Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


Дәрі қобдишасына кіретін құралдардың міндеті



Pdf көрінісі
бет53/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

Дәрі қобдишасына кіретін құралдардың міндеті 
Анальгин, аскофен, цитрамон 
Бас ауырған, невралгия жағдайында 
Валидол 
Стенокардияның жеңіл ұстамасы, 
невроздар барысында (тілдің астына 
салады) 
Нитроглицерин 
Жүрек ұстамасы барысында 
Белсендірілген көмір 
Тағамдық уланулар барысында 
Стерильді бинт 
Таңғыштар салу үшін 
Түтікті иілімді бинт 
Таңғыштар салу үшін 
Мақта 
Таңғыштар салу үшін 
1%-ті бриллианты жасыл ерітінді Антисептік ретінде қолданылады 
Валериана экстракті немесе жалбыз 
тұнбасы 
Жүйке қозуы барысындағы 
тыныштындыратын құрал 
Бактерицидті жабысқақ пластырь 
Таңғыш салу үшін 
Қан тоқтатқыш жгут 
Күретамырдан қан ағу барысында 
Калий перманганаты 
Тамақпен улану барысында асқазанды 
жуу үшін (қызғылт ерітінді) 
Өлшегіш стакан 
Дәрі қабылдау үшін 
Гипотермиялық пакет 
Бір реттік пайдалану үшін суық 
Бор қышқылы 
Сілтімен күю барысында басу үшін (бір 
стакан суға бір шәй қасық) 
Сутегі тотығының ерітіндісі 3%-дық Дезинфекциялайтын құрал 
Натрий гидрокарбонаты 
Қышқылмен күю барысында басу 
үшін (бір стакан суға бір шәй қасық) 
Бор жақпа майы 5%-дық 
Антисептикалық құрал 


116 
8.2.
КҮЙІКТЕРДІ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
БАРЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК 
Күйіктердің неден пайда болғанына байланысты, олар: 

термиялық - будың, жанып жатқан бұйымдардың және 
заттардың әсерінен пайда болғандар;

химиялық - қышқылдар, сілтілер әсерінен пайда болғандар;

электрлік - электр тогының немесе электр доғасының әсерінен 
пайда болғандар болып бөлінеді.
Күйіктер төрт деңгейлі болады — жеңіл қызарудан бастап, 
терінің кең учаскелерінің жансыздануына дейін. 
Терінің зақымдану тереңдігі бойынша күйіктер төрт деңгейге 
бөлінеді: 
1-
ші деңгей — терінің қызаруы және ісінуі 
2-
ші деңгей — сулы күлдіреулердің пайда болуы; 
3-
ші деңгей — терінің үстіңгі және терең қабаттарының 
жансыздануы; 
4-
ші деңгей — терінің көмірленуі, бұлшық еттердің, сіңір мен 
сүйектердің зақымдануы. 
Күю барысында қандай әрекеттер қабылдау қажет? Егер 
адамның үстіндегі киімі жанса, онда құтқарушының жасайтын 
бірінші әрекеті, — оны сөндіру немесе жылдам шешіп алу. Жанып 
жатқан киіммен жүгіруге болмайды, өйткені жүгіру барысындағы 
қосымша ауаның үрлеуі жалынды одан әрі ұлғайтады. Күйген 
учаскелерді қолмен ұстауға, жараға жабысқан материалдарды алуға, 
теріде пайда болған желқабықтарды кесуге немесе тесуге, жараға 
жақпа май, май жағуға болмайды. 
Зақымдалған тері учаскелерін 10... 15 минут барысында суық 
су ағысының астында ұстауға болады — осы процесс барысында 
күйген учаскенің суынуы және ауыру сезімдерін төмендету жүреді. 
Күйген жараға құрғақ стерильді таңғыш салу және дәрігерге 
жүгіну қажет. Өзін-өзі емдеу жұмыс қабілетін жоғалтуға ықпал 
ететін байыпты салдарларға әкеп соғатыны есіңізде болсын. 
Егер химиялық күйік алынған болса, мысалы қышқылмен, 
онда зақымдалған учаскені ағын судың үлкен көлемімен жуады. 
Одан кейін, мысалы көз күйігі барысында, оларға бір-екі тамшы 
сульфацил натрий тамызылады, ал тері күйген жағдайда 
зақымдалған учаскеге әдеттегі ас содасын себеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет