«Журналистика жанрларының пішіндері мен функциясы» пәні бойынша оқу бағдарламасы Автор: ф.ғ.д., профессор М.Б.Шындалиева.
Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге публицистика жанрлары мен пішіндері, ерекшелік сипаттары, жанрлардың пайда болу, дамуы, жанрлармен жұмыс істеу әдістері, публицистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру. Қазақстан БАҚ-дағы жанрлар құрылымы, түрлерімен жақын таныстырып, теориялық бiлiмдерiн ұштау. Публицистика жанрларының тілдік, стильдік ерекшелiктерiн тап басып тануға баулу, өмiрлiк материалды белгiлi бiр жанр бойынша ұрымтал жазу машығын қалыптастыру, журналистiк шеберлiктi шыңдау, жанрлық ерекшелiктердi сақтай отырып, журналистiк шеберлiктi дамыту мақсатын көздейді.