Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет297/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

Жеке адамдық дозиметрлік бақылау.
Доза қуаттарын, нейтрондар ағынын немесе зарядталған бөлшектерді стационарлық немесе тасымалданатын аспаптармен өлшеу жолымен алынған иондаушы сәулеленулердің сыртқы өрістерін дозиметрлік бақылау мәліметтері, әдетте, қызметкердің сәулеленуге ұшыраудан алған дозаларын сипаттау үшін жеткіліксіз, себебі, иондағыш сәулеленудің өрістері уақыт бойынша және кеңістікте өзгеріп отырады. Сондықтан, қызметкердің сәулеленуге ұшыраудан жеке басының алатын дозасын бағалау үшін, жеке адамдық дозиметрлер қолданылады.
Қазіргі кезде кіші иондаушы камераларды немесе конденсаторлық камераларды (ЖАДБ әдісі), фотопленкалардың арнайы сорттарын (ЖАФБ) және термолюминисценттік детекторларды (ТЛД) тағы басқаларды қолдануға негізделген жеке адамдық дозиметрлер белгілі.
Бұл дозиметрлердің барлығы да көпшілік жағдайда рентген және γ -сәулелерін тіркеу үшін қолданылады.
Кейбірулері (ЖАФБ, ТЛД) басқа сәулелену түрлерінің (нейтрондардың және β-ағындардың, ауыр зарядталған бөлшектердің және басқалардың) дозаларын өлшеу үшін қолданылады.
Конденсаторлық камералардың көмегімен жеке адамның алған дозасын бақылау (ЖАДБ). Конденсаторлық камералардың жұмыс істеу қағидасы алдын ала белгілі бір потенциалға дейін зарядталған конденсаторлық камерадан рентген немесе γ – сәулелерінің өтуі кезінде, камераның потенциалы разрядталуы нәтижесінде, сәулеленудің дозасына пропорционал өзгеретіндігіне негізделген.
Жеке адам алған дозасын фотобақылау әдістемесі экспозицияда болған (қолданылған) фотопленка қараюының оптикалық тығыздығын, белгілі бір дозада сәулелену әсеріне түсірілген бақылау пленкасының оптикалық тығыздығымен салыстыруға негізделген. Жақын уақыттарға дейін ЖАФБ -2,3, ЖАФБ-2,3М, ЖАФБ (ИФКУ) әдістері қолданылып келді.
Термолюминесценттік дозиметрлер. Қазіргі кезде, детекторлары фторлы литий, фторлы кальций және алюмофосфат шынылары негізіндегі термолюминесценттік дозиметрия әдістері барлық жерлерде, соның ішінде, Қазақстанда да, ең көп таралып отыр. Жеке адам алған дозасына бақылау жүргізу кезінде, ТЛД түріндегі термолюминисценттік дозиметрлер қолданылады. Бұл дозиметрлерді жұмысшының денесінің бетіне орналастыру кезінде, жұмыстардың сипатын, бүкіл денесі толық немесе жергілікті жері сәулеленудің әсеріне ұшырайтынын ескеру қажет. Бүкіл денесі толық сәулеленуге ұшырауы кезінде, ТЛД кеуде деңгейінде және жамбас аймағында, ал жергілікті сәулеленуге ұшырауы кезінде – кеуде-бас, кеуде-жамбас, кеуде-аяқ және басқаларда орналасуы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі кезде санитарлық практикада рентген кабинетінің қызметкері мен пациентінің жеке бастарының алған дозаларын бағалауда, рентген-диагностика және рентген сәулесімен емдеу кезінде пациенттің алған эффективті дозасын келесі әдістерді қолдану арқылы анықтайды:
1. сіңірілген дозаның рентген аппаратынан шығатын жеріндегі рентген сәулесінің ауданына көбейтіндісін өлшеу әдісімен;
2. ҚР ДСМ бекіткен әдістемелік нұсқаулардағы (№ 5.05.011.03; № 5.05.012.03) тиісті есептеу әдістемесін пайдаланып, есептеу жолымен анықтау.
Рентген сәулеленуінің сіңірілген дозасын өлшеу рентген сәулеленуінің- клиникалық дозиметрі (РКД-1) көмегімен жүргізіледі.
Сыртқы сәулеленудің әсеріне ұшырауын өлшеуден сенімді нәтижелер алу үшін келесі негізгі ережелерді сақтау қажет:

  • жеке өлшеулер жүргізетін жерлері (орындары), жұмыс сипаты және иондағыш сәулеленумен істейтін жұмыс режимі, т.б. көрсетілген жұмыс жағдайын алдын ала санитарлық тұрғыдан сипаттау негізінде белгіленеді;

  • өлшеу үшін тек ресми мекемелердің метрологиялық сараптауынан өткен стандартты аспаптарды қолданған жөн;

  • сенімділігі жоғары болуы үшін, өлшеу әрбір нүктеде 2-3 реттен кем болмауы тиіс;

  • жұмыс кезеңінде қызметкердің сәулеленуге ұшырауы біркелкі болмаған жағдайларда, алған дозаларын бағалау, тек жеке басы алған дозаларын өлшеу мәліметтерінің негізінде жүргізілуі мүмкін;

  • тексеруге алынған өндірістегі жұмыс істейтіндерге әсер ететін сәулеленудің барлық түрлерінің есебінен сәулеленуге ұшырауының жиынтығы ескерілуі қажет;

  • нысанның дозиметрлік қызметінің жеке адамның алған дозасын өлшеу мәліметтері, жеке адамдық дозиметрлердің көрсетуін тексергеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.

Ішкі сәулеленуге ұшырау дозаларын бағалау. Радиациялық қауіптілік дәрежесін анықтау кезінде, сыртқы сәулеленуге ұшырататын деңгейін сипаттайтын мәліметтермен қатар, жеке жағдайларда (ашық түріндегі белсенді заттармен жұмыс істеу кезінде) радиациялық әсерінде шешуші роль атқаратын ішкі сәулеленуге ұшырау дозаларын бағалау да маңызды.
Кәсіби жұмыс жағдайларында радионуклидтердің ағзаға тыныс жолмен түсуі бірінші орында, ал содан кейін жанаспалы жолмен түсуі тұр. Халық ішіндегі жеке адамдар үшін, ішкі сәулеленуге ұшыраудан алған дозаларын бағалау кезінде, басты роль ауыз арқылы түсуіне, ал содан кейін тыныс жолмен түсуіне беріледі.
Бүгінгі күнге дейін сәулеленуге ұшырау деңгейін бірден бағалауға мүмкіндік беретін тікелей дозиметрия әдістерінің жоқ екенін ескерген жөн. Осыған байланысты, ішкі сәулеленуге шалдығу дозасын анықтауды адамның денесіндегі белсенді заттардың құрамы жөніндегі немесе олардың ағзаға түсуі жөніндегі мәліметтер негізінде келесі әдістерді қолданылып жүргізеді:
Тікелей әдіс – бұл адамның денесінен шығатын сәулеленудің қарқындылығын өлшеу жолымен бүкіл денесіндегі немесе жеке сындарлы мүшелеріндегі белсенді заттарды анықтау. Мысалы, емдеу мақсатында радиофармацевтикалық препараттар енгізілген пациенттің радиологиялық бөлімнен шығу кезінде, одан шығатын гамма-сәулеленуінің доза қуатын анықтау кезінде қолданылады. Ол пациенттен 1 м қашықтықта сағатына 3 мкЗв-тен аспауы қажет. Гамма-сәулеленуінің доза қуатын өлшеу үшін, детекторлары NaІ (TІ) кристалы түріндегі немесе сұйықты сцинтиляциялық спектрометрлерді қолдануы мүмкін.
Жанама әдіс - адамнан бөлінетін биосубстраттарды (сілекей, тер, тыныс алудан шыққан ауа, қан, нәжіс, зәр) радиометриялық зерттеу мәліметтері бойынша немесе ауаны, тағамдық азықтарды, суды және заттың беттердің ластану деңгейін радиометрлік зерттеу нәтижелері бойынша бүкіл денедегі немесе жеке мүшелердегі белсенді заттарды анықтауға негізделген.
Ағзадан бөлінетін барлық заттардың ішінен радиометрлік зерттеу үшін, ең жиі зәр алынады.
Мұндай зерттеулер үшін, сілекей мен тердің жарамдылығы аздау, себебі, бұл биосубстраттардың белсенділігі мен ағзадағы белсенді заттардың арақатынастары туралы мәліметтер әзірге жеткіліксіз. Тыныс алудан шыққан ауаны радиометрлік зерттеу, тек ағзадағы радий мен торийді (тыныс алудан шыққан радон мен торон бойынша) бағалау үшін қолданылады
Нәжістің белсенділігі жөніндегі радиометрия нәтижелеріне түсініктеме беру күрделі, себебі белсенді заттар оларға бірнеше жолдармен түседі: ауыз арқылы, ас қорытатын сөлдермен және өтпен. Радиоактивті изотоптардың кейбір бөліктері асқазан-ішек жолдарына өкпеден шығатын қақырықты жұтқан кезде түседі. Егер белсенді заттар ағзаға тек бір жолмен (ауыз арқылы немесе ингаляциялық) түсетін болса, нәжістің белсенділік нәтижесімен денедегі белсенді заттардың мөлшері арасындағы байланыс сенімді орнатылады, ал бұл жағдайда белсенді изотоптардың асқазан-ішек жолдары арқылы сіңуі есепке алынбайды.
Нәтижелерге түсініктеме бергенде, белсенді заттардың бүкіл денеде және сындарлы мүшеде ұсталынуы, ағзадан шығарылуы туралы және изотоптың қаннан сындарлы мүшеге өтетін бөлігі туралы ақпараттар болуы қажет.
Радиохимиялық немесе радиометрлік талдау мәліметтерін түсіндіру, радионуклидтердің ағзаға түсу жолдарына және түсу уақытының ұзақтығына, олардың ағзада таралуына (біркелкі, остеотропты, қалқанша безге, т.б.), изотоптың ағзада болатын уақытына (жартылай ыдырау кезеңіне және ағзадан шығатын биологиялық кезеңіне) байланысты.
Ашық түріндегі белсенді заттармен (ұнтақтармен, ерітінділермен) жұмыс істеу, жұмысшылардың қолының, киімдерінің, аспаптардың және зертханалық жабдықтардың, заттардың жұмыс атқарылатын беттерінің, бөлменің едені мен қабырғаларының және ауаның осы заттармен ластануына әкеп соғуы мүмкін. Бұл нысандардан белсенді заттар адам ағзаларына түсуі мүмкін, соның нәтижесінде жұмыс істеуші қызметкер, сыртқы да және ішкі де сәулеленуге шалдығуы мүмкін.
Радионуклидтермен қатынаста болатын адамдарды қорғау мәселелерін шешу үшін зат беттерінің ластану деңгейлерін анықтайды. Табылған мөлшерлерді рұқсат етілген деңгейлермен (12.12.-кесте) салыстырады. Бұл шектік рұқсат етілген деңгейлерді орнату кезінде келесі ережелер қабылданған:
- сыртқы және ішкі сәулелену әсері есебінен ағзаға сіңген дозаның жиынтығы сәулелену әсеріне орнатылған шектік рұқсат етілген дозадан аспауы қажет;
- ағзаға α-белсенді заттар түскен кезде, β-белсенді заттарға қарағанда, қауіптілігі жоғары;
- қолға және дененің басқа бөліктеріне арналған шектік рұқсат етілген ластану деңгейі, басқа заттардың беттеріндегімен салыстырғанда, аз болуы қажет, себебі, бұл жағдайда белсенді заттардың ағзаға түсуі басқа жағдайлармен салыстырғанда жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет