Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет141/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
9.10. Пастереллез
Пастереллез 
(Pasteurellosis) -
жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал 
жітілеу жэне созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін 
сүт қоректілер мен қүстардың көптеген түрлері үшырайтын жүқпалы ауру.
Тарихи деректер. 
Аурудың жүқпалы екендігін дэлелдеуге 1878 ж. Бо- 
лингердің сиырдың пастереллезін сипаттауы негіз болды. Аурудың қоздыру- 
шысын тауықтан Е.М. Земмер (1878), JI. Пастер (1880), үй қоянынан Гафки 
(1881), сиырдан Китт (1885), бүйволдан Гресте (1887) бөліп алды. Аурудың 
атауы Пастердің қоздырушы микробты өсіріп, элсіретіп, онымен тауықты 
иммундеуге бағытталған эйгілі тәжірибелеріне байланысты еді. Ғалымның 
кұрметіне бұл микроб пастерелла, ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп 
аталатын болды.
Пастереллез дүниежүзіне кең тараған. Әдетте оқтын-оқтын байқалып, 
созылмалы түрде өтеді. Бірақ, ауруды өршітуге ықпал ететін факторлардың 
әсерінен індет түрінде кең жайылады.
Қоздырушысы 
-
Pasteurella multocida
- оншақты ірі емес, грамтеріс, 
қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұптапып, сирегірек қысқа 
тізбек түрінде орналасатын бактерия.
Түрі мен мөлшері шыққан ортасына байланысты эр түрлі болады. Ауру 
мапдың ұлпасындағы пастереллалар ұсақ, сопақша болады да, метилен көгі 
немесе Романовский-Гимза эдісімен биполярлы (екі шеті) боялады. Жаңа 
өсінділерде микробтың анық көрінетін қауашағы болады.
Пастереллалар - жартылай ауасыбағалы микробтар. Кэдуілгі қоректік 
орталарда 37°С кезінде жақсы өседі, жаңадан алынған өсіндерін өсіру үшін 
қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған 
қоректік орталар қолданылады. Бактериялар сорпада өскенде қоректік орта 
түгелдей лайланып, ЕПА-да үш түрлі шоғыр түзеді: тегіс (S), бүдыр (R) жэне 
кілегейлі (М). Ферменттілік қасиеті төмен, өзгеше қасиеті болып триптофан 
қосылған сорпада индол түзуі жэне нитратты нитритке дейін тотықсыздан- 
дыруы есептелінеді.
¥ за қ уақьгг бойы пастереллаларды зоологиялық түрғыдан жіктеу орын 
алып келді де мал мен қүстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі ту- 
дырады деп есептелінді. Тек 1939 ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалар- 
дың ауру қоздырушысының бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес 
түр 
P .m ultocida
ретінде қарастырды. Бұл тұқымдастыққа ж ататын тағы бір
2 0 6


дербес түр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет