123
Мұндай
жағдайларда
бактерицидті
жабысқақ
пластырьды
пайдаланған өте дұрыс. Осындай
шаралар инфекция тарауының
алдын алуға көмектеседі.
Күре тамырдан қан кеткен жағдайда, жгутты пайдаланған дұрыс
болады. Оны төсем салмай, жалаңаш
аяқ-қолдың басына тікелей
салуға болмайтынын есте ұстау қажет. Салар алдында жараның
шетін йод тұнбасымен сүрту қажет, жгутты жарадан жоғарырақ 2
сағаттан аспайтын мерзімге салады.Одан соң зардап шегушіні емдеу
мекемесіне жеткізу қажет. Ішкі қан ағысы барысында медициналық
мекеме жағдайындағы білікті маманның көмегі қажет.
Мұрыннан
қан кеткен жағдайда, басты шалқайтуға және
сіңбіруге болмайды. Кеңсіріктің үсітне
суық компресс қойып, ал
мұрынның ішіне кез келген мұрын іші қан тамырын тарылтатын
құралға батырылған мақта турундасын қою керек.
Егер қан ағуы
тоқтамаса, білікті медициналық көмекке жүгіну қажет.
БАС АУЫРУЫ ЖӘНЕ ЖҮРЕК АУЫРУЛАРЫ
БАРЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Жүрек маңы ауырған жағдайда: отыру немесе жату,
валидол
немесе нитроглицерин таблеткасын тілдің астына салу қажет. Кез
келген еңбекті доғарып, толық тыныштық қамтамасыз ету керек.
Сондай-ақ сумен араластырылған жеңіл седативті құралдың 25...30
тамшысын қабылдауға болады.
Бас қатты ауырған жағдайда:
адамды отырғызу немесе
жатқызу, оған ауыруды басатын, ұйықтататын
құрамы жоқ құрал
(анальгетик, спазмолитик) беру қажет. Басына қыздырғыш қоюға,
ұйықтататын дәрі, сондай-ақ транквилизаторлар
қабылдауға
болмайды
Достарыңызбен бөлісу: