бет 38/100 Дата 13.01.2023 өлшемі 8,63 Mb. #165468 түрі Оқулық
Байланысты:
AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу. 2.3.1. Сызықтық және параллель ӛлшемдер.
DIMLINEAR (РЗМЛИНЕЙНЫЙ ) командасы сызықтық ӛлшемдерді қоюға
арналған. Оны аспаптар тақтасында пиктограммасын басу арқылы немесе Dimension (Размеры) құлама мәзірінен Linear (Линейный) пунктін таңдау арқылы шақыруға болады.
Үшбұрышты объектінің ӛлшемдерін қойып шығалық (2.43-сурет). Алдымен горизонталь ӛлшемнен бастайық. Команданы бірінші сұранысы:
Specify first extension line origin or :
(Начало первой выносной линии или <выбрать объект>:)
Бірінші шығарма сызықтың нүктесін (1) нұсқау керек. Жүйенің келесі сұрауы:
Specify second extension line origin:
(Начало второй выносной линии:)
Екінші шығарма сызықтың нүктесін (2) объектілік байлау кӛмегімен белгілейміз. Бұдан кейін жүйе ӛлшем сызығын қай жерге қою керек екенін сұрайды:
Specify dimension line location or
[Mtext/Text/Angle/Horizontal/Vertical/Rotated]:
(Положение размерной линии или [Мтекст/Текст/Угол/Горизонтальный/Вертикальный/Повернутый]:)
Объектіде белгіленген нүктелер бойынша жүйе ӛлшемнің қай типін (горизонталь немесе вертикаль) қою керек екенін анықтайды. Егер сіз онымен
2.43-сурет
келіссеңіз, тышқанның сол батырмасын шертіп, ӛлшем сызықтың орнын анықтайтын нүктесін нұсқайсыз. Жүйе командалық жолда ӛлшем мәтінін жазады:
Dimension text = 30 (Размерный текст = 30).
Қойылған ӛлшем біртұтас объект (примитив) болып табылады. Егер біз оны тышқанның кӛмегімен таңдайтын болсақ, ол түгелімен белгіленеді.
Дәл осы жолмен объектінің вертикаль ӛлшемін қоюға болады (2.44-сурет).
Бірінші және екінші шығарма сызықтардың нүктелерін енгізгеннен кейін, ӛлшемдік сызықтың орнын кӛрсететін кезде тышқанның кӛмегімен ӛлшемді сол (немесе оң) жаққа тартып, қажетті орында тышқанның сол батырмасын шерту керек. Нәтижесінде объектінің вертикаль ӛлшемі қойылады.
2.44-сурет
Сызықтың ӛлшемнің типін ӛзгертуге болады. Ол үшін ӛлшем сызықтың орнын кӛрсететін кезде келесі опциялардың бірін таңдауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: