Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет175/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

10.1. Сертификаттаудың даму тарихы

Өнеркәсібі дамыған елдерде сертификаттау процестерін ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында дамытыла бастаған.



1917 жылы Германиядағы ұлттық стандарттау жүйесінің құрылған уақыты деп, жалпы машина жасау саласындағы нормальдардың Комитетінің құрылған уақытын айтамыз. Комитет атын екі рет өзгертті: 1926 жылы Германияның стандарттар комитеті және 1975 жылы Неміс стандарттау институты. 1920 жылы Неміс стандарттау институты (DIN) Германияда стандарттарға сәйкестігі жөніндегі белгі тағайындады (10.1 - сурет), бұл белгі газ құрылғылары мен кейбір өнімдерден басқа өнімдердің барлығына тарайды. DIN белгісі сауда белгісін қорғау жөніндегі заңға сәйкес тіркелген. Фирмалар (кәсіпорындар) немесе басқа да мүдделі заңды тұлғалар, мамандар, ғалымдар DIN мүшелері бола алады. 1991 жылдан елде сапасыз өнімді өндіргендердің жауапкершілігі туралы заң күшіне енген, ол заң ЕО мүше- мемлекеттер заңдарымен үйлестірілген және ортақ нарық қарамағындағы сертификаттау негізі болады. Заң кішкентай ойыншықтардан бастап үлкен құрылғыларға дейін қамтиды.
Германиядағы аккредиттеу жұмыстарымен, заңмен қамтылатын саладағы аккредиттеумен Неміс аккредиттеу кеңесі (DAR), айналысады. Заңмен қамтылмаған саладағы аккредиттеуді Басшы аккредиттеу қоғамы (TGA) жүргізеді. Сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарын аккредиттеу 45000 сериялы еуропалық EN стандарттарына сәйкес жүргізілді.

Францияда 1938 жылы NF белгісінің (француздық стандарт) ұлттық сертификаттау жүйесі құрылды. Сертификаттауды жүргізу жауапгершілігі стандарттау бойынша Француз ассоцияциясына (AFNOR) жүктелді. NF белгісі өнімнің француз стандарттарының талаптарына толық жауап беретінін көрсетеді Жапонияның ұлттық стандарттау органы – өндіріс стандарттарының Жапон комитеті (JISC) 1949 жылы құрылған. Бұл Өндіріс пен сыртқы сауда министірлігі қарамағындағы JISC жұмыстарын бекітетін, Ғылым мен техника басқармасына бағынатын, кеңес беруші орган. JISC жұмыстары мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Жапонияда сертификаттаудың үш пішімі жұмыс жасайды: заңнамалық сәйкестікті растайтын, міндетті сертификаттау; үкімет өкілдендірген орган жүргізетін, ұлттық JISC стандарттарына сәйкестігін растайтын ерікті сертификаттау; жеке сертификаттау органдары жүргізетін ерікті сертификаттау.
Ұлыбританияда Германиядағы секілді сертификаттау өндірістің көптеген саласын және тауар түрлерін қамти бастады. Бұл жерде бірнеше ұлттық сертификаттау жүйелері жұмыс жасайды, соның ішінде ең үлкені Британдық стандарттар институты. 1901 жылы инженер-механиктер, кеме жасаушы инженерлер, инженер-электриктер мен инженер-металлургтер қоғамдарының бастауымен Британдық стандарттар институты (BSI) құрылды. Британдық стандарттар сәйкестік белгісі «қағаз жылан» деп аталады(10.2 - сурет) және тіркелген тауар белгісі болып саналады. Ұлыбританияда сертификаттау көбіне ерікті, тек стандарттарды қолдану міндетті деген салаларда ғана міндетті болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет