Команданы орындау ENTER пернесін басу арқылы аяқталады. Команданың орындалу мысалы 4.28 – суретте кӛрсетілген.
Массив
Үш ӛлшемді объектілердің XY жазықтығында массивін жасау үшін Массив(Array) стандарт командасын қолдануға болады. Дӛңгелек және тікбұрышты массивтерді жасау жазық объектілердің массивін жасаудан ешбір айырмашылығы жоқ (4.27 - сурет). 3М-массив (3d array) командасы үшӛлшемді тікбұрышты және дӛңгелеу массивтерді жасауға мүмкіндік береді. Үшӛлшемді тікбұрышты массивтер осындай жазық массивтерден айырмашылығы – мұнда қатарлар мен бағандарға қабаттар (этаждар) қосылады. Ӛкінішке орай, мұнда алғы шарттарды екіӛлшемді массивті жасағандағыдай диалогтық терезеде емес, командалық жолда енгізуге тура келеді. Бұл енгізіліп қойған параметрлерді ӛзгертуді қиындатады, сондықтан бастапқы шарттарды енгізгенде аса мұқият болған жӛн.
4.27-сурет
Фаска салу
Фаска (Chamfer) командасын қаттыденелі объектіде фаска жасау үшін қолдануға болады.
Бұл операция тӛмендегідей жолмен орындалады.
РЕДАКТИРОВАНИЕ(Modify)аспаптар панеліндегі Фаска(chamfer) пиктограммасын басыңыз. Командалық жолда келесі жазу пайда болады:
Бұл ақпарат ағымдық режимде фасканың сыртындағы сызықтардың кесілетінін және фасканың бірінші және екінші кесінділерінің ұзындықтарын кӛрсетіп отыр.
Одан кейін жүйе фасканы жасауға немесе опцияларын ауыстыруға сұрау береді: