Нағыз саңырауқұлақтар бөлімі (EUMYCOTA)
Саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі жіпшумақ. Жынысты жəне жыныссыз споралардың даму ерекшеліктеріне байланысты нағыз саңырауқұлақтар алты класқа бөлінеді – хитридиомицеттер, оомицеттер, зигомицеттер, аскомицеттер, базидиомицеттер жəне дейтеромицеттер (жетілмеген). Бірінші үш класс төменгі сатыдағы немесе қарапайым саңырауқұлақтарға (жіпшумағы бір клеткалы), ал соңғы үш класс саңырауқұлақтары жоғарғы сатыдағы немесе күрделі саңырауқұлақтарға (жіпшумағы көп клеткалы) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |