Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Өзгерістерге қарсылықты жою, жеңіп шығу



Pdf көрінісі
бет46/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   177
Өзгерістерге қарсылықты жою, жеңіп шығу.
Өзгерістерге 
қарсыласу барлық уақытта болатын құбылыс. Басшы ұйымға 
өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаса, онда қарсылықты жоюы 
қажет. Дәстүрлі қалыптасқан әдістерді өзгерту кезінде кез келген 
адам ол өзгеріске қарсылық білдіреді.
Басшылар да, бағыныштылар да үйреншікті жұмыс әдістерін 
өзгерткілері келмейді. Қарсылықты жою үшін ең алдымен адамдар 
неге өзгерістерді қаламайтындықтарын түсінуге тырысу керек.
Өзгерістерге қарсы шығудың себептерінің негізгі үш түрі бар:
а) белгісіздік немесе айқындылықтың болмауы;
ә) бір нәрсені жоғалту сезімі;
б) өзгеріс ешқандай да жақсылық әкелмейтіндігіне сену.
Айқынсыздық немесе белгісіздікке анықтама берудің қажеттігі 
жоқ. Әрбір адам қандай да нәтиже беретінін білмейді, сондықтан 
оған қарсы тұруы мүмкін.
Екінші себеп – өзгерістер жеке басына зиян тигізеді деп сезінеді. 
Яғни, оның қандайда бір қажеттілігі жөнді қанағаттандырылмауы 
мүмкін.
Үшінші себеп – ұйымдар үшін өзгерістің қажеті жоқ, өзгеріс 
енгізу мәселені шешпейді, керісінше оны ұлғайтады деп ойлау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет