29
шебін салуына қарсы болды,
төртіншіден,
қазақтар башқұрттардың патша үкіметіне
қарсы күресіне жиі-жиі қатысып жүрді.
1723–1724
жылдары Әбілқайырдың
әскерлері Жайық пен Еділдің екі орта-
сындағы бүкіл аумақты басып алды. Қа-
зақ тардың
Жайық өзенінің бойындағы
алқапта мәңгілік көшіп-қонып жүру құқы-
ғын белсенді түрде қорғаған Әбіл қайыр
хан ның мына
сөздері халықтың есін де
ұмы тылмастай қалды:
«
Жайық өзені
қашан сарқылып, арнасы кеуіп
қал ғанша қазақтар оның бойынан кетпейді»
.
Орта жүздің әскери жасақтары да патша үкіметінің әскери-отаршыл
күштерінің ілгері жылжуын тоқтатуға тырысты. 1731 жылы Омбы бекі-
нісінің маңында қазақтар мен жергілікті әскери гарнизонның арасында
қанды қақтығыс болды.
Патша үкіметі қазақтар тарапынан шегара шебіне шабуыл жасал-
уын тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдаумен болды. Ол үшін бекініс
қорғандар салуға кірісті, шегарадағы күзет әскерлерінің саны арттырылды.
Қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасалып тұрды.
?
1. Сен Қазақстанды Азияға шығудың «кілті мен қақпасы» деп есептейсің бе?
Картаны пайдалана отырып, пікіріңді дәйекте. 2. Қазақ жерінде салынған бекі-
ністерді ата.
Бекіністер
Салынған жылы
Қорытынды жаса
Жайық өзені
– 1775 жылға дейінгі Жайықтың (Орал) аты. Е.И. Пугачев көтерілісі
талқандалған соң, оның есімін естен шығару үшін өзеннің атын ауыстырған.
Достарыңызбен бөлісу: