3. Мазмұны. Бөлімдердің атауы мен реттік нөмірлері (қажет болса бөлімшелердің, тармақтар мен тармақшалардың) және белгіленуі мен тақырыптары көрсетілген қосымшалар, ал қажет болса, өздері басталатын беттің нөмірі көрсетілген графикалық материалдар.
4. Кіріспе. Қажет болған жағдайда стандартты жасау себебі негіздемесімен келтіріледі. Кіріспеге талаптар кіргізілмейді. Кіріспені жеке парақта мазмұннан кейін орналастырады.
5. Аталуы. Стандарт таратылатын объект дәл және қысқа сипатталуы қажет, оны жылдық және ақпараттық стандарттар көрсетілімдеріне кіргізу үшін құжаттың дұрыс жіктелуін қамтамасыз ету керек.
Мысалы – Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі. Терминдер және анықтамалар.
Топтық тақырып, тақырып және тақырыпшалар:
Мысалы – Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі. Оқу-техникалық плакаттары. Жалпы техникалық шарттар.
Өнім стандартының аталуы тақырып және тақырыпшадан тұруы қажет. Топтық тақырыпты өнім стандартының аталуына кіркгізбейді.
Мысалдар.
Ағаш өңдеу станоктары. Жалпы техникалық талаптар.
Автомобиль таразылары. Бақылау әдістері.
Стандарт тақырыбын бас әріптермен басу керек. Стандарттың топтық тақырыбы мен тақырыпшасын бас әріптен бастап кіші әріптермен басу керек. Топтық тақырып және тақырып, немесе тақырып және тақырыпшасы бар стандарттардың «Нормативтік сілтемелер» тарауында стандарттарға сілтеме бергенде топтық тақырыпты қысқартылған түрде беруге рұқсат етіледі.
Мысалы – ҚР СТ 1.0 – 2000 ҚР МСЖ. Негізгі ережелер.