Шар
AutoCAD-та шарды салу үшін арнайы SPHERE командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
Моделирование аспаптар панелі батырмасы;
Рисование мәзірі Моделирование Шар;
Командалық жолда Шар немесе Sphere сӛзін енгізу;
Басқару пульті 3D Make (3D построения) Шар.
Команданы шақырған кезде AutoCAD алдымен шардың центрінің орнын сұрайды:
Команда: _sphere Центр или [3Т/2Т/ККР]:
Одан кейін шардың радиусын немесе диаметрін сұрайды. Объектілік байланыстың ішінде шар үшін тек қана центрге байлануды қолдануға болады. AutoCAD та шарды салу үшін арнайы SPHERE командасы бар.
4.4 – суретте шардың кескіні берілген. 4.4, а – суретте шардың каркастық моделі кӛрсетілген. Бұл жерде шардың кескінін бейнелейтін сызықтардың – изосызықтардың саны аз (жүйеде бастапқы орнатылған саны 4-ке тең) болғандықтан кескіннің кӛрнекілігі тӛмендей болады. Оны кӛбейту үшін командалық жолда isolines командасын енгізу керек. Жүйе изосызықтар санын
енгізуді сұрайды. Сол кезде жаңа мәнді енгізу керек. 4.4, ә-суретте шардың изосызықтар санының 16 болған кездегі кескіні кӛрсетілген. 4.4, б-суретте Визуалды стильдің Концептуальный түрінің кӛмегімен шардың боялған кескіні кӛрсетілген.
.
Шар командасын шақырғандағы центрден басқа опцияларды қарастырып
кӛрейік.
3Т (Три точки) опциясын таңдағанда шарды үшӛлшемді кеңістікте үш нүктені беру арқылы салуға болады. Бұл үш нүкте шар шеңберінің жазықтығын анықтайды.
б
ISOLINES мәнінің әр түрлі болғандағы шардың каркастық модельдері
- сурет
2Т (Две точки) опциясын таңдағанда шарды үшӛлшемді кеңістікте екі нүктені беру арқылы салуға болады. Шар шеңберінің жазықтығы бірінші нүктенің Z координатасымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |