394
2. Кептіргіш электрошкаф;
3. Аналитикалық таразы;
4. Электроплитка;
5. Фарфор тигельдері;
6. 250 мл
болатын шыны стакандар;
7. 50 мл өлшеуіш цилиндрлер;
8. Шыны воронкалар;
9. Эксикатор;
10. Жуып шайғыш;
11.
Шыны таяқшалар;
12. 10%-ды тұз қышқылы;
13. 0,1 н азот қышқылды күміс ерітіндісі;
14. Диаметрі 7-8 мм фильтрлер.
Жұмыстың орындалуы
1.
Жалпы күлділікті анықтау:
Аналитикалық таразыда 1-2 г құрама жем өлшендісін алып, оны
толығымен күлге айналғанша алдын ала күйдірілген,
өлшенген тигель-
дерде өртейді.
Бастапқыда өртеуді өлшенді ластанбас үшін ақырын жүргізеді. Ол
үшін тигельді асбестпен қапталған электропешке қояды.
Бу мен газдар бөлінуін тоқтатқаннан кейін қыздыруды күшейтеді,
асбестті алып тастап, көмір қалдықтары қалмағанға дейін күйдіреді.
Қалдықты күйдіру əрі қарай муфель пешінде жүргізіледі. Күйдіру
температурасы 600-700°С-тан аспауы тиіс. Күйдіруден кейін тигельді
эксикаторда 2 сағат ішінде суытып, массасын өлшейді. Күйдіруді мас-
са мəндері тұрақталғанға дейін қайталап жүргізе береді. Қайта күйдіру
уақыты – 30 мин.
Күл мөлшерін (Х) пайызбен:
Х = (м
1
– м
2
) * 100/м – м
2
формуласы арқылы есептейді.
Мұндағы, м – күлденуге дейінгі тигель мен өлшенді массасы, г;
м
1
– тигель мен күлдің массасы, г;
м
2
–
бос тигель массасы, г
Келесі формуламен құрғақ затқа күлділікті есептейді:
Х
1
= Х*100/100 – W
395
Мұндағы, Х – күл мөлшері, %;
W – зерттелетін өнімдегі ылғалдың мөлшері,%.
Соңғы нəтиже ретінде екі тəжірибенің арифметикалық ортасын ала-
мыз. Параллель анықтаулар кезінде рұқсат етілген ауытқу
.
Талдау нəтижесін жазу:
Бос тигель массасы _______________________________________ г.
Тигель мен өлшенді массасы_______________________________ г.
Тигель мен күлдің массасы _______________________________ г.
Күл массасы _____________________________________________ г.
Өлшенді массасы ________________________________________ г.
Ылғалдылық ____________________________________________%.
Х= ____________________________________________________%.
2. 10%-дық тұз қышқылындағы ерімейтін күлдің массасын анықтау:
Жалпы күлділікті анықтағанда қалған қалдығы бар тигельді 250 мл
стаканға салып, стакан ішіне 10%-дық 25 мл тұз қышқылын құяды. Осы
стаканды қайнатып, 5 минутқа қалдырады.
Содан кейін тигельді пин-
цетпен стаканнан шығарып, стакан үстінде дистилденген сумен жуып
шаяды.
Диаметрі 7-8 см күлсіз фильтр мен стақандағы сұйықтықты фильтр-
леп, сұйықтықты жіңішке шыны таяқша бойымен ақырын төгеді.
Стакан мен таяқшаны дистилденген сумен ерімеген күлді жоғалтпас
үшін бірнеше рет шаяды. Фильтрді құрамында азот қышқылды күміс
бар қара тұнба бергенше ыстық сумен жуады.
Фильтр шеттерін пин-
цетпен бүгіп қояды да, массасын алдын ала өлшеп қойған тигельге
салып, оны кептіргіш шкафында кептіреді. Күйдіру мен өртеу жалпы
күлділікті анықтау тəжірибесіндегідей қылып жүргізіледі.
10%-дық тұз қышқылы (Х
2
) құрамындағы ерімейтін күл мөлшерін
пайызбен:
ɏ
2
ൌ
݉
1
െ ݉
2
݉ െ ݉
2
כ
100
ǡ
формуласымен анықтайды.
Мұндағы, m –
тигель мен өлшендінің массасы, г;
– тигель мен ерімейтін күлдің массасы, г;
– бос тигель массасы, г.
10%-дық тұз қышқылы (Х
3
) құрамындағы абсолюттік құрғақ затқа
санағандағы ерімейтін күл мөлшерін пайызбен:
396
ɏ
2
ൌ
݉
1
െ ݉
2
݉ െ ݉
2
כ
100
ǡ
формуласымен анықтайды.
Мұндағы, Х
2
– тұз қышқылындағы ерімейтін күл мөлшері, %;
W – тəжірибелік заттағы ылғалдың мөлшері, %.
Нəтижесі ретінде екі параллель жүргізілген тəжірибенің ариф-
метикалық ортасы алынады. Рұқсат етілген ауытқу ±0,05%.
Талдау нəтижесін жазу:
Бос тигель массасы _______________________________________ г.
Тигель мен өлшенді массасы (күлденгенге дейінгі) ____________г.
Ерімейтін күлмен тигельдің массасы ________________________ г.
Өлшенді массасы _________________________________________ г.
10%-дық тұз қышқылы құрамындағы ерімейтін күлдің
мөлшері______ г.
Ылғалдылық ___________________________________________%.
Х= ____________________________________________________ %.
Достарыңызбен бөлісу: