213
Жиынтық ұсыныс
– бұл бір жылда өндірілген нақты жалпы
ішкі өнім көлемі және оны өндірушілердің
бағалардың белгілі бір
деңгейінде нарыққа ұсына алу қабілеті. Жиынтық ұсынысқа да
бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлар
жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді және соған орай қисықтың
бойында өзгеріс орын алады. Ал бағалық емес факторлар әсер еткенде
жиынтық ұсыныстың өзі өзгереді және
қисық оңға немесе солға
жылжиды. Бағалық емес факторларға технология, ресурстардың
бағалары, қолданылатын ресурстардың көлемі, салық салу деңгейі,
нарықтық құрылымдардың өзгерістері және басқалары жатады.
Бұл уақыт факторын ескермейтін сондай стандартты жағдай болып
табылады және жиынтық ұсыныс қисығы баға деңгейі мен жиынтық
өнім көлемі арасындағы тура тәуелділікті көрсетеді.
Алайда, жиынтық ұсыныс және
оның көлемі уақытқа тәуелді
болып табылады, сондықтан осындай ерекше жағдайларда, жиынтық
ұсынысқа қатысты үш мерзімді кезең анықталады (11.2-сурет):
1. Қысқа мерзім
, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер
болғанда бағалар деңгейі өзгермейді және тек жиынтық өнім көлемі
ғана өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы көлденең
сипатта болады.
Достарыңызбен бөлісу: