33
А1БКР машинасының негізгі жұмыс органы саңылауы 0,71,0 мм
сымтемір елек тартылған рама. Тербелмелі стол қайтарып қозғалыста бо
-
лады. Тербелмелі столдың ылдилығын 618 градус аралығында ұстауға
арналған реттегішпен қамтамасыз етілген. Тербелмелі стол астына
жұмыс бетіне (рамаға) ауаны бірқалыпты беретін арнайы құрылыммен
жабдықталған ортаға тепкіш желдеткіш орналасқан.
Тербелмелі пневмо тасбөлгіштің жұмысы сұрыпталынатын зат
тардың тығыздығы, үйкеліс коэффициенті және қалқу жылдамдығы
айырмашылықтарына негізделген.
Қабылдау қорабынан қоректендіргіш арқылы өнім ылдилы тербелмелі
електің жұмыс бетіне түскенде тығыздығы астықтан жоғары мине
-
рал қоспаларды астынан берілетін ауа ағымымен үрлеп, елек бетіне
шоғырланады және бағытталған тербелмелі қозғалыс әрекетінен жоғары
ығысып, минерал қоспаларға арналған астаушамен шығарылады.
Тығыздығы төмен астық өзіндік сұрыпталып, ауа ағымы әсерінен жоғары
қалқиды, ылди елек беті бойынша жылжып, машинадан шығарылады.
2.6 Астықты формасы және бет жағдайлары бойынша
қоспалардан тазалау
Кейбір жағдайларда, қиын бөлінетін қоспаларды және қалдықтарды
тексеруде фрикционды сепараторларды немесе ас бұршағын бөлетін
ленталы машиналарды қолдану тиімдірек. Себебі осы машиналар
-
да қоңыздармен желінген, өнген және дефорамцияланған дәнді, олар
дың шағылғандарын, сондайақ жарамдыларын және жарамды тағам
дық ас бұршағын бөлу тиімді өтеді. Бұл машиналардың жұмысы
өңделетін заттардың үйкеліс коэффициенттерінің, жылжу үйкелісі және
тербеліс ерекшелітеріне негізделінген. Зақымдалған заттардың жылжу
үйкеліс коэффициенті шар тәрізді және дұрыс формалы дәндердің осы
көрсеткіштерінен жоғары келеді.
Егер екі цилиндрлі барабанға тартылған,
а
бұрышқа еңкіштелінген
лента (11сурет) бетінде, суретте көрсетілген бағытта, қозғалтуда,
бірқалыпты ағысты орындағанда толыққан шар тәрізді дән бөлімше
1 жиналады; толмаған, беті кедірбұдыр, шарға толық ұқсамағандары,
осыған байланысты үйкеліс бұрышы жоғары болғандықтан, жылтыр
дәндерге қарағанда, ылди бетте баяу жылжып, 2 және 3бөлімдерге
түседі; жартылары және басқа қоспалар сусып лентаның 4бөліміне
түседі. Бұл жағдайда
34
мұндағы:
– лентаның ылдилығы;
1
– беті шарға ұқсас дәннің тербелу
үйкеліс бұрышы;
1
–
беті шар емес қоспалар, жарты дән.
Лентаның ылдилығын
α
және жылдамдығын
v
; таңдап жарамды және
толық орындалған ас бұршағын жоғарғы деңгейде бөлуге болады.
11-сурет
. Ленталы асбұршақ бөлгіш машинасының сызбасы
Жартылай асбұршағы көп болған жағдайда, ленталы ас бұршақ
алдында, сұрыптағыш машинаны пайдаланады. Асбұршағын бөлгіш
машинасының кемістігі оның өлшемдерінің жоғары болуы және қуатының
аздығы. Лентаның жылдамдығы 0,4 м/с. Бір ленталы машинаның қуаты
300 кг/сағ. (асбұршағын бөлгіш машиналарда бір, екі және үш лентаны
орналастырады).
Достарыңызбен бөлісу: