112
7.9.
ТҮРЛІ АҚПАРАТ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Цифрлық ақпаратты өңдеу жөніндегі шебер тек ақпаратты
жасау, форматтау және редакциялаудың тиімді әдістері мен
тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, бұл ақпаратты түрлі
тасымалдаушыларды сақтай білуі тиіс. Соңғы жылдары бұл
құрылғылардың дамуында күрт секіріс болып өтті. Компьютерлік
техника нарығы ақпаратты сақтау үшін — компакт-дискілерден
бастап, алынатын қатты дискілерге дейінгі түрлі құрылғылар ұсынып
отыр (7.18. сурет).
Ақпаратты магниттік тасымалдаушыларға жазу магниттік қабат
учаскелерін магниттеу жолымен іске асырылатынын ескере отырып,
мұндай құрылғыларды пайдалану барысында ұқыпты болу қажет.
Біріншіден, мұндай құрылғылардың басты «жауы» шаң мен
физикалық ықпал. Сәйкесінше, құрылғыларды пайдалану мерзімін
ұзарту үшін, бұл факторларды ең төменгі деңгейге жеткізуге тырысу
қажет.
Екіншіден, оларды майыстыруға, сондай-ақ механикалық
салмақ салуға болмайды. Дискеттер мен компакт-дискілердің
беттеріне саусақтарды тигізбеген дұрыс.
113
Сондай-ақ ақпаратты сақтау құралдарын магниттік өрістердің
ықпалына түсіруге болмайды, себебі бұл тасымалдаушының
магниттелген құрылымының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін,
яғни, оларда сақталатын ақпараттың жоғалуы болмай қалмайды.
Одан өзге, ақпарат жинақтаушыларды тікелей күн сәуелелері
түсуден қорғалған орында сақтаған және жылу мен ылғал ықпалынан
қорғаған дұрыс. Тасымалдаушыларды арнайы ораулар немесе
қаптарда сақтау қажет.
1,2. қосымшаларда берілген практикалық тапсырмалар мен
дербес жұмыс үшін тапсырмаларды орындаңыз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік
техникасын сақтау қандай құжаттармен
регламенттеледі?
2.
Нұсқама деген не? Кәсіпорында немесе ұйымда қандай
нұсқамалардың түрлері өткізілуі тиіс?
3.
Монитормен жұмыс барысында қандай ережелерді
сақтау қажет?
|