120 км/сағ тұрақты жылдамдықпен келе жатқан машина жарты сағатта қанша жол жүреді?
Ересек адам 2 с ішінде 3 қадам жасайды. Егер бір қадамның ұзындығы 67 см болса, ол қандай жылдамдықпен жүріп келеді?
840 км/сағ жылдамдықпен ұшып бара жатқан ұшақ бір минутта қандай қашықтықты ұшып өтеді?
Мотоциклші екі қаланың арасының 0,2 бөлігін 36 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтсе оның барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
Б-ТОБЫ
Су бетіне көлемі 1 м3 мұнай төгілді. Егер мұнай қабыршығының қалыңдығы 1/40000 мм болса, мұнай қанша ауданға жайылған?
Саяхатшы 20 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат велосипедпен, сонан соң біраз уақыт 60 км/сағ жылдамдықпен мотоциклмен жүрді. Барлық жолдағы орташа жылдамдығы 48 км/сағ болса, мотоциклмен қанша уақыт жүрген?
С-ТОБЫ
Қайықтың сумен салыстырғандағы қозғалыс жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан n есе артық. Екі бекеттің арасын қайықпен ағысқа қарсы жүзгендегі уақыт ағыспен жүзгендегі уақытқа қарағанда қанша есе артық? Есепті n2 және n11 болатын мәндері үшін шығар.