Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия


Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер



бет95/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
Антони Шефтсбери (1671-1713 жж.) философия тарихына жазушы-моралист ретінде кірді.
«Адамдардың, әдет-ғұрыптардың, пікірлер мен уақыттың мінездемелері» деген еңбегінде ол «әсемдік пен ізгілік - бір», -деген пікір айтады.
А.Шефтсбери моральдық құндылықтарды адамның ізгі табиғатынан шығарады. «әсемдік, әділеттілік, адалдық жөніндегі түсініктер мен принциптер адамның табиғатынан шығады, басқа олардың қайнар көзі жоқ», - деп ашық айтады. Бұл мәселе бойынша ол Т.Гоббс пен Д.Локқа қарсы шығып, «Ізгілік пайда табу жолында, я болмаса марапаттау мен жазалау мүмкіндіктерінен пайда болатын қорқыныш сезімнен емес, ол өз-өзін тудырады, ізгілік жолындағы адам өзін бақытты сезінеді. Ізгі адам өзінің сана-сезімі, іс-әрекетімен өзі мүше болып отырған элеуметтік топтың, қоғамнын жетілуіне бар күшін салуы керек.
Ізгілік адамның ішкі табиғатында орын алғаннан кейін, әрине, ол Құдайға сенумен тікелей байланысты емес. Керісінше, діннін қағидаларының өзі моральдық сананың сынынан өтуі қажет. өйткені, адамзат тарихы діннің көп жағдайда моральдық санаға тигізетін теріс ықпалын көрсетеді.
Кімде-кім ізгілікке Құдайдың мейірбандығы тиюі үшін, я болмаса жамандыққа Оның жазалауынан қорқып бармаса, оны моральдык пенде деп атауға болмайды. «Ондай адамда адамгершілік, ізгілік, әулиелік шынжырға байлап қойған арыстанның момындығынан көп емес», - деп қорытады А.Шефтсбери.
Алайда бұл келтірілген пікірлер ол Құдайды мойындамаған екен деген пікірге әкелмеуі керек. Оның ойынша, «Құдай дегеніміз - әсемдіктің негізгі қағидасы, себебі, қайнар көзі». Оның негізгі рөлі - сондай әсем, тәртіпке келген Ғарышты тудырғанында. Осы сыртқы әсемдікке адамның ішкі рухани өмірінің «бақтары мен көгорайы» сәйкес келуі керек, - деп өзінің моральдық философиясын қорытады А.Шефтсбери.
Екінші осы замандағы көрнекті ағылшын философы Бернард Мандевиль (1670-1733 жж.) А.Шефтсберидің моральдық философиясының іргетастарын аударып тастап, оған қарама-қарсы жатқан идеяларға келеді. Негізгі еңбегі - «Аралар жөніндегі ертегі».
Араның ұлсында байлық пен қайыршылық, күнбе-күнгі той-думан мен ауыр еңбек қатар өмір сүріп жатыр. Онда бәрі де сатылады. Ашқарақтық, тәкаппарлық, көреалмаушылық, алдап-арбау қай жерде болмасын кең етек алып, бәрі де баюға тырысып жатыр. Осының нәтижесінде араның ұясында гүлдеу, жақсы өмір сүру байқалады.
Күндердің бір күнінде барлық аралар моральдық жолға, ізгілікке бетбұрыс жасайды. Сол сәтте ұяда таңғаларлық өзгерістер пайда бола бастайды. Байлық пен той-думан келмеске кетіп, ұя бірте-бірте әлсіреп, соңында құриды.
Бұл ертегіден шығарған Б.Мандевильдің қорытындысы: бір жағынан, жақсы өмір сүріп, екінші жағынан, адал болу мүмкін емес. Оның негізгі себебі - адам өзінің терең табиғатына сәйкес өзімшіл, тек өзіне болғанын қалайды. Әрине, мұндай идеяны Б.Мандевиль тарихта бірінші болып айтып отырғаны жоқ, оның алдында Т.Гоббс та осындай пікірде болған. Бірақ, оның ойынша, адамның моральдық тұрғыдағы теріс жақтары қоғамның өмір сүруіне кедергі емес, керісінше, оны күшейтіп біріктіреді. «Біздің бұл дүниедегі залымдық дегеніміз, моральдық, я физикалық тұрғыдан алсақ, шынына келгенде, ұлы принцип, соның арқасында біз әлеуметтік пенделерміз, егер залымдық күндердің бір күнінде жойылса, онда қоғам күйреп, тіпті ыдырап кетуі мүмкін», - деп қорытады Б.Мандевиль.
Егер А.Шефтсбери моральдың қайнар көзін адамның табиғатынан шығарса, Б.Мандевиль, керісінше, «мораль - қоғамның туындысы, ал моральдық құндылықтарды тудырған - ұлы тұлғалар» деген пікірге келеді. Олар адамдарды өздерінің іңкәрлеріне тосқауыл қоюға, қоғамдық жалпы мүдделерді биік дәрежеде ұстауға үйретті.
«Моральдык құндылықтардың пайда болуы жөніндегі зерттеу» деген еңбегінде Б.Мандевиль қоғамға қайсыбір залымдықтың кажеттігі мен пайдалылығынан гөрі, оларды жеңу, ауыздықтаудың мәнін баса айтып, моральдың пайда болуының қайнар көзін содан көреді. Әрине, оның мұндай көзқарасы өз заманындағы және болашақ ойшылдарға өзінін зор әсерін тигізіп, әртүрлі пікірлерді туғызды.
XVIII ғ. ағылшын ағартушыларының жалпы деистік және материалистік бағытына карсы шығып, идеализм жолын қорғаған епископ Джордж Беркли болды (1681-1753 жж.). Ол өзінің философиясын «Дүниедегі барлық өмір сүруші - жалкы» деген қағидадан бастайды. Ал жалпы дегеніміз - ол жалқының накты қорытылған бейнесі ғана. Абстрактылы жалпы ұғымдар сөздердің негізінде жатқан жалпы идеяларды көрсетеді деген жалған пікірді басшылыққа алып, көп философтар, ойшылдар алданады. Ал шынынан алғанда, сөз жалпы идеялардың белгісі емес, керісінше, көп нақтылы заттардың белгісі. Осындай кағиданың негізінде Д.Беркли абстрактылык жалпы ұғымдардың керек еместігін, әсіресе философиядағы материя ұғымының зияндығын, неше түрлі дау-дамайларды туғызатынын көрсеткісі келеді.
Д.Берклидін философияда жасаған екінші қадамы - Дж.Локтың бірінші және екінші сапалар деген ілімін сынап, таным процесінде адам тек қана өзінің түйсіктерінің әртүрлі қосындыларымен кездеседі деген пікірге келуі. Яғни Д.Беркли зерттеліп жатқан заттардың қасиеттерін адамның түйсіктерімен теңеді. Мысалы, шиені алсақ, ол қоңыр-қызыл түсті, дөңгелек, жұмсақ, қышқыл-тәтті. Осы түйсіктердің бәрін алып тастасақ, онда шиеден не қалады? «Ештеңе», - деп жауап береді Д.Беркли. «Шынына келгенде, объект және түйсік - бір және оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды», - дейді ойшыл.
Мұндай көзкарас философияда солипсизмге (solus - латын сөзі, «жалғыз өзім» деген мағына береді) әкеледі: яғни Дүниеде мен ғана өмір сүріп жатырмын, ал бүкіл әлем, баска заттар мен адамдар менің түйсіктерімнің әртүрлі қосындылары ғана деген пікір тудырады.
Мұндай ерсі пікірден аулақ болу үшін Д.Беркли «Дүниенің өмір сүруін мойындаудың негізі жеке адамның санасында ғана емес, сонымен катар баска адамдардың да Дүниені қабылдауымен байланысты» деген пікірге келеді.
Ал көп адамдардың белгілі бір Дүниедегі заттар жөніндегі ортақ пікірі, олар жөніндегі ортақ пікірлері, бір-біреуімен келісімі Құдайдың құдіретті күшінде жатыр. Сонымен, қорыта келе, Д.Беркли алғашында тек қана жалқыны мойындап, материалистік көзқарастан бастап, келесі сатыда субъективтік идеализмге келіп, соңында теологиялық кезқарасқа келіп тіреледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет