Телеочерк кейде бұл интервью арқылы жүргізіледі. Бұл жанр ерекшелігіне селкеу түсірмейді. Телевизиялық корреспонденциядағы журналистің таланты маңызды мәселені жұртқа жақсы жеткізе білуінен көрінеді. Корреспонденция телевизиялық коммерцияның табиғатына ұқсас болғандықтан мұндай бағдарламалардың болашағы зор.
Репортаж ақпараттық телепублицистиканың өзегі болғаны сияқты, очерк – көркем телепублицистиканың өзегі болып табылады. Репортаждық әдіс сияқты, очерктік әдісте публицистикалық шығармашылықтың негізінің қатарына еніп басқа жанрларға да таралады. Теледидардағы очерк публицистикалық жанрдың ең күрделісі болып қала береді. Бұл деректі материалдар мен әңгіменің (нақты шындықтың эстетикалық түсіндірілімі) зерттеудің шектеулі үйлесімі. Нақты дерекке негізделе отырып (деректер нақтылығы, шынайы кейіпкерлер, олардың қарым-қатынастарының шын жағдайлары) очерк көркем әдеби жалпылаушы пішінге енеді. Бұл жанрға кейіпкерлердің бейнелілігі, тұрпаттанудың жоғары деңгейі тән. Телепублицистиканың барлық жанрларының ішінен телеочерк ерекше композициялық құрылымымен, драмалық шығармалар композициясына жақындығымен ерекшеленеді. Бұл түсінікте ол басқа теледидарлық публицистика жанрларына қарағанда драмаға жақын. Егер де репортаждан айқын дерекке негізделгендік, шолуында проблема, авторлық бағдарламада нақты тақырыпқа сараптау жасалса, телеочеркте өмірде болған оқиға мен құбылысты басынан кешкен кейіркерлердің шынайы бейнесі жасалып, нақты өмірде болған шындықтың эстетикалық түсірілімі жасалады.
Жанр ретінде телеочеркте көркемдеуші құралдар кеңінен пайдаланылады, тақырыптың ауқымдылығына байланысты автордың ойы мен материалды жеткізу тәсілінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Телечерктің де басты тақырыбы – адам болып қала береді. Егер ақпараттық жанрда бірінші орында іс-әрекет тұрса, телеочеркте бірінші орынды адам алынады. Телеочерктің тақырыбы адам әрекетінің нәтижесі емес, іс-әрекеттің үрдісі және әрекет субьектісі ретіндегі адам болып табылады.
Телеочерктің негізінде қандай да бір жағдай, құбылыс алынған күнде де, автор негізінде адам мінезін ашып көрсету арқылы оқиға мен құбылысты бейнелейді. Егер репортаж жанрында болған жағдайдың тарихы баяндалса, телеочеркте кейіпкердің өмір тарихы, ұстанымдары мен мінез-құлқы міндетті түрде суреттеледі.
Телеочерк жанрының ең көп тараған түрі – портреттік телеочерк. Онда автор өз кейіпкерінің өмірін жан-жақты пайымдап, оның әрекеттерінің, жеке тұлғалық қасиеттерін тереңінен ашуға тырысады және қаһарман әрекетінің әлеуметтік мағынасын ашады. Бұл жерде әртүрлі әдістер мен тәсілдер пайдалануға болады. Ол ұзақ бақылау, портреттік сұхбат, «жасырын камера», мұрағат кадрлары арқылы жүзеге асуы да мүмкін. Тақырыптық және құрылымдық жағынан портреттік телеочерк теледидардағы кең тараған жолсапар очерктерінен ерекшеленеді. Егер де біріншісі мұқият және әртүрлі тұрғыдан жеке тұлғаны бақыласа, екіншісіне нысанның ауыспалығы, әңгімелеудің қарқынды дамуы тән. Жолсапар телеочеркі түсірілімінің репортаждық әдісін пайдаланады, алайда, оның көмегімен репортаждан өзгеше мәселелер көтеріледі. Мұнда деректер мен болған оқиғаларға жай ғана назар аударылмайды, авторлық көзқарас тұрғысынан ой елегінен өткізіліп, бағаланып, осы ой көркемделіп баяндалады. Барлығымызға белгілі, көркем публицистикаға тән дерек авторлық шығармашылықтың бастапқы материалы ретінде бағалы. Бұдан «деректер фабуласына» бағынбайтын композициялық құрылым, оны еркін таңдау және қайта топтау, ерекше монтаждық стилистика (салыстыру, қақтығыс, ассоцияциялық жақындастыру және т.б ) шығады.
Жолсапар телеочеркінің мәтіні (әдетте кадрдан тыс) әдеттегі, ақпараттық мақсаттарды көздейтін очерк кейіптік салыстыруларға негізделіп құрылса, жол-сапар телеочеркі танымдық элементттерге толы, терең талдауларға әкелетін жеке бағалауларымен ерекшеленеді.
Сыртқы және тақырыптық тұрғыдан жолсапар телеочеркінде автордың өзі деректер, оқиғалар, заттар шоғырланатын орталыққа айналады. Оның публицистикалық бағасы, эмоциональды ойлары, түсірілген материалды терең қабылдауы, сондай-ақ таланты, сол, біз теледидар публицистикасының көркемдігін байланыстыратын «сипаттау өлшемінің», жалпы деңгейін анықтау үшін шешуші болып табылады.
Очерк ұзақ уақыт үрдісінің көрінісі болып табылады. Сондықтан да әдеби очеркке қарағанда экран очеркі үшін болған оқиға мен құбылыстар бейнелеу деректер негізінде жүзеге асады. Яғни, өткенді суреттеу телеочерктегі негізгі қиындықтардың бірі болып табылады. Бұл мәселені басқаша шеше алмағандықтан теледокументалистер, сол не басқа осы жағдайға ұқсас оқиғаларды қайта қою әдісіне жиі жүгінеді. Бірақ бұл жағдай нәтиженің сәтті болуына кепіл емес, керісінше, экранда жалаң шындық суреттелуі мүмкін. Телеочеркте шынайы өмір ақиқатын жасап шығу үшін ерекше шеберлік, авторлық және режиссерлік қиял, операторлық тапқырлық және әр нәрседегі қатаң шектілік, көркемдік өре қажет. Көрермен көз алдында бұрын болған деректің қайта қойылып жатқандығын білуі тиіс. Өмір ретінде берілген театрлық сахналау деректі экранға қарама-қайшы келеді.
Соңғы жылдар тәжірбиесіне сүйенсек, деректі материалды бейнелеудің өзекті жаңа тәсілі – ұзақ уақыт бақылау тәсілі (басқаша айтқанда «жасырын камераның» орнына «үйреншікті камера») тән. Мұнда экрандық бейнелеу тақырыбы қалыпты жағдайдағы шынайы өмір, автор ойына сәйкестендіріліп, кейіннен (таңдау мен монтаж кезінде) композициялық тұрғыдан ұйымдастырылады. Телеочерк сценарийіне жоғары талаптар қойылады. Ол толықтай және тыңғылықты өңделген сценарий болуы тиіс. Мұндағы тілші жұмысы, авторлық тапсырыстан басталады. Біріншіден, тақырып және нысан, автордың көзқарасы анық болуы шарт. Екіншіден, экрандық кейіптеу мүмкіндіктері ойластырылып, ойды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көркемдеуші құралдары мен әдістері жайлы ой қорытуға мүмкіндік береді.
Телеочерк нысаны жан-жақты қарастырылатын, ұсынылып отырған кейіпкер және мәселені теледидарлық зерттеу әдісі, кейіпкерлер сипаттамасы бар, шығарманың композициялық құрылымы анықталатын әдеби сценарий жазылады.
Телеочерк - бұқаралық ақпарат құралдарының кейбір жанрлары сияқты өмірлік шындықты жалаң тізбелеп қоймайды, керісінше, деректер очерктік бейне жасаудың негізгі материалы болып табылады. Телеочерктің көркемдік күші оның ішкі мазмұнында, сол сияқты деректер тізбегі тек телеочеркте ғана емес, кез келген көркем шығармадағы жаңа бейнелердің жасалуына да негіз болады. Қандай да болсын көркем телеочеркті алып қарасақ, оның мазмұны құрғақ деректерге бағынбайтыны байқалады.
Пікір тоғысуларын қорыта келгенде, телеочерк жанрын көркемдік жағынан қарастырса, оның өзіндік ерекшеліктеріне жол табу қиындық әкелмейді, керісінше, телеочерктік бейнеде көркем бейненің барлық қасиеттеріне ие екеніне көзіміз жете түседі. Телеочерк те эмоционалдық, жеке-дара өмірдің қорытындысы және өмірлік құбылыстардың бағасын көрсететін публицистиканың бір жанры. Телеочерктік бейненің өзіндік ерекшелігі оның табиғи деректілігінде ғана емес, сонымен бірге деректерді жинақтап қорыта білуінде. Көркем телеочерктің мазмұны тек дерек жайлы хабарлап қана қоймайды, сондай-ақ, сол дерек автордың ойындағы публицистикалық идеяны бедерлеп, көкейіндегі проблемасын айқындап көрсетуіне де себепші болады. Осы орайда, жалпы очерк жанрын көркем әдебиеттің, публицистиканың басқа жанрларымен шендестіре қарауға жазушы-журналистер шығармашылық үрдісінің де себепші екенін атап өткен жөн. Олар жалпы очерк жанрына сүйіспеншілікпен қараған, яғни, өздерінің бүкіл шығармашылық жолында очерк жазумен қатар, очерк жанрын насихаттап, оның мағынасы мен көркем публицистикалық күшін түсіндірумен де шұғылданған.