Цилиндрлік беттердің пішін ауытқуы. Дөңгелектіктен ауытқу – шынайы пішін нүктелерінен жанасушы шеңберге дейінгі ең үлкен арақашықтық Δ (2.2-сурет).
Ц илиндрліктен ауытқу – шынайы беттерден, нормаланатын L телім шегінде жанасушы цилиндрге дейінгі, ең үлкен Δ арақашықтық.
Бойлықтық қиманың профилінің ауытқуы – шынайы беттің жасаушыларының осі арқылы өтетін жазықтықта жатқан нүктелерінен, нормаланатын L телім шегінде жанасушы пішіннің сәйкес жағына дейінгі ең үлкен Δ арақашықтық (2.3 -сурет).
Ж айпақ беттердің пішін ауытқуы. Жазықтылықтан ауытқуды шынайы беттің нүктелерінен, нормаланатын L телім шегінде жанасушы жазықтыққа дейінгі ең үлкен Δ арақашықтық ретінде анықтайды. Беттердің орналасуының ауытқуы. Беттің немесе пішіннің шынайы орналасуының номиналды орналасуынан ауытқуын айтады. Беттердің орналасуының ауытқуына – жазықтықтардың параллельдіктен, өстердің параллельдіктен, жазықтықтардың перпендикулярлықтан, ортақ өске қатысты өстіліктен, базалық жазықтыққа қатысты симметриялықтан, өстердің қиылысуынан, өстердің қисаюынан ауытқулар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |