Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


Астықты ұзындығы бойынша қоспалардан тазалау



Pdf көрінісі
бет16/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

2.3 Астықты ұзындығы бойынша қоспалардан тазалау
Басқа дақылдардың немесе қоспа дәнінің көлденең қиындылары 
негізгі астық дәннің қиындысымен тең келетін қоспаларды жұмыс ор
-
гандары ұяшықтар машиналарда – триерлерде бөліп алады.
Триерлерді жарма зауыттарының астықты дайындау бөлімінде 
ұзын қоспаларды, ал қауыздау бөлімінде қауыздалған өнімдерді 
қауыздалмаған өнімдерден және шағылған жармаларды ядродан ажы
-
рату үшін қолданады.
Астық массасының триер бетімен салыстырмалы жылжу әсерінен 
триер ұяшықтары өлшемінен кіші заттар ұяшықтарға орналасады, ал 
ұзындары оларға орналаса алмайды. Триердің жұмыс органы айналғанда 
ұяшықтардан ұзындары ерте түседі, ал содан кейін қысқалары түседі, 
олар бөлек топталады. Осы принциппен цилиндрлі және дискілі 
триерлердің жұмысы орындалады (6­сурет).
6-сурет
. Триерлердің жұмыс органы және нобайы
а, б – цилиндрлі; в – дискілі
Негізгі астық дақылдарынан қысқа және ұзын қоспаларды айыру үшін 
триерлерді қолданады. Қысқа қоспаларды (арамшөп, сиыр жоңышқа, 
тары қоспа, майдаланған дән) ажырату үшін ұяшықтары тазаланатын 
дақылдың массасының 5%­ынан аспайтын көлемін қамтитын триер 
арамшөп тазалағышты қолданады. Ұзын қоспаларды (сұлы, қара сұлы, 
арпа және басқалар) бөліп алу үшін сұрыпталатын астық массасы 95%­
дан астамын құрайды, қара сұлы бөлгіш триерлерді қолданады.
Цилиндрлі триерлердің ұяшықтарының диаметрі, сондай­ақ дискілі 
триерлердің (7­сурет) ұяшықтарының формасы және өлшемдерін 
сұрыптау мақсатына байланысты таңдайды.


26
7-сурет
. Дискілі триерлердің ұяшықтарының пішіні және профилі
Жарма дақылдарын сұрыптау мақсатына байланысты триер ұяшық­
тарын таңдау 3­кестеде келтірілген.
3-кесте
Сұрыптауға арналған триерлер 
ұяшықтарының өлшемдері мен пішіні
Өңделетін 
дақыл немесе 
өнім
Алынатын қоспалар
Цилиндрлі 
триер 
ұяшығының 
диаметрі, мм
Дискілі триердің 
ұяшығының 
диаметрі, мм
Күріш дақылы
Қысқалар
Жабайы тары
4,0; 4.5; 5.0
I – 4,0; I – 4.5


27
Күріш­жарма
Шағылған күріш 
және майдаланған 
дән
3,5; 4,0; 4,5
I
– 4,0; 
I
– 4,5
Сұлы
Арамшөп, 
сиыр жоңышқа, 
бұршақ және 
басқа қоспалар, 
майдаланған дән
5,0; 6,0
II
– 5;
II
­ 6
Арпа
Осы сияқты
6,0
II
– 6
Бидай
4,25 – 5,0
II
– 4,5; 
II
– 5,0
Сұлы ядросы
Майдаланған ядро
Ұзындары
4,0; 4,5
I
– 4,0:
I
– 4,5
Қарақұмық
Сұлы, қара сұлы, 
арпа және басқа 
қоспалар
7,0; 8,0; 9,0; 
10, 0
III
– 7; 
III
– 8;
III
– 9
Тары
Қара бидай, бидай 
және басқа қоспалар
3,0; 3,5; 4,0
I
– 3,0; 
I
– 3,5;
1 – 4,0
Арпа
Қара сұлы
11,5; 11,0
III – 11,0
Бидай
Қара сұлы, сұлы, 
арпа
8,5; 9,0; 10,0
III – 8; III – 9
Сұлы ядросы
Қауыздалмаған дән
8,0; 9,0
III – 8; III – 9
Сұрыптаудың жоғарғы тиімділігін алу үшін триерлердің ұяшық 
өлшемдерін таңдауда сұрыпталатын дақылдың және қоспалардың 
өлшемдерін ескеру қажет. Тазалаудың жоғарғы нәтижесін алу үшін 
астықты алдын ала ірілігі бойынша сұрыптап, триерлерден әр фракци
-
яны жеке өткізген тиімді болады. Мысалы, сұлыны қарамықтан бөлу­
де, майда фракцияны тазалауда триер ұяшығының саңылауын 7­8 мм 
таңдайды, ал ірі фракция үшін – 9­10 мм. Бидайды арпадан тазалауда май
-


28
да фракция ны арамшөп тазалағыш триерден өткізеді, ал ірі фракцияны 
қара сұлы тазалағыш триерге жібереді. Пайдалы негізгі дән қалдықтарға 
кетпеуі үшін қалдықтарды тексеруден өткізеді. Қалдықтардан майда 
дәнді бөліп алу үшін тексергіш триерлердің ұяшықтары диаметрін негізі 
триердегі ұяшық саңылауынан 1 мм кіші алады, ал ірі дәнді бөлуде тек
-
серу триерлерінде ұяшық өлшемін 1мм артық алады.
Астық массасындағы қысқа және арам шөптер мөлшерінен 80 пайыз
-
дан артық және сұлы, қара сұлы, арпа және басқа ірі қоспаларды тазалау­
да 70 пайыздан кем болмаса триерлердің жұмысы тиімді болып табыла
-
ды; қоспаларда бүтін және пайдалы дәннің мөлшері, қадағалау триерлер
-
де, қалдық мөлшерінің 2 пайызынан артпауы керек.Триерлердің осын
-
дай жұмысын қамтамасыз ету үшін және қуатын арттыруда триерлерді 
ереже ұсынған барлық техникалық қағидаларын орындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет