184
жинастырды. Өзi нiң көзi тiрiсiнде бiрқатар ғылыми
мақалалары журналдар мен газет терде жарияланды.
«Орынбор
ведомствосы
қырғыздарының құда
түсу мен үйлену тойы кезiндегi әдет-ғұрыптарының
очеркi» атты еңбегiнде үйлену тойларына байланысты
толып жатқан әдет-ғұрыптарды тәптiштей суреттедi.
Ы. Алтынсариннiң әдеби мұрасы да едәуiр елеулi.
Ол И.А. Кры лов тың мысалдарын, Л.Н. Толстойдың
әңгiмелерiн орыс тiлiнен қа зақ тiлiне аударумен қатар, өзi де қысқа әрі
тартымды әңгiмелер жазды. Ы. Ал тынсариннiң қаламынан туған аударма-
лар, өлеңдер, әңгiме лер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегiлер
оқырман жү регiне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр
алуан. Ы. Ал тын сариндi қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн қалаушы деп
бiлемiз.
Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да едi. Оның «Азған елдiң би ле рi»,
«Әй, достарым!», «Әй, жiгiттер!», «Ана» атты өлеңдерiнiң адамгершiлiк-
ғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерiнен қазақ жастарының
талай ұрпағы үлгi-өнеге алып, тәрбие көрдi.
«Бiр Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңiлге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тiлегенiң
алдыңнан
Iздемей-ақ табылар...» –
деген «Кел, балалар, оқылық!» өлеңiнiң жас ұрпақты
тәрбиелеуде маңызы өте зор.
Ы. Алтынсариннiң шығармаларында қазақтың
өмiрi шын шылдықпен бейнелендi.
Оларда бiлiмге,
ғылымға деген құлшыныстың қажеттiгi кеңiнен наси-
хатталды. Жастарды оқу-бiлiмге шақыра отырып, ол
өзге халықтардың мәдени өмiрiн, олардың ғылымда
қол жеткiзген табыстарын үлгi-өнеге ретiнде мысалға келтiрдi.
Достарыңызбен бөлісу: