ККР (Касательная, Касательная, Радиус) опциясын таңдаған кезде шарды берілген радиуспен басқа екі объектіге жанама етіп салуға болады.
Цилиндр (Cylinder)
AutoCAD-та цилиндрді салу үшін арнайы Cylinder командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
Моделирование аспаптар панелі батырмасы;
Рисование мәзірі Моделирование Цилиндр;
Командалық жолда Цилиндр немесе Cylinder сӛзін енгізу;
Басқару пульті 3DMake(3Dпостроения) Цилиндр.
CYLINDER командасының кӛмегімен тік цилиндр салынады. Команданы шақырғанда командалық жолда келесі сұрау шығады:
Команда: _cylinder
Точка центра основания или [3Т/2Т/Ккр/Эллиптический]: Цилиндр табанының центрін беру (1) керек (4.5 – сурет).
Задать радиус основания или [Диаметр]:
Цилиндр табанының радиусын енгізу керек. Диаметр мәнін енгізу үшін пернетақтадан Д әрпін теріп, содан соң диаметр мәнін енгізу керек.
Задать высоту или [2Точки/Конечнаяточка оси]:
Цилиндрдің биіктігін (2) енгізу керек. Осыдан кейін команда жұмысын аяқтайды. Бұл жерде 2Точки опциясын таңдасаңыз, биіктікті екі нүкте арқылы беру керек. Екі нүктенің арасындағы қашықтықты жүйе биіктік ретінде
2
- сурет
қабылдайды. Конечная точка оси опциясын таңдасаңыз цилиндр осінің екінші шеткі нүктесін таңдау керек. Бұл нүкте цилиндр тӛбесінің центрі болып табылады және үшӛлшемді кеңістіктің кез келген нүктесінде болуы мүмкін. Осьтің шеткі нүктесі цилиндрдің биіктігі мен цилиндрдің бағытын анықтайды. 4.6 – суретте цилиндрлерді кез келген бағытта салуға болатыны кӛрсетілген.
- сурет
3Т опциясы цилиндр табаны шеңберінің ұзындығын және цилиндрдің базалық жазықтығын үш нүктемен анықтайды.
2Т опциясы цилиндр табанының диаметрін екі үш нүктемен анықтайды.
Ккр опциясы цилиндр табанының шеңберін берілген радиуспен және екі объектіге жанама етіп салуға мүмкіндік береді.
Эллиптический опциясы табаны эллипс болып келетін цилиндрді салуға мүмкіндік береді (4.7 – сурет). Бұл опцияны таңдағанда алдымен эллипстің бірінші осінің шеткі нүктесін сұрайды немесе эллипс центрін енгізуді сұрайды: