Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075)


Р және Р' дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері



бет11/33
Дата25.12.2016
өлшемі11,49 Mb.
#4420
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Р және Р' дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
Р және Р' дыбыстарының айтылуындағы түрлі кемшіліктері ротацизм деп аталады. Ол дыбыстың қате айтылуын немесе басқа дыбыспен алмасуын білдіреді. Кемшіліктің екінші түрі параротацизм деп аталады. Р дыбысының-жасалу механизмі мынандай /26-сурет/.


26-сурет. Р фонемасының

артикуляциялық көрінісі

/қырынан/



Ерінің қалпы іргелес дыбыстарға байланысты әсіресе келесі дауысты дыбысқа тәуелді. Мысалы: ра, ро, ру буындарын салыстырғанда байқалады. Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында белгілі қашықтық сақталады. Тіл қасық пішіндес болады. Оның бүйір шеттері түп азуларға тиеді, алдыңғы шеті альвеолға көтеріледі, онымен тиіседі және дем ауасымен тербеледі. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс пердесі тұтасады және тербеледі.

Жұмсақ Р дыбысының айтылуы артикуляцияда жұпталған қатарынан тіл үстінен қосымша көтерілумен, аздап ілгері ығысумен ерекшеленеді.

Ротацизм мен параротацизмнің түрлерін қарастырайық. Р дыбысы өзіне тән артикуляциядан айырылып, іргелес дауыстының созылуы арқылы білінуі мүмкін /марка орнына «маака».

Р дыбысы тамақтан дірілдейтін дыбыс түрінде жиі кездеседі. Бұндай артикуляцияның бірінші түрі-велярлық Р, онда тілдің түбір бөлігі жұмсақ таңдайдың төменгі шетімен жақындасып, екеуі саңылау жасайды. Осы саңылаудан өткенде дем ауасы жұмсақ таңдайда ұсақ, жүйесіз тербеліс туғызады да, одан шыққан шу дауыс тонына араласып Р дыбысына өзіндік қателікті үн береді. Екінші түрі-увулярлық. Онда тек кішкене тіл тербеледі. Сондықтан тербеліс сәйкесті сипат алып, құлаққа дүріл естіледі.

Кейде Р орнына ағылшынның мұрындық дыбысы естіледі. Ол тіл түбін жұмсақ таңдайға жапсырып, ауаны мұрынға еркін жіберу арқылы жасалатын немістің-па дыбысына, мысалы: long, lang ұқсайды.

Р дыбысын - j дыбысымен алмастыру /қар, қарға орнына «қай», «қайға» бала тіліне тән сипат береді. Кейде бір екпінді Р дыбысымен алмасады.

Бұндай жағдайда тіл альвеолға бірақ рет тиеді, тербеліс тиылады, сонда ағылшынның I, орыстың Д дыбысына ұқсас дыбыс естіледі /«қадға»/. Ұзақ дүрілді дыбыс шығару нәтиже бермейді. Мектепке дейінгі балаларда Р орнына Л немесе жартылай жұмсақ Л айту кездеседі / «қал», «қалға»/ және ол уақытша болады.

Кейде қатаң Р-ны жұмсақ Р' мен алмастыру да кездеседі. Кері алмасуда болады. Бүйірлік Р дыбысы да жиі кездеседі. Онда тіл ұшының тербелісі орнына оның бүйір шеті мен азулар арасындағы жалғастық қопарылады да Л дыбысына тән артикуляция пайда болады. РЛ тіркесі естіледі / «қарлға»/.

Ең ақырғы сирек кездесетін ротацизм түрі-дем ауасы тілдің бүйір шеті мен жоғары азулар арасындағы саңлау арқылы өтетін, ұртты тербелетін-ұрттық Р. РШ дыбысты теріс айтуда оны Р, Л, Л' /Й/, Г, Д дыбыстарымен алмастырылатын параротацизмнің бірнеше түрі кездеседі. Оның кейбіреулері әсіресе Р, Р', Л, Л' алмасуы, жазуға әсер етеді. Көбінесе ротацизмнің түрінде қатаң Р бұзылып айтылғанда жұмсақ Р дұрыс айтылады, немесе керсінше кездеседі.

Ротацизмнің алғы шарт болатын анатомиялық аномалиялары мыналар: тіл асты желбезегінің қысқалығы, жіңішке және биік таңдай, шектен тыс үлкен немесе жіңішке, икемі кем тіл.

Мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының ротацизмнің түзетудегі бірінші талпыныс еліктеу негізіндегі құлақпен қабылдайды, сосын оны төңіректегі дүрілді дыбыстармен /мотор үні, күн күркіреу/ бекітуді қамтиды. Сонымен қатар айна арқылы тілдің формасы қалпы мен қызметін бақылап отыру мүмкіндігі пайдаланылады. Р дыбысын айтқанда қолды ауызға тақау дем ауасының үздікті дірілдік байқатады. Алайда қарапайым еліктеу ең жеңіл кемшіліктерге көмектеседі.

Әдетте Р дыбысын дұрыс айтып үйрену арнаулы жаттығуларды қажет етеді.

Егер қатаң Р дыбысы жұмсақтау айтылатын болса Р дыбысын созып айтқанда ауызды біртіндеп кең аша отырып, автоматты түрде тіл алды артикуляциясының кейін ығыстра отырып, қатаң дыбыс алуға болады, ол үшін ауызды ашып иекті бармақпен басады, тіл ығыстыру үшін оның астына шпатель немесе № 5 зонд қояды.

Керсінше жұмсақ Р қатаң айтылатын болса тілдің біртіндеп ілгері ығысуын жүзеге асыру керек.

Басқа жағдайларда Р дыбысының артикуляциясын алу үшін екі бағытта жүргізілген әзірлік жаттығулар қажет.

Жаттығудың екінші түрі тіл тербелісін қалыптастыруға арналған, егер бала жоғарғы Ш, Ж дыбыстарын дұрыс айтса, фрикативтік Р дыбысын жасау қиын емес. Ол үшін ауызды ашып, дөңгелектемей, тілдің алдыңғы шетін ілгері, жоғарғы күрек тістер қызыл иегіне жылжытып Ж дыбысын соза айтады оған жеткен соң тербелістің меңгеріліун күтпей-ақ Р дыбысын айтуды буын, сөз, сөз тіркесімен бекітеді. Мұндай дыбыс дем ауасының қатты қысымымен, тіл ұшы мен қызыл иек арасындағы тар саңылаумен айтылу маңызды. Егер Ш және Ж дыбыстары теріс айтылатын болса, онда тіл ұшы жоғары көтерілмесе, онда Ш дыбысын айтудағы тіл қимылын түзейтін артикуляциялық жаттығулардың бәрін қайталау керек.

Тербелісті қалыптастыру үшін бір дем шығаруда Д дыбысын неғұрлым жиі қайталайды. Оның артикуляциясы ерекше ауызды аздап ашып тілдің алдыңғы шеті күрек тіске емес жоғарғы қызыл иекке, альвеолға тигізеді /ағылшынның дыбысын айтқандай/. Жаттығу әуелі дыбысты екі, үш қатар қайталаудан /дд, дд ... дддд, ддд/ одан соң соңғы дыбысты күшейту сериясынан /дд, дд ... ддд, ддд .../ дыбысты бірнеше қайталап айтудан /ддддд ... /, әрбір үшіншісін ырғақпен ерекшеленуден /ддд, ддд .../ тұрады. Т дыбысынан бастап айтуға да болады /тд, тдд/- Бұнда төменгі жақ қозғалмай, тіл ғана жұмыс істеуге тиіс.

Егер жаттығуды ауыздың ашық қалпында айту қиын болса немесе тілге ілесе төменгі жақтың «секіртпелі» қимылы байқалса, бүйірден түпкі азулар арасына кергіш етіп оған шпатель немесе резина білік енгізу керек. Кешікпей механикалық ықпалдың қажеті болмайды.

Одан соң екі, үш қатарлы айту дауысты дыбысқа аяқталады /дда, дда, дды, дды, ддда, дды, дддды/.

Тербелісті қалыптастыру үшін ДР дыбысы орнына тр, др дыбыстарынан басталатын тіркесте айтады.

Тағы бір тәсіл бойынша фрикативтік дыбысын ұзақ айтқанда тіл астына кішкене шар тәрізді шпатель қояды /27-сурет/ кішкене шар тәрізді шпатель тілдің төменгі жағына тигізіп, шпатель оңға, солға жылдам қозғалумен тілді тербеліске келтіреді.





27-сурет Ұшы

домалақталған шпатель


Тілдің алдыңғы бөлігін альвеолаға тигізу, ажырату жүзеге асады. Кішкене шар тәрізді зондтың орнына саусағын пайдалануға болады. Алдымен саусақты логопедтің өзі қозғайды, кейін бала өздігінен жасайды. Жаттығу кезінде тілдің тиісті орынға оралуын, тіл мен альвеол арасында тар саңылау болуын бақылап отыру керек.

Ақырында тілдің өздігінен тербелуіне альвеолдық Т немесе Д дыбыстарын фрикативтік Р дыбысымен



тіркестірудің көмегі көп /др, дддр, тр, тттр/.

Бастапқы тілдің ұшы ғана тербелетін, тербеліс секундына 20 ретке жететін «ұсақ діріл» болуы мүмкін.

Одан әрі, әсіресе механикалық әсердің ықпалымен тілдің елеулі бөлігі тербелуге, тербеліс саны азаюға, қалыпты болуға тиіс.

Тербеліс қалыптасқан соң, сөз тіркесінен жасалатын жаттығулар арқылы артикуляция машықтандырылады (бекітіледі).


Л және Л дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері

Л және Л' дыбыстарын айту кемшіліктері ламбдацизм деп аталады.



Олардың басқа дыбыстармен алмасу кемшіліктері параламбдацизм деп аталады. Л дыбыстың жасалу механизмі мынадай /28-сурет/.


28-сурет. Л фонемасының артикуляциялық көрінісі



Ерін қалпы іргелес, көбіне кейінгі дыбыстарға байланысты, мысалы: ла, ло, лу, буындарын салыстырғанда байқалады. Төменгі, жоғарғы күрек тістер жақын орналасады. Тілдің ұшы жоғарғы тіске немесе қызыл иекке тіреледі. Тіл буйірлері азуға тимейді, содан дем шығатын қуыс қалады. Ол көбінесе бір жақты, әсіресе сол жақта болады. Тіл түбі көтеріледі, сондықтан тіл ер пішінді болады.

Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері жабылып, тербеледі. Жұмсақ Л' артикуляциясының қатаң түрден айырмасы-көтерілетін тіл түбірі емес, оның алдыңғы-орта тұсы, қызыл иекке тиетін тіл ұшы ғана емес, алдыңғы үстінің біраз бөлігі альвеолға тиеді. Кейде Л дыбысы тіпті тіл ұшы төмен түскен, тілдің алдыңғы альвеолға тиген жағдайда айтылады.

Л және Л' дыбыстарын қатар камтитын ламбдацизм өте сирек кездеседі, әдетте оған қатты Л ұшырайды, бұл қатты Л артикуляциялық күрделігіне байланысты.

Л дыбысын айтудың түрлі кемшілігі кездеседі, оның көпшілігі ротацизмге /параротацизмге/ сәйкес келеді. Оған жататындар сөз құрамында осы дыбыстың ұзартылған іргелес дауысты түрінде кездеседі/ «лақ», «қала» орнына «аақ», «қаааа»/. Ы түріндегі қысқа дауысты болып айтылуы /ыақ, қаыа/, фрикативті Г болып айтылуы /уақ, қуа/, жіңішке Л немесе жартылай дыбысымен алмасуы /ляқ, қаля/, Н дыбысымен алмасуы /нақ, қана/ кездеседі.

Ламбдацизмнің ең көп тараған түрі Л дыбысының қос еріндік сонантасы түрінде айту. Бұл дыбыс В немесе У дыбысын еске салады, жақын орналасқан еріндерге шығатын демнің үйкелуінен туатын дауысты жеңіл шу арқылы пайда болады. Дауысты У дыбысындағы сияқты тіл ауыз артына қарай тартылады. Ламбдацизмге алғы шарт болатын сөйлеу, аппаратының кұрылысындағы анатомиялық аномалия ретінде тіл астының желбезегінің қысқа жалғасын атауға болады.

Ламбдацизм түрлерін түзетудің тәсілдерінде белгілі ерекшеліктері болғанмен, алайда бірыңғай болып келеді.

Кемшіліктер еліктеу арқылы түзетуге дыбысты логопедтің анық айтуын тыңдап қабылдау /а, л, а/ тіл қалпын көріп қабылдау /ауызды ашып/, жиі жылы демді қолмен сезіну енеді.

Алайда ламбдацизмді еліктеу арқылы түзету сирек нәтиже береді. Оның үстіне-ламбдацизмді басқа әдістермен түзету кезінде логопедтің үйреншікті қате артикуляция қайталанбауы үшін одан бас тартуына тура келеді.

Лабдацизмді түзетудің арнаулы әдістері мынадай: балаға айна алдында тілді шығарып, оны тіс арасына қысу, сосын А немесе Ы дыбыстарын созып айту ұсынылады. Логопед нұсқаулар береді, айна алдында артикуляцияны дауыстамай көрсетеді. Сөйлеу аппаратының осы қалпында созыла Л пайда болады, бірақ баланы жаңылдырмау үшін оған назарын аудартпайды.

Осы жаттығуды әуелі сыбырлап айтып, ауыздың бүйір қуысынан шыққан ауаны бақылай отырып екпінді дем алу да пайдалы. Егер тіл бүйірлері арқылы дем шығаруда қиындық кездессе, сонымен қатар Л дыбысын қатаң айту үшін қажет болатын, ауыз формасын сақтау керек болса, мынадай жаттығу жасау керек: бала тілді тіс арасына кеңінен сұғып, демімен ұртын толтырады. Содан соң дыбыс шығарса шу аралас Л дыбысы пайда болады, қосымша шу буын мен сөздер айтқанда біртіндей азаяды. Артикуляцияны бекітуге арналған алғашқы жаттығуларда әуелі жабық буында, кейін ашық буында А дауыстысы қосып айтылады /ол-а/ ең соңында ашық /ла/ қолданылады. Одан әрі ы, о, у дауыстылар пайдаланылады /ала, алы, алу/.

Бүйірлік қуыстар жасау өте қиын болғанда, әсіресе Л дыбысы Н дыбысымен алмасатын парасигматизмде № 4 зонд қолданылады. Ол тілге көлденең қойылып, бүйірлерін қысады да тіл ұшы жоғарғы тістерге тіреледі. Сонда дем ауасы тіл бүйірлері мен жоғарғы тіс арасындағы қуысқа ұмтылады. Зондтың орнына дөңгелек пластмасса таяқшаны пайдалануға болады оны ауызға бүйірден енгізеді, тілдің бүйір шетін бір жағынан /оңқай-оңнан, солақай-солдан/ төмен қысып, бүйірлік ауаға жол ашады. Содан кейін дауыстағанда бүйірлік сонант шығуға тиіс.

Егер тілдің икемсіздігінен аталған тіл қалпын орнықтыру мүмкін болмаса артикуляциялық жаттығулар жасау керек. Ол тілдің «қазықша» қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға бағыттауы керек. Жаттығу мыналарды, қамтиды, тілді кезекпен жалпайту немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі, жоғарғы еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп ұстау.

Егер еріндердің тарылуымен байланысты ламбдацизмде еріннің артикуляциясын түзеу қиын болса, тісті қасқита отырып ерінді ашып жабу пайдалы.

Ламбдацизм Л дыбысымен қатар Л' дыбысына да қатысы болса, біріншісін түзету екіншісіне негіз болады. Ол алдыңғы қатар дауыстылары бар /ли, ле/ ашық буындарды айту арқылы, сосын Л және Л' дыбысты басқа буындарды салыстыру /ла-ля, ло-ле/ арқылы жүзеге асады.

Ламбдацизмді туғызатын тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хирургиялық операция туралы шешім қабылданады.

Л дыбысының артикуляциясы түзетіліп, буында, сөзде бекітілген соң, параламбдацизм болған жағдайда алмасатын дыбысты ажыратуға арналған жаттығулар жасалады.

К, К', Г, Г', X, X' /И/ - дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері

К және К' дыбыстарының кемшіліктері-каппацизм Г және Г' дыбыстарының кемшілігі - гаммацизм, X және X' дыбыстарының кемшілігі-хитизм деп аталады. Осы дыбыстардың басқа дыбыспен алмасуы паракаппацизм (парагаммацизм, парахитизм) деп аталады.

/Й/ дыбысының кемшілігі - йотацизм деп аталады.

К дыбысының жасалауы мынадай, /29-сурет/. Ерін қалпы іргелес дыбысқа байланысты /ка, ко, ке/. Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында саңылау сақталады. Тіл ұшы төмен, үсті таңдайға тиеді. Ол фонетикалық жағдайға қарай өзгеріп тұрады. Дыбысты айту кезінде тілмен таңдай байланысы ажырап, арттағы ауа қысымына жол ашады. Жұмсақ таңдай көтеріліп тұрып жолын жабады. Дауыс перделері ажыраған күйде.

Одан Г дыбысының айырмасы ажырау алдында дауыс перделері әуелі түйісіп, қатты тербелумен ерекшеленеді.




29-сурет. К фонесмасыньщ

артикуляциялык көрінісі

(профилі)




X дыбысын айтудың К дыбысынан айырмасы тіл үсті таңдайға түгел тимейді, орта қуыс қалдырады, сол арқылы өткен дем ауасы X дыбысына тән шу шығарады. Жұмсақ К', Г', X' дыбстары қатаң жұптардан тіл мен таңдай жасайтын қуыстың ілгері, орта таңдайға ығысуымен ерекшеленеді /Й/ дыбысы үндеген X' дыбысы сияқты артикуляцияланады.

Каппацизмнің негізінен үш түрі кездеседі. Оның бірінде К бәсең айтылатын тамақ шертпесі сияқты естіледі.



Бұл дыбыс перделері тығыз жабыңқы, тыныс алу бұлшық еттерінің қатысуынан ауа кысымының артуы, содан соң байланыстың қопарылып, ауа шумен дауыс пердесі арқылы шығумен жасалады.

Басқа жағдайларда К мен Т алмасатын паракаппацизм кездеседі. Кітап-тітап, үшінші жағдайда қопармалы К фрикативті X дыбысымен алмасады, бүл да паракаппацизмге тән.



Каппацизм туғызатын аномалия - қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды. Егер оны айна алдында артикуляциясын көрсетіп, еліктеу, қолымен бейнелеу арқылы түзету мүмкін болмаса, шпатель көмегімен механикалық әсер керек /30-сурет/.

а/ б/ в/

30-сурет

К фонемасын шпательдің көмегімен қою.
Балаға та-та-та буындарын айтқызады. Қайталаудан бұрын шпательмен тілдің алдыңғы үстін төменгі тіске қысады. Сонда та орнына тя деп айтылады. Одан соң жаттығу тілді тереңірек басу арқылы кайталанып та орнына кя алынады. Соңында тілді одан да терең басып ка буынын алады.

Жаттығу кезінде үйреншікті қате артикуляция тұрмауы үшін баланың есіне К дыбысын салмайды, дауыстап айтпайды.

Кейбір жағдайда дыбысты түзету бір сабақта өтуі мүмкін, кейде тя немесе кя кезеңіне бірнеше сабақ арнайды. К дыбысын тілді бірден терең басу арқылы алуға ұмтылу, баланың тіл мен таңдай байланысын жасауына мүмкіндік бермей, жұмыстың нәтижесін тежеуі мүмкін.

Айтылған жаттығуларды жасағанда тіл үстін ортаңғы және сұқ саусақтармен өзіне бастыру пайдалы.

Жаңа артикуляция пайда болған соң, балаға К дыбысы алынғанын айтып, оны буындарда бекітеді /тілді басуды тоқтатпай/. Кейін тілді баспай айту да үйретіледі. Онда логопед баланың тілді басатын қолын ұстап отырып, екі буынды айтқызады да, үшіншіде қолды тартып алады, сөйтіп дыбыс инерциясымен айтылады. Мүмкін болған сәтте-ақ механикалық әдіс тоқтатылады. К дыбысына сүйене отырып К дыбысын дұрыс айтқызу үшін тіл мен таңдайдың түйісуін ілгері ығыстыру қажет.

Осы талаптар орындалғанда, дұрыс орныққан К дыбысының орнына коп күш жұмсалмай, жұмсақ К' дыбысын алуға болады.

К дыбысы Т немесе X дыбысымен алмасатын паракаппацизмде буын сөз жаттығулары дұрыс дыбысты бекітуге, алмасқан дыбысты ажыратуға бағытталуы керек.

X дыбысының айтылуының бұзылуы хитизм немесе басқа дыбыспен К алмасуы парахитизм деп аталады. Біріншісінде, дем ауасы өз жолында тіл мен таңдай жақындасқанда пайда болатын саңылауды кездестірмей дауыс перделерінің жақындасуынан туатын әлсіз тамақ шуы естіледі. Яғни халва, хат, орнына «һалва», «һат» естіледі. X дыбысының бұлай айтылуы көптеген тілдерге соның ішінде орыс тіліне де тән.

Екінші жағдайда тіл артикуляцияға белсене қатысады, бірақ қуыс орнына тіл мен таңдай жабысады. Онын екеуінде де X дыбысын К дыбысынан алуға ұмтылу керек, сонда тілдік-таңдай түбірлік КХ дыбыс шығады. Одан соң фрикативтік бөлігін ажырату және жаттығу арқылы артикуляцияны бекіту жүзеге асады.

Егер бұл нәтиже бермесе, нәтиже кепілдік беретін күрделі тәсіл қолданады. Онда Т дыбысынан К дыбысын ажыратқандай механикалық әдіс пайдаланылады. Балаға дауыстыны соза с-а буынын айтқызады. Осы буынды қайталағанда тіл үстін шпательмен тіске қысады. Сонда са орнына ся, ща буыны пайда болады. Одан соң шпательді ауызға сұғындыра отырып хя буынына айналдырады, одан да сұғындырып ха буынын алады. Бұған К дыбысын алғандағы сияқты түрлі балаға түрліше уақыт жұмсайды. Тілді қажет қалпында бала өз қолымен ұстауына болады. Парахитизм жағдайында /х мен к алмасқанда/ жаттығулар дыбысты бекітумен қатар, қате дыбысты ажыратуға бағытталады.

Г дыбысын айтудың кемшіліктері жоғарыда айтылған каппацизм мен хитизм түрлеріне ұқсас. Бірінде-тамақ шырт ертпесі екіншіде-у дыбысы үшіншіде-дауыс перделерінің жақындауы мен тербелуінен туатын тамақтың үнді фрикативтік дыбыс /украйнша Г/ естіледі.

Мектепке дейінгі балаларда Г мен Д алмасуы /гүл-дүл/ кездеседі. Егер К дыбысы дұрыс айтылған болса гаммацизмді түзетудің басы - Г дыбысының үнсіз жұбынан айырмасын түсіндіру, онда баланың қолын мойнына /тамақтан жоғары/ қойылуын, дауыс пердесінің тербелісімен тамақтың қабырғасының қозғалысын сездіреді/.

Балаға афа-ава, аса-ата, аса-ака буындарын айтқызып, одан ака-аға буын жұбын алуға тырысу керек. Бала буындарды логопедке ілесе айтып, буын жұптарының үнділігін тамаққа қойған қолымен сезінуге тиіс.

Егер ол нәтиже бермесе Т дыбысынан К дыбысындағыдай механикалық әдіс қолданылады. Онда дя буынына, сосын гя буыны, ақырында га буынына ауысады.

Г дыбысы Д дыбысымен алмасатын парагаммацизм жағдайында жаттығулар дыбысты бекітуге және кемшілікті дыбысты ажыратуға бағытталады.

/Й/ дыбысының айтылу кемшілігі мектепке дейінгі балаларда кездеседі, көбінесе Л дыбысымен ауысатын түрде болады.

/Й/ дыбысына тән артикуляция орнына Л дыбысының төменгі жоғарғы артикуляциялары пайдаланылады.

Қарапайым жағдайда кемшілікті түзету үшін /Й/ орнына дауысты и қолданылады. Балаға и дыбысын созып иа, аиа, аи дауысты тіркестіре айтқызады. Біртіндеп и дауыстының ұзақтығы қысқарып, буынды дыбыстан буынсыз дыбысқа айналады.

Егер нәтиже болмаса С дыбысынан X дыбысын алғандай етіп 3 дыбысынан /Й/ дыбысын алатын механикалық әдіс қолданылады. Балаға за буынын /дауыстап созып/ айтқызады және шпательмен тілдің ең ұшын басады, сонда 3' А мен Ж' А буындары арасындағы дыбыс алынады. Сосын дыбысы алынғанға дейін шпательді тереңдете береді.

Осындай әдіспен аза буынынан аj, а тіркесі алынады. Одан соң jo, зе, зу тіркестерінен jо, /ё/, я /jе/, /jу/ю/ тіркесі алынады.

Бала артикуляцияны механикалық көмексіз игерген кезде әуелі яма, елка, юбка сияқты қарапайым сөздер, сосын күрделі сөздер айтылып үйретіледі.
Үнді дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
Жасау әдісі мен орны түрліше, қатаң немесе жұмсақ үнді дыбыстарға ортақ тән кемшілік, олардың жұптық үнсіз дыбыс түрінде айтылуы. Бұл кейде есту кемістіктерінің салдарынан фонологиялық кемшілік түрінде қарастырылады. Ол жазу сауатына да әсер етеді.

Кемшілікті тиісті меңгерілуі жеңіл Ж және 3 дыбыстарынан басталғаны дұрыс. Негізі ретінде дұрыс, үнді айтылатын В дыбысын алу керек.

Логопед Ф дыбысын созып айтады да демді таратпастан В дыбысына көшеді. /Ф-В/. Баланың назары дыбыс ерекшелігіне аударылады және қолымен тербелісті бақылатады. Тербелісті виброскоптың көмегімен ажыратуға болады.

Келесі сәтте бала жаттығуды логопедпен бірге жасап, тербелісті бір қолымен өз тамағын, екінші қолымен логопедтің тамағын байқайды.

Осылай етіп С дыбысы айтылады да дауысты қосқанда 3 дыбысын береді /С-3/.

Фрикативтік дауыссыздар мен жұмыс Ж дыбысын қалыптастырудан басталады, ол да Ш дыбысын созып айтуда 3 дауысты қосуға негізделген /Ш-Ж/.

3 және Ж дыбыстары қалыптасқан соң буын, сөз жаттығулары жасалып, дыбыс бекітеді және жұбынан ажыратылады /3-С, Ж-Ш/.

Үнді Б, Д және Г дыбыстарын қалыптастырғанда елеулі қиындық туады.

Үлгі ретінде ба-ба-ба қатарында кездесетін Б дыбыстан бастау керек. Онда дыбыстың жабық ерінмен айтылатын сәтін біраз созу пайдалы. Буыннан буынға ауысқанда дауыс дірілдейді. Балаға буындарды естіп қабылдауына да, қолымен бақылауына да мүмкіндік беру керек. Кейде Б дыбысын ұртты толтырып айтып, осы артикуляцияны балаға үйрету керек. Дауыс пердесінің тербелісін тексеру үшін виброскоп пайдалануға болады.

Егер бұл нәтиже бермесе, қажет артикуляцияға біртіндеп көшетін әдіс пайдалану дұрыс. Балаға бәсең жабылған ерін арқылы үрлеткізеді, сонда жағы мен ұрты томпаяды. Тексеру үшін айна пайдаланады, ауызға қағаз немесе қол таялады. Келесі сәтте дауыс қосылады, соның нәтижесінде жақындаған еріндерімен айтылатын В дыбысына ұқсас гуіл болады. Соған жеткенде логопед саусағын баланың төменгі ерні мен иегінің арасына қойып, оны еріндер жабысып, ажырайтындай етіп жоғары-төмен қозғайды, егер бала осы кезде В дыбысын созып отырған болса жұмсақ Б /ббб/ пайда болады. Біртіндеп саусақ қимылын өзгересе-бэ-бэбэ, быбыбы дыбыстары естіледі. В дыбысын жайлап айтуға қол жеткен соң, бала механикалық көмексіз буындарды өзі айтуға тиіс. Ол дұрыс айтылса да дербес айтқанда бастау керек және б дыбысы буын құрамында анық естілетін болсын. Одан соң дыбыс буында, сөзде бекітіледі.

Б дыбысын игеру Д дыбысына негіз болады. Ең алдымен бұрынғы сәйкестікке сүйеніп, баланың қолын тамағына қойып, мынадай буын жұптарын айтқызады: фа-ва, са-за, ша-жа, па-ба, та-да. Егер одан Д дыбысы алынбаса да Б дыбысы бар буынды онымен қатарластыра айтады /бабабабда/ және тамақ тербелісін бақылайды. Сонда Д дыбысы қайталау екпінімен айтылып кетеді.

Оған да болмаса басқа жағынан оралып келу керек. Ол мынадай: ба-ба-ба буыны айтқызылады. Содан соң осы буын тіс арасына жалпағынан сұғылған тіл арқылы айтылады. Сөйтіп Д мен Б арасындағы дыбысқа ұқсас ерін аралык Д пайда болады. Бұл артикуляцияны дауыстылары бар буынмен /да, до, ды, ада, ады/ бекітіледі. Содан кейін тісаралық Д дыбысына көшеді. Ол үшін ерін аралық артикуляциямен да-да-да буындарын айтқанда суасақпен жоғары ерінді көтереді. Сонда тіл жоғарғы тістерге автоматты түрде жабысады да тіс аралық Д пайда болады, одан әрі тісті алдын-ала қысу арқылы тіс аралық дұрыс дыбыс шығады.

Жоғарғы тістер сирек болса, ауа сол арқылы өтіп, тіс аралық Д алу қиындайды. Бұндайда тіс аралық Д дыбысынан тісарты Д дыбысына тікелей көшу керек. Д дыбысының дұрыс айтылуы үнді қопармалы Г дыбысына алғы шарт. Ол көбінесе айтулы бұрынғы сәйкестік бойынша мынадай буын жұптарын салыстырудан алынады: па-ба, та-да, ка-га.

Г дыбысын буын қатарларын айтумен талаптану да теріс емес /бадаға, дадаға/.

Барлық жаттығулар қолды тамаққа қойып, тербелісті бақылаумен жургізіледі.

Егер екі тәсіл де жарамаса шпательді пайдаланып Г дыбысын Д дыбысынан механикалық әдіспен алу керек.



Үнді қопармасы дауыссыздарды айтуды қалыптастырған соң оны түрлі буындар, сөз тіркестері арқылы бекітеді және жұбынан ажыратады /п-б, т-д, к-г/.
Жұмсақ дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
Жұмсақ дауыссыздарға тән кемшілік олардың жұпталған қатаңдармен алмасуы /дядядя-дадада/.


31-сурет. П фонемасының артикуляциялық кескіні



Бұл кемшіліктің себебі дыбысты айтқанда тіл ортасы қатқыл таңдайға көтерілмейді, сондықтан жұмсармайды.

Бұл кемшіліктің де фонологиялық қасиеті болады, сондықтан жазу сауатын қиындатады. Ол көбінесе саңыраулық салдарынан болады. Кемшілікті еліктеу арқылы түзету жұмсақ дыбыстарды өзіне



сәйкес қатаңдармен салыстыру кезінде естіп және артикуляциясын көзбен көріп қабылдауға негізделген /па-па, ма-ма, фа-фя/. Еріндік дыбыстарды айтқанда тіл жалпақ формада болатын, жұмсақ дыбыстарды айтқанда тіл ұшы төменгі тіске тіреліп, үстін қатаң таңдайға көтеріле иілтіп балаға түсіндіру керек. Айна алдында тілдің түрлі қалпын көрсетіп, көргендерін балаға айтқызады.

Қатаң, жұмсақ дыбыстардың артикуляциясы бейнеленген схемасын пайдалануға болады. Одан соң логопедке еріндік, тіл-тістік жұмсақ дыбыстар жұбын қайталайды /па-пя, апа-апя, та-тя, ата-атя, ма-мя, апа-апя, фа-фя, афа-афя/.

Ол жүзеге асқанда бірден жұмсақ дыбыстары бар үлгі сөздерге көшу керек.


32-сурет. Т фонемасынын артикуляциялык кескіш



Егер тікелей еліктеу нәтиже бермесе, басқа жолдарды байқау керек. Балаға әуелі И, сосын пи буынын айтқызады. И дыбысын созуды қысқарта отырып сол буынды сыбырлап айтқанда П' дыбысы естіледі. Сонан соң апи тіркесін әуелі қатты дауыстап, сосын сыбырлап, сосын бірінші дауысты дыбысты қатты дауыстап И дыбысын сыбырлап қысқа айтқанда апь тіркесі алынады.

Сөйтіп П дыбысын дұрыс айтылуын меңгергесін дауысты дыбыстармен қосып буындарды айтуға көшеді. Одан әрі дауыстылы буындармен, сөздермен осы әдісті қолданып келесі еріндік жұмсақ дауыстылармен /М', Ф', В' / жұмыс жасайды.

Өте қиын жағдайларда механикалық әдіс ұсынылады. Негіз етіп Т дыбысы алынады да, одан Т' дыбысы шығарылады. Бұлай ету Т' дыбысы Т-дан /Д' -Д -дан, Н'-Н -дан, Л'- Л-дан/ тек тіл қалпымен емес /жоғарғы артикуляция/, тілдің төменгі тіске ығысуынен /төменгі артикуляция/ сипатталады. Соның нәтижесінде Т дыбысымен, та буынын тіл ұшын шпательмен қысқан түрде бірнеше қайталап автоматты түрде Т' дыбысын алады. Бұл нәтиже тілді механикалық түрде ұстап тұрғанда, тілдің ортасын таңдайға карай көтеруінен болады.

Ат буынынын артикуляциялаудан ат' алынады. Бұл механикалық әдістің бірінші сатысы. Шпательмен баланың саусағының көмегімен артикуляция қалыптасқан соң, механикалық әдіс тоқталып, бала әр буында Т дыбысын өзі айта бастайды. Аталған механикалық әдіс Д' дыбысын Д-дан, Н' дыбысын Н-дан алғанда қолданылады.

Жұмсақ дауыссызды қатаңнан тілді таңдайға көтеру арқылы алуды меңгерген бала басқа жұмсақ дауыссыздарды да түзейді, ол мына ретте болуға тиіс: Ф', В', П', Б', М', С, 3', Р', Л'.



К', Г', X', дыбыстары арнаулы жұмысты қажет етпейді, себебі олар и, ә, е, дауыстылардың алдында кездеседі де, оңай игеріледі. Жұмсақ дауыссыздарды буында сөз тіркестерде бекіткен соң, оны қатаңдардан ажырату, оқу, жазу жаттығулары жасалады.


Ы дыбысының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері


33-сурет. Ы фонемасының

артикуляциялық кескіні

(профилі)




Ы дыбысы дауыстылардың ішіндегі кемшілікке ыңғайлысы. Оның жасалу механизмі мынадай: ерін белсенді емес, төменгі жоғарғы тістердің арасында саңылау болады. Тіл ұшы төмен, тіл үстінің ортадан кейінгі бөлігі, таңдай ортасына көтерілген тіл, бүйірлі түпкі азуларға тиеді. Тіл И дыбысындағыдай кейіндеу орналасады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын жабады, дауыс перделері бірігіп, тербеледі (33-сурет).

Ы дыбысын айту кемістіктері мынандай Ы дыбысының орнына I айтылады. Мысалы, ыдыс-ідіс, сөйтіп дыбыстар жіңішке айтылады.

34-сурет. Шпательдің

көмегімен Ы

фонемасын кою



Ы дыбысын еліктеу арқылы түзетудің алғашқы шарты оны I дыбысының айтылуымен салыстыру тілдің оларды айтқандағы орналасу айырмасын көрсетіп түсіндіру және оны қолмен бейнелеу.

Баланың айна алдындағы жаттығуы кейде нәтиже береді.

Алайда көбіне шпательге суйенуге тура келеді, балаға пи-пи-пи буын тіркесін айтқызады.


Жаттығуды пайдаланғанда логопед баланың аузына шпательді еңгізіп, онымен тіл алдын тежеп ұстайды. Шпатель П дыбысын айтуға кедергі келтірмейді, ал дауыстыны өзгертіп И дыбысы автоматты түрде Ы дыбысына ауады пи-пи-пи буындары пы-пы-пы түрінде сезіледі. Сондай жолмен би, ми, фи, ви буындарынан бы, мы, фы, вы алынады (34-сурет).

Артикуляцияны бекіткенде баланың шпательмен, саусақпен тілді қажет қалыпта өзі ұстағаны дұрыс. Дыбыс өздігінен айтыла бастағанда, механикалық әдіс тоқтатылады. Еріндік дауыстылардан кейін келетін Ы дыбысын айтып үйренген бала, оны басқа фонетикалық жағдайларда да пайдалана алады. Ы дыбысы бекіткенде оның дыбысынан ажырату, оқу мен жазуды түзету жаттығуларына көңіл бөлу керек.


Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері

35-сурет.


Ұ фонемасының

артикуляциялық кескіні




Ұ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің

әрекеті төмеңгідей болады. Еріндері құбырға ұқсап, ұшы сүйірленіп алға созылады. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасында белгілі бір қашықтық сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тістің артына қарай сәл тартылады, үсті деңгейдегі қалпын сақтап көлбеу жатады да, ауа ауыз қуысымен еркін шығады. Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де мұрынға ауа жолы жабылады. Дауыс шымылдығы жабық болады (35-сурет). Ұ дыбысының сипаттамасы: дауысты, ерінді қысаң тіл арты жуан.








36-сурет.

Ү фонемасының артикуляциялық кескені



Ү дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері құбырға ұқсап ұшы сүйірленіп алға созылады. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де екі жағы көтеріліп үстінгі азу тістерге қабысады. Соның салдарынан тілдің ортасында ауыз куысымен еркін шығатын астау пайда болады (36-сурет).



Жұмсақ тандай жоғары көтеріледі де мұрын ауа

жолы жабылады.





37-сурет. Ө фонемасының артикуляциялық кескіні

Дауыс шымылдығы жабық болады. Ү дыбысының сипаттамасы: дауысты, ерінді, қысаң тіл алды жіңішке Ө дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы ара қашықтықтан бір шама үлкендеу болады. Тілдің ұшы төмен түседі де сәл артқа қарай тартылады. Ортасының көлбеулігі бір денгейде сақталады, ауа еркін шығады. Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де, мұрын ауа жолы жабылады. Дауыс шымылдығы жабық болады.

Ө дыбысының сипаттамасы: дауысты, ашық, жіңішке, ерінді, тіл алды (37-сурет).


38-сурет.Ә фонемасының артикуляциялык кескіні



Ә дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Екі езу сәл кері тартылып жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады. Тілдің ұшы астынғы тістерге тіреледі де үсті көселіп жатады. Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрын ауа жолын жауып тұрады.

Дауыс шымылдығы жабық болады. Ә дыбысының сипаттамасы: дауысты, езулік, ашық, тіл алды, жіңішке (38-сурет).


39-сурет. I фонемасының артикуляциялық кескіні



I дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің
әрекеті төмендегідей болады. Еріндер дыбыстың
шығуына қатыспай жатады. Үстіңгі тістер бір-
біріне өте жақын келіп тұрады. Тілдің ұшы
астыңғы тіске тіреледі де үсті көсіліп көлбеу
жатады. Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға ауа
жолын жабады. Дауыс шымылдығы жабық болады.

I дыбысының сипаттамасы: дауысты, езу-


лік, қысаң, тіл алды, жіңішке (39-сурет).


һ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері өзінің алдындағы немесе соңындағы дауысты дыбыстардың айтылу ыңғайына қарай өзгеріп отырады.


40-сурет. һ фонемасының артикуляциялық кескіні




Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандай қашықтықта болады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреліп тұрады да үсті кесіліп

жатады. Жұмсақ таңдайыдың артқы жағындағы

кішкентай тіл іштен дүмпіп шыққан ауаның

серіппесінен тербеліп ашылады да дыбыс көмейден шығады.



Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жауып тұрады. Дауыс шымылдығы ашық болады (40-сурет).

һ дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, ауызды, қатаң, тіл арты.




41-сурет. Қ фонемасының артикуляциялық кескіні



Қ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңындағы қосылып айтылатын дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы қо, қа, құ, қу. Үстінгі тістері мен

астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты жұмсақ таңдаймен қабысады.



Қ дыбысын айтқанда іштен келген ауа қысымының дүмпуінен тіл мен таңдайдың қабысқан жерін серпіп ашып кетеді де, ауа тысқа шығады. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады.

Дауыс шымылдығы ашық болады. Қ дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, ауызды,қатаң, шұғыл, тіл арты, жуан.





42-сурет. Ғ фонемасының артикуляциялық кескіні



Ғ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылған дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: ға, ғо, ғу, ғү. Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі, ал арты жұмсақ таңдаймен желбегей

қабысады да, іштен келген ауа қысылып шыққан кезде дауыс шымылдығы дірілдейді. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс шымылдығы жабық болады (42-сурет).

Ғ дыбысының сипаттамасы: қатаң, тіл арты, жуан.

Ң дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Еріндері өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылатын дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: аң, оң, үң, үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты таңдайдың түбіне барып жабысып тұрады. Ауа мұрын жолы арқылы шығады.




43-сурет. Ң фонемасының артикуляциялық кескіні

Ң дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, езулік, үнді, мұрын жолды, тіл арты (43-сурет).

Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу

кемшіліктерін анықтауға бағытталған зертеулердің (Қ.Қ. Өмірбекова) қортындысына қарағанда қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде көбіне «ң» дыбысын «Н» дыбысымен алмастырып айту жиі кездеседі. Мысалы, аң-ан, қоңырау-қонырау, менің-менін т.б. мұндай алмастыру тек ауыз, екі сөйлеуде ғана емес жазуда да өте жиі байқалады. Сирек болса да кездесетін кемшіліктер «Ә» дыбысы «А» дыбысымен ү-ү, қ-ғ-к дыбыстарын өзара шатыстыру, алмастыру. Көбінесе дыбыстарды жеке дұрыс айтуымен қатар, сөйлемде байланыстырып сөйлеуде шатастыруы байқалады.




Түзету тәсілдері

Қазақ тіліне тән кейбір дыбыстардың бұзылысын түзету жұмысында Қ.Қ. Өмірбекованың ұсынған төмендегідей тәсілдерін қолдануға болады.

Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл - қозғалыстарына көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы, «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «Н» дыбысын созып айтуын өтінеміз.

Осы кезде, логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен, тілді жұмсақ таңдайға дейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек. Сөйтіп «ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. Балаға М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады. Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы, ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, үн-ұң.

Ұқсас бұындарды кезекпен айтқызу әдісімен, басқа да дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыруға болады. Мысалы,


қа-ға


та-тә


қо-ғо

па-пә

қу-гу

ба-бэ

қы-ғы

са-сэ

то-те

ты-ті

бо-бе

бы-бі

ко-ке

сы-сі

со-се

мы-мі

мо-ме

ны-ні

Ә дыбысын дұрыс игеруге а дыбысы негіз болады. Бала а дыбысын айтқан кезде, тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айтуға машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы:

әт тэ


эл лэ

әс сә


әз зә
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет