Публицистика жанрлары мен пішіндерінің зерттелуі Адамзат баласы қашанда үздіксіз ақпарат алмасуда. Бізді күн сайын газет, радио, телевизия, соңғы уақытта қолданылу аясы арта түскен кибернетикалық газеттер (он - лайн газеттер) ақпарат ағынымен қамтамасыз етеді. Соның салдарынан журналистика саласындағы мәліметтерді жариялаудың пішіні мен әдісі жетілу үстінде. Қоғамның жаңарып, жетілуіне байланысты газет жанрлары түрленіп жаңғыруда. Газеттік публицистика жанрларының түп-тамыры ғасырлар тереңінен басталады. Қазақ баспасөзінің дамуы ХІХ ғасырдан бастау алып, қазақ газеттері басылып шыға бастады. Осы уақытта қазақ журналистикасының тәжірибесі мен теориясы дамыды. Бұған Алаш қайраткерлері мен басқа да көп публицистер мен әдебиеттанушылардың алғашқы теориялық және әдеби-сын еңбектерін жатқызуға болады. Журналистика теориясының қарқынды дамуы ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан басталады. Журналистика институттары мен басқа да оқу орындарының ашылуы осы жылдардың үлесіне тиеді және ондаған журналистика теориясына қатысты ондаған ғылыми-зерттеу еңбектер жарық көрді.
Журналистика ғылымның шырқау шегі өткен ғасырдың 1960-1980 жылдар аралығына тиесілі. Осы жылдары журналист шығармашылығының теориясы мен әдістемесі жайлы көп ғылыми-зерттеулер жарық көрді. Солардың ішінде Т. Амандосовтың «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары» – Алматы: Мектеп, 1968.- 243б.; «Публицистика дәуір үні». – Алматы: Қазақстан, 1974, - 147 б.; «Совет журналистикасының теориясы мен практикасы». – Алматы: Мектеп, 1978. – 272б.; М. Барманкұловтың «Жанры печати, радиовещания и телевидения». – Алматы: КазГУ, 1974. – С. 128.; Х. Бекхожиннің «Қазақ баспасөзінің даму жолдары». – Алматы: ҚМБ, 1964. – 268 б.; «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі». – Алматы: Мектеп, 1981. – 240 б.; Б. Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі». – Алматы: - ҚМБ, 1950. – 47 б.; Ш. Елеукеновтің «Замандас парасаты». – Алматы: Жазушы, 1977. – 300 б. [12] атты еңбектерін атауға болады. Бұл кітаптардың авторлары, журналист шығармашылығының лабораториясын жан-жақты меңгерген журналистер мен ғалымдар еді.
1990 жылдардан бастап журналистика және газеттік публицистика, жеке журналистердің шығармашылық лабораториясы туралы диссертациялық жұмыстар қорғалып, жеке кітаптар жарық көрді. Солардың ішінде мына еңбектерді атауға болады: Әбдіманов Ө. А.Байтұрсыновтың әдеби-публицистикалық мұрасы. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1992. – 23 б.; Жүсіпов С. Ә.Бөкейханның өмірі мен әдеби-публицистикалық мұрасы. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1995. – 23 б.; Шәріпов А. Сұлтанбек Қожанұлының әдеби-публицистикалық мұрасы. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1994. – 24 б.; Байменшин С. Б.Майлиннің журналистік шығармашылығы. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1995. – 26 б.; Бейісқұлов Т. Бейімбет Майлин – сыншыл публицист. //Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1997. – 30 б.; Сұлтанбаева Г. Саттар Ерубаев – журналист, публицист. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1998. – 22 б.; Жақыпов Б. Мұхтар Әуезов – публицист. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1994. – 32 б.; Есдаулетов А. Публицистика Ануара Алимжанова. // Автореферат дисс. канд. филол. наук. – Алматы: 1999. – С. 25.; Нуртазина Р. Публицистика Габита Мусрепова. // Автореферат дисс. канд. филол. наук. – Алматы: 1995. – С. 26.; Сердәлі Б. Камал Смайылов – публицист. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 1999. – 30 б.; Оспанов С. Сырбай Мәуленов – журналист, публицист. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 2000. – 32 б.; Жақсылықбаева Р. Шерхан Мұртаза – публицист, редактор. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 2002. – 34 б.; Асанов К. Е.А.Букетовтің публицистикасы. // Филол.ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы: 2002. – 32 б. [13]. Бұдан басқа журналистика теориясы бойынша кітаптар, газет жанрларының түрлері мен ерекшеліктері, олардың тарихы жайлы газет тәжірибесінен үлгілер берілген монографиялар мен зерттеу еңбектер жарық көрді.