11
организм қорғаныс қасиеттерін өндіретінін таза тәжірибе көрсеткен. Бірақ,
егудің бұл әдісі (вариоляция) көбінесе аурудың жедел өтуіне немесе
егілгендердің өліміне келтіргені анықталған. Ол
заманда бұл жағдайға
ғылыми түсінік берілмеген.
Иммунологияны ғылым ретінде классикалық және қазіргі заманғы
иммунологияға бөледі.
Классикалық иммунология Э.Дженнер мен
Л.Пастер
сияқты ғалымдар атымен байланысты. Бұл - негізінде
инфекциялық иммунология. Әрбір ғылыми ашулардың өзінің тарихы бар.
Барлық
ғылыми
ашулар
осының
алдында
жетілген
жетістіктер
нәтижесінде ашылады. Осылай, 1776 жылы дәрігер-зерттеуші Э.Дженнер
тәжірибелік иммунологияның негізін қалады. Ол ең алғаш вакцинация
әдісін қолданған. Э.Дженнер сиыр шешегі материалын балаға егу арқылы,
адамдардың инфекциялық аурулардан
босататын маңызды теориялық
және практикалық медицина бағытының негізін салды. Бірақ, Э.Дженнер
және оның пікірлері қолдануға ие болмады, өйткені олар тек ғана бір
ауруға байланысты болған, ал егу толығымен ғылыми дәлелденген жоқ.
Егу урдісінің теориясының фундаменті бірінші егуден соң тек 85
жылдан
кейін пайда болды, ол теориялық иммунологияның негізін салды. 1881
жылы Пастер Париж академиясында ең алғаш инфекциялық ауруларды
аттенуацияланған микробтармен иммунизациялау арқылы алдын алуға
болатынын жариялады.
Негізі химик болып, Л.Пастер медицина мен
биологияға химиялық тәжрибелердің нақтылығы мен ойын енгізді. Бұл
қазіргі физико-химиялық, молекулалы биология мен биотехнологияның
дамуы кезінде өте маңызды. Л.Пастер ғылым
мен тәжірибенің дамуын
көптеген жылдарға кешіп өткізді. Егу арқылы емделмейтін ауыр дерттің –
құтырудың дамуын алдын алудан кейін ғана Пастер қолдау тапты. 1886
және 1887 жылдар арасында егу арқылы құтырудан 2,5 мыңнан аса адам
құтқарылды. Л.Пастердің вакцина алу және егу принциптері жақсы дамып,
макро- және микрорганизмнің қарым-қатынасы арқылы ғылыми зерттелді.
Иммунизация ғылымы мен тәжірибелерінің жылдар бойы дамуы
нәтижесінде көптеген бактериялық және вирустық инфекцияларға қарсы
эффективті вакциналар жасалған және қолданылған. Иммунизация арқылы
көптеген ауыр инфекциялық аурулардың таралуы төмендегені байқалған.
Бұл
адамдардың әлеуметті дамуын, орта өмір сүру жасының ұзаруын
қамтамасыз етті. Көптеген ашылған жаңалықтарға қарамай, Л.Пастердің
иммунитет табиғатына сол уақыттағы биология мен медициналық
жетістіктерінің
дәрежесіне
байланысты
көзқарасы
шектеулігімен
ерекшеленеді. Оны өлімінен кейін біраз уақытқа
дейін иммунитетті тек
инфекциялық ауруларға қарсы тұрушылық деп түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: