156
Көпше форма
– заттың көп екендігін немесе көптік түрде
қолданылатынын білдіретін категориялық форма.
Модальдылық
(латын. модальды) – айтылған пікірдің шындық
болмысқа, сонымен бірге оған сөйлеушінің əртүрлі субъективтік
бағасын білдіретін функционалды-семантикалық категория.
Модаль сөздер
– айтылған пікірдің шындық болмысқа қатысы тура-
лы сөйлеушінің көзқарасын білдіретін сөздер.
Морф
(грек. форма д.м.) – мəтіннің морфемдік деңгейде əрі қарай
жіктеуге болмайтын маңызды шағын бірлігі, морфеманың мəтіндік
көрінісі.
Морфема
– əрі
қарай жіктелмейтін, ең кішкентай белгі ретінде таны-
латын негізгі тіл бірліктерінің бірі.
Морфология
(грек. форма жəне сөз туралы ілім д.м.) – сөздер мен
сөз тұлғалардың құрылымын, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін тіл
білімінің бір саласы.
Морфологиялық парадигма
– сөздің грамматикалық мағынасы мен
əртүрлі қосымшалар жалғану арқылы тұлғасының
өзгеруі арасындағы
сəйкестіктен жасалған модельдер, схемалар.
Нөлдік форма
– сөйлемде кейбір сөздердің арнайы грамматикалық
формасыз-ақ грамматикалық мағына білдіруі.
Парадигма
– 1. Кең мағынада бір-бірінен ерекшеленіп келетін, со-
нымен бірге бəріне ортақ белгілері арқылы біріккен кез келген тілдік
бірліктер тобы; 2. Осындай топтар мен жиынтықтардың жасалу үлгісі
мен схемасы; 3. Неғұрлым тар мағынада – морфологиялық парадигма
терминінің синонимі.
Прономиналдану
– басқа сөз табына жататын сөздердің есімдікке ай-
налуы.
Септеу
– 1) есім сөз таптарының түрленуі; 2) жекеше,
көпше септік
формаларының жиынтығы.
Септік жалғауы
– сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланысты-
рып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі
жалғанған сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымша.
Септеулік шылаулар
– толық мағыналы сөздерге тіркесіп, əртүрлі
грамматикалық қатынасты білдіретін шылаулар.
Синтетикалық форма
(грек. қосу, құрастыру) – сөздің негізіне
қосымшалардың жалғануы арқылы туатын, яғни аффикстік тəсілмен
жасалатын сөз формасы.
Сөз табы
– өздеріне тəн
лексика-семантикалық, морфологиялық
жəне синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категория-
лары бар сөз топтары.
Сөзтұлға
– белгілі бір грамматикалық тұлғада тұрған сөз.
157
Субстантивтену
– басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге
айналуы.
Тəуелдік жалғау
– бір заттың басқа бір затқа тəуелді, меншікті екенін
білдіретін, зат есімнің тəуелдеу категориясының қосымшасы.
Тəуелдеу категориясы
– заттың үш жақтың біріне меншікті екенін
білдіретін грамматикалық категория.
Транспозиция
(латын. орын алмастырушы) –
парадигмалық
қатардағы бір форманы одан өзгеше басқа форма орнына пайдалану;
кең мағынада кез келген тілдік форманың ауысуын; тар мағынада бір
сөз табындағы сөздің басқа сөз табына ауысуын не сол сөз табының
қызметін атқаратынын білдіреді.
Формант
(латын. жасаушы, тудырушы) – 1) аффикс мағынасында; 2)
сөзжасамдық жəне сөз түрлендіргіш қосымшалардың бірігуінен туған
сөздің күрделі формасы.
Достарыңызбен бөлісу: