Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет55/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

122 
8.4.
ТАЛЫП ҚАЛУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ 
КӨМЕК 
 
 
Зардап шеккен адамның талып қалу жағдайы есінен танумен 
сипатталады. Талып қалу қатты қорқу, қан ағу, қатты ауыру 
нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Адамның беті әрқашан бозара 
бастайды. Бұл жағдайда зардап шегушіні мүмкіндігінше аяғы бас 
деңгейінен жоғары болатындай етіп, жастықсыз арқасына жатқызу 
қажет. Зардап шегушінің жағасын, белдігін және киімінің басқа 
тығыз бөліктерін ағыту керек. Зардап шегушінің қолдарын, 
аяқтарын, арқасын, кеудесін одеколонмен, спиртпен немесе 
құрамында спирт бар басқа сұйықпен уқалап сүрту қажет. Уқалап 
сүрткеннен кейін зардап шегушіні жақсылап қымтап жауып, 
маңдайына ыстық сумен суланған мата қою, мүсәтір спиртін иіскету 
керек. 
Зардап шегушіні мұндай күйде орнын ауыстыруға, көтеруге, 
отырғызуға, сондай-ақ басына мұз немесе суық сумен суланған мата 
қоюға болмайды. 
8.5.
 
ЖЫЛУ ЖӘНЕ КҮН ТИЮ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ 
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК 
 
 
Егер адам қапырық жайда немесе аптапта есінен танып қалса, 
онда әрқашан да оның беті қызарады. Бұл жағдайда зардап шегушіні 
көлеңкеге немесе салқын жайға көтеріп апарып, басының астына 
киімнен орап жасалған білікше қойып жатқызу, денесін суық сумен 
сүрту, маңдайына суық сумен суланған сүлгі немесе мата қойып, 
мүсәтір спиртін иіскету керек. 
Оны күннің астында немесе қапырық жайда қалдыруға 
болмайды, басы аяғымен бір деңгейде болатындай етіп жатқызу, 
басына жылы зат қою керек. Бұл жағдайдағы көмек талып 
қалғандағы көмек іспеттес; негізгі айырмашылығы талып қалғанда 
адамды жылытатын шаралар жасайды, ал жылу немесе күн тию 
барысында, керісінше, салқындатады. 
8.6.
 
ҚАНСЫРАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет