын ынталандырады. 
Осылайша,  инновациялық  іс-əрекеттің  мəнін  талдаудағы 
акмеологиялық  тұғыр,  педагогтің  өркендеу  кезеңінде  тұлғасының 
даму заңдылықтарын ұғынуға, дара жəне шығармашылық бастауды 
салыстыруға,  əрекетті  рефлексивті  орындауды  ынталандыруға 
мүмкіндік береді. 
Қазіргі  заманғы  өмір  əрбір  адамнан,  оның  кəсіби  іс-əрекетінің 
саласынан тыс барынша жеке қайтарымды талап етеді. 
Біртұтас қоғамға жəне оны құрайтын субъектілерге ұсынылатын 
талаптардың  артуы,  жетістік  мəселесін  барлығы  үшін  өзекті  етеді. 
Ғылымда адамның өмір сүрудің барлық саласында жетістікке ықпал 
ету мəселесіне деген қызығушылық күшейіп келеді, бірінші кезекте 
адамның кəсіби мансаптағы жетістігіне ықпал етуге қызығушылығы 
артып келеді. 
Қазіргі  заманның  өзекті  мəселелерінің  бірі  ретінде,  мамандар-
дың кəсіби білімдерін жəне біліктерін үнемі жаңартудағы, креативті-
шығармашылық  өзін-өзі  дамытудағы,  кəсібиліктің  шыңдарына 
жетуге бағыттылықта қабілеттері мен қажеттіліктерін қалыптастыру 
алынады. Аталған міндеттерді мақсатты бағытталған жəне кешенді 
шешуге мүмкіндік беретін аса тиімді қазіргі заманғы тұғырлардың 
бірі ретінде акмеологиялық тұғыр алынады. 
Акмеологиялық тұғыр өзінің міндеті ретінде іс-əрекет субъекті-
сін оның алуан түрлі саласында, атап айтсақ, таңдалған мамандық 
саласында  табысты  өзіндік  жүзеге  асырудың  мүмкіндіктерін 
қамтамасыз ететін білімдер жəне технологиялармен қаруландыруды 
алады.  Акмеологияның  пəні  ретінде,  адамның  шығармашылық 
əлеуеті,  іс-əрекет  субъектісінің  креативті-шығармашылық  əлеуетті 
ашудың  алуан  түрлі  деңгейлеріне  жетудің  заңдылықтары  мен 
механизмдері, өзін-өзі жүзеге асырудың шыңдары алынады. 
Қазіргі ұғымдардың тұрғысында, акмеологиялық тұғыр тұлғаны 
туындайтын жəне қойылған міндеттерді шешу, жетістікпен өзіндік 
жүзеге  асыру  үшін  жағдай  жасауға,  белсенді  іздеуге  қабілетті,  іс-
əрекет  субъектісі  ретінде  зерттеуді  қамтиды.  Көптеген  зерттеулер 
көрсеткендей,  алуан  түрлі  кəсіптегі  мамандардың  кəсібилігін 
дамыту, «акмеологиялық  инварианттар»  деп  аталатын  ұқсас 
заңдылықтар  бойынша  жүзеге  асырылады.  Оларға  жататындар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет