Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Ұсыныстың баға бойынша икемділігі



Pdf көрінісі
бет84/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Ұсыныстың баға бойынша икемділігі
тауар бағасының бір 
пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түр -
де қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакция-
сын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігі нің 
көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:
E
S
P
 = 
D
Q% / 
D
P%,
мұндағы, E
S
P
– ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін 
коэффициент; 
D
Q% – ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі
D
Р% – тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі.
Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі 
5 түрі бар: 
1)
икемді ұсыныс
– бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс 
көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің 
бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл 
икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (E
S
P
>1);
2)
икемсіз ұсыныс
– бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс 
көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің 
бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл 
икемділіктің коэффициенті бірден төмен (E
S
P
<1);
3)
бірлік икемді ұсыныс
– бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір 
пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай 
(бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша 
пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті 
1- ге тең (E
S
P
=1);
4)
абсолютті (өте) икемді ұсыныс
– бағаның өте аз немесе мүлдем 
өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін 
жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, E
P
S
=
∞;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет