49
олардың едәуір бөлігін бос кеңістік алып тұрады. Сондықтан борпылдақ
кристалдардың тығыздығы өз сұйықтарының тығыздығынан азырақ бо-
лады. Мысалы, қалыпты атмосфералық қысымда және 0
о
С
температу-
рада тұрған судың тығыздығы
r
су
= 999,84 кг/м
3
, ал мұздың тығыздығы
r
мұз
= 920 кг/м
3
шамаларына тең.
Суға қарағанда мұздың жеңіл болуы мұхиттар мен теңіздердегі тірші-
лік иелері мен өсімдіктер дүниесі үшін зор маңызы бар. Жылуөткізгішті-
гі нашар мұз бен қар қабаты ұзақ айларға созылатын қатты аяздардың
өзінде судың температурасын 4
о
С-ден төмен түсірмей ұстап тұрады.
4.
Кристалл денелердің (мысалы, мұздың) балқу барысын термометр-
мен қадағалайтын болсақ, қызық құбылысты байқаймыз.
Жылу беріп
қыздырған кезде мұздың температурасы әуелі көтеріле бастайды (су-
рет 2.3). Содан кейін жылу беру процесі жалғаса берсе де, температура
көтерілуін доғарып, кристалл әбден балқып болғанша тұрақты сақталады
(мұз үшін мұндай температура 0
о
С-ге тең).
Достарыңызбен бөлісу: