Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет54/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   239
Балқу
деп заттың қатты күйден сұйық күйге өту процесін ай-
тады. 
3.
Қатты денелердің басым бөлігінің молекулалары олардың сұйық
күйлеріндегі молекулаларына қарағанда тығызырақ орналасады. Сон-
дықтан олардың қатты күйдегі кристалдары өз сұйықтарының түбіне 
орналасады. Расында да, кез келген металдың қатты бөлігін оның 
сұйытылған балқымасына салатын болсақ, ол батып кетеді.
Сондай-ақ кейбір кристалдар қатты күйінде өз сұйықтарының 
бетінде қалқып жүреді (сурет 2.1). Ондай кристалдарға шойын, висмут, 
галлий, мұз жатады. Мұндай крис талдар борпылдақ келеді, өйткені 
Сурет 2.1. Мұзтау (айсберг) Сурет 2.2. Шыныүрлегіш
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


49
олардың едәуір бөлігін бос кеңістік алып тұрады. Сондықтан борпылдақ 
кристалдардың тығыздығы өз сұйықтарының тығыздығынан азырақ бо-
лады. Мысалы, қалыпты атмосфералық қысымда және 0
о
С температу-
рада тұрған судың тығыздығы 
r
су 
= 999,84 кг/м
3
, ал мұздың тығыздығы
r
мұз 
= 920 кг/м
3
шамаларына тең.
Суға қарағанда мұздың жеңіл болуы мұхиттар мен теңіздердегі тірші-
лік иелері мен өсімдіктер дүниесі үшін зор маңызы бар. Жылуөткізгішті-
гі нашар мұз бен қар қабаты ұзақ айларға созылатын қатты аяздардың 
өзінде судың температурасын 4
о
С-ден төмен түсірмей ұстап тұрады.
4. 
Кристалл денелердің (мысалы, мұздың) балқу барысын термометр-
мен қадағалайтын болсақ, қызық құбылысты байқаймыз. Жылу беріп 
қыздырған кезде мұздың температурасы әуелі көтеріле бастайды (су-
рет 2.3). Содан кейін жылу беру процесі жалғаса берсе де, температура 
көтерілуін доғарып, кристалл әбден балқып болғанша тұрақты сақталады 
(мұз үшін мұндай температура 0
о
С-ге тең).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет