Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет116/123
Дата25.09.2022
өлшемі9,29 Mb.
#150652
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   123
Байланысты:
шеберлик

№ 21


4-кластың екі оқушысының мінезіне бақылау жасау мынаны көрсетті: бірінің ұстамдылығы қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерді атқарғанда көрінсе, екіншісінің ұстамдылығы еңбекте де, ойында да, спортта да және әртүрлі сабақтарда да көрінеді.
Қайсысында ұстамдылық темперамент қасиеттерімен басымырақ қозады? Қандай белгілермен орнатуға болады?


№ 22


Сара апай туралы жақсы пікірлер естіп жүрдім. 4-кластағы сабағын көруге келдім. Сабақ үстіндегі тәртіп, балалардың белсенділігі таң қалдырды.
Сабақтан соң, оқушылардан “Сара апайды жақсы көресіңдер ме?” -деп сұрадым.
“Жоқ, біз одан қорқамыз. Сәл қимылдасаң, ата-анаңды шақырады. Сондықтан оның сабағын жаттап аламыз”.
Сұрақ: Мұғалім мен балалардың қарым-қатынасын қалай бағалайсыз?


№ 23


Педагогикалық негізгі ұгымдардың тізбесін жасаңыз.


№ 24


Саябақтағы жұмыс қызып жатты. Жұмыс бәріне де жетерлік еді. Апалы-сіңілілер жеңдерін түріп, шүберек орамал алып, іске кірісті. Еділ мырзасынып, сен неғып тұрсың? Үйдің төбесін жууға көмектес, – деді оған немере апасы.

    • Жумаймын оны, біздің шаруамыз емес. Ал егер ауыр бір нәрсені әкел десең, әңгіме басқа... Үйді жинастыру әрқашан әйел адамның шаруасы болып келген, – деп қостап қойды немере інісі Қапаш.

    • Қызық екен еден жуу, үй жинау біздің ісіміз болсын. Өткен аптада стол әкелу, шкафтарды қозғау сияқты біз атқарған іс те қыздардың жұмысы делік. Сонда сендер “ерлердің” ісімен қашан айналыспақсыңдар.

Көбіне істі “ерлердікі” және “әйелдердікі” деп бөліп жату – өзінің барып тұрған жалқаулығын бүркемелеу болып шықпай ма? Пікірлеріңізді өнегелі өмір тәжірибесімен дәлелдеңіз.

№ 25


Мектептің педагогикалық кеңесінде оқу-тәрбие процесінің қорытындысы талқыланды. “Педагогикалық жұмыстың нәтижесі” деп нені есептейміз? - деген сұрақ қойылды.
География пәнінің мұғалімі. “Мен оқушыларыма ризамын. Пән бойынша екілік жоқ” - деді. Тарих пәнінін мұғалімі. “Бір қарағанда шәкірттерімнің бәрі тәрбиелі сияқты. Бірақ үлкен өмірге аттанғанда, олардың кім боларына мазасызданамын” - деді.
Сұрақ: Осы айтылған пікірлерден оқу тәрбие жұмысында нақтылы міндеттерді, тәрбие принциптерін шешіп отырғандарын көруге бола ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет