96
Жарықтык пен қарама-қайшылықты қалыпты күйге
келтіру керек. Егер монитормен жұмыс істеу барысында
пайдаланушы жайсыздық сезінсе, экран кескінінің жарық және
қарама-қайшылық параметрлерін дұрыстау керек. Бұны
монитордың
алдынғы
панелінде
орналасқан
сәйкес
батырмаларды таңдау арқылы жасауға болады.
Көз жанарын сақтау мақсатында аса көлемді немесе шағын
жарықтық пен қарама-қайшылық орнатпауға кеңес беріледі.
Операциялық
жүйелермен
және
бағдарламалар
терезелерімен жұмыс істеу барысында стандартты түс
схемаларын пайдалану, сондай-ақ аса жарық тітіркендіргіш
түстерді қолданбау ұсынылады (оларды қолдану жанарға
қосымша салмақ түсіреді және тез шаршауға ықпал етеді).
ЭСТ-мониторының экраны мен қаңқасынан 0,05 м
қашықтықтағы кез келген нүктедегі жұмсақ рентгендік
сәулеленудің экспозициялық мөлшерінің қуаты 100 мкР/с
аспауы керек; кері жағдайда бұндай мониторда жұмыс істеу
адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.
Монитор да, басқа техника секілді, күтімді қажет етеді.
Сонымен қатар, ол ұқыпты пайдалану мен алдын алу
шараларына мұқтаж. Тек сол жағдайда ғана монитор ұзақ
мерзім қызмет етіп, оған жұмсалған қаражат шығынының
орнын толтыруы мүмкін.
Монитор және басқа да визуалды ақпаратты көрсететін
құралдарға қалай күтім жасаған дұрыс болады? Біріншіден,
суға салынған, оған қоса сода, ацетон, басқа да жуғыш заттарға
немесе құрамына спирт қосылған басқа заттарға салынған
шүберекпен ешқашан сүртпеңіз, өйткені олардың ықпалы
жылтылдауға қарсы жабынға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол
көбінесе аталған заттардың барлығы оның үстінде кепкеннен
кейін шытынап кетеді.
Одан өзге, мониторды қосқан кезде электрондық-сәулелі
түтікте бірнеше киловольт жоғарғы кернеу пайда болатынын
есте ұстау қажет. Сондықтан компьютер қосылып тұрған кезде
оның артқы жағына жанасуға, шаң сүртуге, компьютерде ылғал
қолмен жұмыс істеуге тыйым салынады. Бұл талаптардың
орындалмауы өкінішті салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: