СОҒЫЛУ ЖӘНЕ МЕРТІГУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Жұмсақ ет жараланған кезде гипотермиялық пакет немесе сумен
суытылған мата қойып, жоғары қабатын суытады. Қатты ауырған
жағдайда кез келген анальгетикті қабылдауға болады. Егер аяқ-қол
зақымданса, оларды тыныш жағдайда ұстау және қалпын бекіту
қажет. Қолды орамалға іледі, буынды таңғышпен немесе шина
салып бекітеді. Шинаны қол астындағы материалдан: тақтай, фанера,
сызғыштан әзірлеуге болады. Шина сынған сүйектер мен
буындарды сынық орнынан жоғары және төмен бекітуі тиіс.
124
Иық немесе сан сынған жағдайда үш буын, ал қалған жағдайларда
—
екі буыннан бекітілуі тиіс.
Егер сынық ашық болса, онда жараны йодпен өңдеп, таңғыш салу
қажет. Ауыр жағдайларда, мысалы қабырғалар сыну барысында, ең
бастысы — тығыз таңып тастау арқылы, көкірек қуысының
жылжуын азайту қажет; бұл жағдайда зардап шегуші «отыру»
қалпында болуы тиіс.
Сіңір созылған жағдайда, бірінші кезекте, жарақаттанған аяқ-
қолды бинттердің, шиналардың, қол асты құралдарының көмегімен
бекіту, ал содан кейін жарақаттанған аяқ-қолдың тыныштығын
қамтамасыз ету қажет. Егер мүмкіндік болса, жарақат орнына суық
затты қою, содан кейін, әрине, білікті медициналық көмекке жүгіну
қажет.
8.9.
УЛАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Түрлі өнімдер мен заттар улану көздері болуы мүмкін. Ағзаның
тамақпен, қышқылдармен, химиялық улармен, дәрілермен улануы
нәтижесінде, құсық, әлсіздік, асқазан ауруы, кейде диарея пайда
болады.
Егер тамақтан улану сезігі болса, онда суды көп ішу және
жасанды құсық шақыру, ал содан кейін кез келген адсорбент
(мысалы, белсендірілген көмір) қабылдау керек.
Шығарынды газдармен улану барысында келесі симптомдар:
бастың айналуы, құлақтың шулауы, терінің түсі ал қызыл болуы
байқалады. Зардап шегушіге таза ауа ағынын қамтамасыз ету және
мүсәтір спиртін иіскету керек. Ауыр жағдайларда адамның тіршілік
әрекетін қалпына келтіру шараларын қабылдау қажет.
Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін диагнозын анықтау және
дер кезінде медициналық көмек алу үшін медициналық мекемеге
жүгіну қажет.
1.3.
қосымшада
берілген
тәжірибелік
және
тест
тапсырмаларын орындаңыз.
|