Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау қағидалары



бет83/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау қағидалары
1. Тейлор қағидасы. Алдын ала шекті мәндері жазылған профиль өлшемдерінің сәйкестігін, өтетін және өтпейтін шектерді нақтылау арқылы сенімді анықтауға болады (ГОСТ 45346-82). Кез келген бұйымды рұқсат етілетін ең жоғарғы және ең төменгі өлшемдері бойынша кем дегенде екі рет бақылаудан өткізу керек.
2. Аббе қағидасы. Бақыланатын геометриялық элемент және салыстыру элементі бір сызықта, яғни өлшеу сызығында орналасса өлшеудің минималды қателіктері пайда болады (4.7–сурет). А сұлбасында Б сұлбасына қарағанда, өлшеудің қателігі төмен.
3. Инверсия қағидасы. 3 үрдістің, өзара сыйымдылығына негізделген, онда бөлшек өңделуге, бақылануға және эксплуатациялануға қатысады. Инверсия (қарату) қағидасы бойынша қателікті анықтау үшін өлшеу сұлбасы кинематикалық пішін түзетін сұлбаға және бұйымды құру сұлбасына сәйкес келу керек. Осы арқылы дұрыс өлшеудің төмендегідей шарттарын алуға болады:
– өлшеу кезіндегі қозғалыс траекториясы пішін түзу кезіндегі қозғалыс траекториясына сәйкес болу керек;
– өлшеу кезіндегі әрекет ету сызығы механизмнің жұмыс істеу кезіндегі әрекет ету сызығына дәл келуі керек (Аббе қағидасы);
– өлшеу базалары технологиялық және құрылымдық базалармен дәл келуі керек (бірыңғай база ережесі).
Инверсия қағидасы әдетте өлшеу құралының үздіксіз қозғалысы кезінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет