СНХ: Асылжан Мамытбеков – «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің басқарма төрағасы - Оны сату бидайдан да қиын... Тілші: Қазіргі таңда әлемде 40 миллион тонна биоотын өндіріледі. Соның 70 пайызы АҚШ пен Бразилияның еншісінде. Саланы зерттеген мамандардың айтуынша, биоотынды кез-келген көлікке құюға болмайды. Ал біздегі көліктердің қозғалтқыштары тек 20 пайыз биотын қосылған жанармайға жарамды.
СНХ: Шаймерден Ахметов – Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары - Мысалға, Швецияда өндірілетін биоотын мен тұтынатын көліктердің үлес салмағын айтады. Тілші: Биоотын өндірісінің «еліміздегі экологиялық ахуалды оңалтуға көп септігі тиетініне» депутаттар дау айтпайды. Барлығы да келісіп отыр. Тек бидайдан жанар-жағармай жасауға келгенде халық қалаулылары екіге бөлінді. Бірі – квота белгілеу арқылы 3-ші сұрыпты бидайдың белгілі бір бөлігін өндіріске бағыттауды қолдайтындар болса, 2-сі үзілді-кесілді қарсылық білдірген топ.