Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет14/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

тимопоэтиндер. 
Екіншіден - 
тимозин туыстастығының гормондары 
(тимозин αI с м.м. 3108; βI с м.м. 8451; β2 с м.м. 4982
және т.б.). Бұл 
гормондар өте көп мөлшердегі глутамин және аспарагин қышқылынан 
тұратын салыстырмалы орташа молекулалық салмақты полипептидтер 
болып табылады. Олардың Т-лимфоциттердің дифференциялану үрдiсiне 
әсер механизмi, жасушаның маңызды реттегіштік жүйесi болып 
табылатын, лимфоциттердің циклдік нуклеотидтер (цАМФ, цГМФ) 
жүйесіне әсер етумен байланысты.


20 
Тимуста тимопоэтиндер мен тимозиндерден басқа, лимфоциттердің 
миграция, дифференциялану және пролиферация үрдiсiне әсер ететін 
бірнеше гуморалдық факторлар түзiледi. Бұл мысалы, тимикалық 
гуморалдық фактор, тимикалық сарысулық фактор және тағы басқалары. 
Тимустың эпителий жасушалары, сонымен бірге 
цитокиндер
түзедi: 
ИЛ-1, 6 және 7, колонистимулдеуші факторлар
(ГМ-КСФ, Г-КСФ, М-
КСФ).
Осы цитокиндер арасында тимоциттер дамуы үшін маңыздысы
ИЛ-7 болып табылады, тимустағы қалған цитокиндердің әсері өзара 
алмастырушылық. 
Кейбiр 
жағдайда 
тимустың 
гематотимикалық 
деп 
аталатын 
тосқауылдың болуына байланысты тимустың ағзаның басқа мүшелер және 
жүйелермен әрекеттесуi шектелген. 
Тимус 
тек 
қана 
Т-лимфоциттердің 
пiсiп-жетілуіне
мамандандырылған.
Бұл 
мүшенің 
морфологиялық 
құрылысының 
ерекшелігі: 
әр 
аймақта 
лимфоциттердiң 
әр 
түрлі 
жағдайдағы 
микроайналым 
болады. 
Нәтижесінде 
бұл 
жасушалар 
әртүрлі 
жасушааралық және гуморалдық әсер алады, яғни: 

Т-лимфоциттердің 
пiсiп-жетілуі, 
негізінде 
Т-лимфоциттер 
клонының түзілуіне әкелетін антигентанушы рецепторлардың 
пайда болуы, әрбiр Т-лимфоциттер клоны тек бір нақты 
антигенге ғана арналған;

қызметі әртүрлі Т-лимфоциттердің субпопуляциясының түзілуі;

Т-лимфоциттер 
клондарының 
сұрыпталуы, 
олар 
негізгі 
гистосәйкестік 
комплексiнiң 
өнімдері 
өзiндiк 
МНС–
антигендерiмен бірге бөтентектi пептидтерді анықтайды.
Туылған кезде нәрестелерде тимустың салмағы оның жалпы дене 
салмағының 1/300 бөлігін құрайды. 1-3 жас аралығында тимус біршама 
көлем мен белсенділікке жетеді (гормондар түзілуі, тимоциттердің 
дифференциялануы мен пролиферациясына көмектесу), кейін ол 
тұрақтанады. 20 жастан бастап біртіндеп үдемелi инволюциясы 
(салмағының азаюы) жылына белсендi тіннің 3%-на дейін жойылуымен 
жүреді. Атрофияға көбiне тимустың қыртыстық қабаты ұшырайды. Ал 
милық заты жартылай атрофияға ұшыраса да, бiраз бөлiгi сақталады. 
Адамда тимустың жасқа байланысты инволюциясы кезінде иммундық 
тапшылық жағдай қалыптасады, бұл кезде иммундық жүйеге тимус 
гормондарының препараттары қолайлы әсер етеді. Жалпы тимустың 
жастық инволюциясы иммундық жүйенің ескiруiне, ал ол аралық бүкіл 
ағзаның біршама дәрежеде қартаюын анықтайды деп есептеледі.
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет